Т.Ә. ТӨлебаев қосалқы тарихи пәндер ІІ бөлім Оқу құралы Алматы



бет17/51
Дата25.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#105304
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Байланысты:
annotation16475

Қазақ жазуының тарихынан


Есікті жазбасы

1970 жылы Алатау етегіндегі Есікті қаласы маңындағы б.з.б. Ү ғасырға тән сақ қорымында жүргізілген археологиялық қазба жүмыстары барысында алтын киіммен жерленген сақ жауынгерінің мәйіті табылды. Қазақ тарихы үшін ғана емес, бүкіл адамзат тарихы үшін де тамаша деректік мәліметтер берген бұл жерлеу орнынан сонымен қатар әртүрлі заттар да кездесті. Солардың бірі жазулары бар күміс тостаған болды. Онда руна жазуына ұқсас 26 таңба ойылып жазылған екен. Сондықтан, бұл жазуды кейінгі Орхон-Енесай жазуларының негізі болып табылады деп те есептеуге болады. Сақ жазуының түрі, ерекшеліктері туралы мәселелер толық анықталмағандығына қарамастан, оның тілі түрік тіліне негіз болғандығы айқындалды. Есікті жазуының негізінде мынандай қорытынды жасауға болады: біріншіден, б.з.б. Ү ғасырдың өзінде сақтарда жазу, әліппи болған, екіншіден, сақтар тілі ҮІ-ҮІІ ғасырлардағы түріктер тілінің негізі болып табылады. Демек түріктер сақ тілдес болған және сонау б.з.б. Ү-ғасырдың өзінде сақтардың жоғары өркениетті дамуды бастан кешіргендігін айқындайтын жазу жүйесі, әліпбиі болған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет