Жарнама
Ең алғаш жарнама жұмысын 1841 жылы ағылшын азаматы Волни Пальмер ашты. Ең үлкен жарнамалық агенттіктің бірін XIX ғасырда Джордж Роуел басқарды. Әлемнің әр түкпірінде жарнама жасаумен айналысатын арнайы компаниялар құрыла бастады. Бұл жарнама бизнесінің дамуына үлкен әсер етті. Мысалы: «Хайнс», «Американ тобакко», «Проктер энд Гэмбл» т.б.осының үлкен дәлелі. Қашан да тұтынушылар жарнамасы сәтті сауда маркаларын қолдайды.
Жарнамалардың жылдам дамуына байланысты ХІХ ғасырда тек қана жарнамалық сипаттағы көлемді журналдар шыға бастады. 1885 жылы жарнамалық журналдардың таралымы 100000 данаға дейін жетті, ал 20 жылдан кейін жарнамалық журналдың бұл көрсеткіші бес миллионға жетті.
Джон Ласкер — жарнамамен қамтамасыз ету агенттігінің атасы деп аталады. Д. Ласкер басқаратын «ЛОРД ЭНД ТОИАС» ең үлкен жарнамалық агенттік болып саналады.
ХХ ғасырдан бастап жарнама жаңа бағытта дами бастады. 1986 жылы газет бетіндегі жарнамаға 27миллиард доллар жұмсалса, қазіргі таңда ол бес есеге ұлғайды.
Жарнама тарату тәсілдері мен түрлері:
— қала көшелерінде ілінетін суретті жарнамалар;
— қала көшелеріндегі ауыспалы-аудармалы көп нұсқалы жарнамалар;
— қала көшелеріндегі арнайы экран арқылы ұлғайтылған ролик жарнамалар;
— бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін ролик жарнамалар;
— мерзімді басылым беттерінде жарияланатын фото жарнамалар;
— киімге салынатын сурет жарнамалар;
— шаруашылық тұтыну заттарына (сіріңке қорабы, сумка-пакеттер) салынатын сурет жарнамалар;
— кітап, дәптер, альбомдардың сыртқы мұқабасына салынатын сурет жарнамалар;
— күнтізбеде салынатын сурет жарнамалар;
— плакаттарға салынатын сурет жарнамалар;
— визит карточкаларына салынатын жарнамалар;
Жарнаманың қызметі:
— тауардың өтімділігін арттыру;
— коммерциялық мақсатта;
— жұртшылықты белгілі бір өніммен таныстыру, құлағдар ету;
— тілдің қолданыс аясын кеңейту;
Жарнаманың ерекшелігі:
— насихаттылығы;
— тартымдылығы;
— дәлдігі;
— түсініктілігі;
— тосындылығы;
— көркемділігі;
— мазмұндылығы;
Жарнама түрлері мен құралдары
Тұтынушыға жарнама әр түрлі құралдар арқылы жетеді. Жарнама түрлерін былайша жіктеуге болады:
Мақсаттық белгіленуіне қарай:
— тауарлар мен қызметтер жарнамасы;
— идея-ойлар жарнамасы;
— пайда алу үшін бағытталған коммерциялық жарнама;
— пайда алуды көздемейтін коммерциялық емес жарнама
Мақсатты бағытына сәйкес жарнама типтері.
1) Марка жарнамасы тұтынушылардың тауар маркасы туралы хабардар болуына және фирманың нарықтағы үлесін арттыруға бағытталған. Оның мақсаты – бәсекелес марканың сатып алушыларын үйіру арқылы таңдамалы сұранысты ынталандыру.
2) Тауар жарнамасының мақсаты – жалпы тауар категориясына алғашқы сұранысты ынталандыру. Мұндай жарнама салалық өткізуді өсіруге бағытталған болса, марка жарнамасы осы өткізу көлемінен өзі үлесін бөліп алуға арналған.
3) Корпорация немесе компания жарнамасы олардың бейнесін жасауға бағытталған.
4) Бірлескен жарнамада өндіруші бөлшек саудагерлердің тауарды жарнамалауға кеткен шығындарының орнын толтырады.
Имидж жарнаманың негізгі мақсаты – адамдар санасында тауардың немесе фирманың жағымды бейнесін жасау, ал ынталандырушы жарнаманың мақсаты – тауарлар мен қызметтердің өткізілуін ынталандыру.
Практикалық мақсаттар үшін ең ыңғайлысы — өткізу арналары арқылы жарнаманы жіктеу.
Баспа жарнамасы – ол тек көріп, қабылдауға арналған жарнамалық-каталогтық басылымдар (каталог, проспект, буклет, плакат, листовкалар) және жарнамалық-сыйлықтық басылымдар (үстелге қоятын және қабырғаға ілінетін фирмалық күнтізбелер, іс күнделіктері, жазу кітапшалары, қалта күнтізбелері, т.б. жатады). Баспа жарнамасының мақсаты-болашақ сатып алушыларды жарнамаланған фирма тауарларымен толық таныстыру.
Баспасөздегі жарнама. Бұл – хабарландыру және шолу-жарнама жарияланымдары сипатында баспасөзде жарияланған әр түрлі жарнамалық материалдар (мақалалар, репортаж, шолу т.б.). Басылымның маңыздылығы оның кезеңділігіне, жарнаманың осы басылымдағы орнына және көлеміне байланысты болады.
Радиожарнама. Негізгі түрлері – радиохабарландырулар, радиожурналдар, радиорепортаждар, радиороликтер.
Тележарнама. Ең танымал түрлері: телеролик, телехабарландыру, жарнамалық бағдарламалар, бағдарлама арасындағы телезаставкалар.
Аудиовизуалды жарнама. Бұл – жарнамалық роликтер, жарнамалық-техникалық фильмдер, жарнамалық-беделді фильмдер, бейне фильмдер және слайдтар.
Сыртқы жарнама. Бұл – көру сезімі арқылы қабылданатын жарнама. Негізінен бұл жарнама тұтыну тауарлары үшін қолданылады. Қалың көпшілікке арналған. Оның түрлері: жарнамалық тақталар, афишалар, транспаранттар, түрлі-түсті жазбалар, билбордтар, экрандар, дүкендер сөресі, фирмалық жазулар.
Көліктегі жарнама. Бұл – автобус, троллейбус және тағы басқа көлік түріне орналастырылатын жарнамалық мәліметтер, хабарландырулар.
Тікелей пошталық жарнама – жарнамалық хабарларды тұтынушы мекен-жайына жарнама хаттар немесе хабарландыру-ақпараттық материалдардың басылымдары ретінде жіберу.
Жарнама сувенирлері – фирма қызметін таныту үшін қолданылатын фирмалық сувенирлер, сериялық сувенирлік заттар, сыйлықтар, фирмалық орамалар.
Компьютерлендірілген жарнама. Жарнаманың бұл түрі шетелде жақсы дамыған. Ол компьютерлендірілген ақпарат және кабельді теледидар арқылы жүргізілетін жарнама.
Интернет арқылы жарнама. Өзінің жеделдігіне, қайталануына және таратылуының ауқымдылығына байланысты баспасөздегі жарнаманың ең тиімді құралы болып табылады.
Жалпылама сұраныстағы тауарлар мен қызметтер үшін радио және тележарнама тиімді болып табылады.
Тележарнама – жарнаманың ең қымбат түрі және оның бағасы әр кезде өсіп отырады.
Жарнама тәсілінің ең қарапайым түрі – жарнама хабарларын поштамен тарату.
4.9-тақырып. Құттықтау. Шақыру
Жоспары:
1 . Тілек
2. Шақыру
Тілек — ықылас, ниет. Ниет — қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекеттенуге және оған іштей ұмтылу. Ниеттің жүзеге асуы материалданған сипатта болады. Тілек — адамның бір іс-әрекетті, ой-пікірді іске асыруға ниет білдіруі. Адам тілегі арқылы алға қойған мақсатын іске асыруға жоспар жасап, әрекетке бағыт-бағдар алады. Тілек — іс-әрекеттің бастау бұлағы. Ол адамды қарекетке, ойға алған, алға қойған жоспарын іске асыруға бағыттаушы саналы әрекеттің ұйытқысы. Бұл жағдайда оның іс-әрекет объектісі санасынан орын алып қана қоймайды, оны іске асырудың мүмкіндік жолдары да айқындала түседі
Достарыңызбен бөлісу: |