Техникасы мен технологиясы



Pdf көрінісі
бет31/80
Дата13.01.2022
өлшемі0,66 Mb.
#129301
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80
Байланысты:
табиги суларды тазарту адистери
окончательный диплом, билеты экология, 116010
Мембрандық 
процестер 
туралы 
түсінік.
 
Кері 
осмос 
жəне
ультрафильтрация – диализ  жəне  электродиализ  əдістері  де  жататын, сұйық
системаларды бөлудің мембранды əдістері. Көрсетілген əдістердің кез келгенін
қолданғанда, бөлу  процесі  төмендегіше  жүзеге  асырылады. Бөлінетін  ерітінді
жартылай  өткізгіш  мембранамен беттесу  үшін, оның  бір  жақ  бетінен  беріледі.
Мембрананың  ерекше  қасиетінің  нəтижесінде, ол  арқылы  өткен  қоспаның
құрамында  компоненттердің  біреуінің  мөлшері  өседі. Кей  жағдайда  процестің
толық  жүретіндігі  соншалықты, өнімде  мембрана  жібермей  ұстап  қалатын
қоспа мүлдем болмайды.
Кері  осмос  процесін  əр  түрлі  кəсіпорындардың  су  дайындау  жүйелерінде
жəне  ағынды  суларды  тазартуға  да  қолданады. Кері  осмос  əдісі  ерітіндіні
қысым  арқылы, еріткішті  ғана  өткізетін, еріген  заттардың  молекулаларын
толық  немесе  біртіндеп  ұстап  қалатын, жартылай  өткізгіш  мембраналармен
фильтрлеу арқылы жүреді. Көрсетілген процесс осмос құбылысына – еріткіштің
жартылый  өткізгіш  мембрана  арқылы  ерітіндіге  өздігінен  өтуіне  негізделген.
Тепе-теңдік  пайда  болатын  қысым  осмос  қысымы  деп  аталады. Ерітінді
жағынан  осмос  қысымынан  артық  қысым  берілсе, еріткіш  кері  бағытқа  қарай
өтеді. Сондықтан процесс «кері осмос» деп аталады.
Кері  осмос  жəне  ультрафилтрация  əдістерінің  ағынды  суларды  тазартуда
қолданылуы. Кері  осмос  жəне  ультрафильтрация  əдістері  ағынды  сулардан
эмульгирленген  майларды, фенолдарды, ауыр  металдардың  иондарын  жəне
басқа да ластаушы заттарды тазарту үшін қолданылуы мүмкін.
Ағынды  сулардан  эмульгирленген  майларды  бөліп  алу  үшін,
ультрафильтрация  əдісі  қолданылады. Физикалық-химиялық  тұрғыдан  бұл
системалар «судағы  май» түріндегі  эмульсия  болып  табылады. Шығу  тегіне


55
байланысты  бұл  сулардағы  рН  мəні 4 – 13 аралығында  ауытқиды,
температурасы  жоғары (60
0
С  дейін), ластаушы  заттардың  химиялық  жəне
фазалық-дисперстік  құрамы  алуан  түрлі  болып  келеді. Бұлар  өздігінен
эмульгирленетін, кинетикалық  жəне  термодинамикалық  тұрақты  коллоидты
системалар болып табылады.
Ультрафильтрация  эмульгирленген  майдың, жəне  басқа  да  заттардың
бөлшектерін  ұстауға  мүмкіндік  береді. Құрамында 30 -50 пайыз  май  бар,
алынған  концентрат  қосымша  тұндырылғаннан  кейін, өртеуге  немесе
утилизацияға жіберіледі.
Сумайлы  эмульсияны  ультрафильтрация  əдісімен  тазартудың  типтік
схемасының  құрамына  алдын  ала  өңдеу, ультрафильтрация  стадиясы  жəне
соңғы  стадия  кіреді. Алдын  ала  өңдеу  процесінде  су  майлы  эмульсияны  жəне
жұмыс  істеп  шыққан  жуғыш  ерітінділерді  ұстағыштар, тор  немесе  магнитті
фильтрлерден  өткізеді. Ультрафильтрация  стадиясында  май  ағынды  суда
берілген  шекке  дейін  қоюланады. Концентраттың  көлемі  əдетте  бастапқы
ерітіндінің көлемінің 10 пайызынан аспайды. Көбінесе құбыр тəрізді фильтрлеу
элементтері  қолданылады. Ағынды  сулардың  концентратын  өңдеудің  соңғы
сатысы оны тұндырудан жəне бөлуден тұрады.
Ультрафильтрация  əдісін  судан  эмульгирленген  майларды  бөліп алу үшін
қолданғанда  су, жуғыш  заттар, химиялық  реагенттер, жылу, жаңа  жуу
ерітінділерін  дайындауға  жұмыс  шығыны  үнемделеді, тұйық  циклді
экологиялық  қолайлы  технологиялық  схема  жасалады. Мембранды  əдістерді
ағынды  сулардан  ауыр  металдардың  иондарын  бөліп  алу  үшін  де  қолдануға
болады.
Осындай  ағынды  суларды, еріген  төменгі  молекулалы  компоненттерді
жаңа  ассоциацияланған  молекулалық  немесе  коллоидтық  жағдайға  өткізуге
негізделген, реагентті  немесе  мицеллярлік-күшейтілген  ультрафильтрация
əдістерімен  тазартқан  тиімді. Ассоциацияланған  форма  арғарай  саңылаулы
мембранада  бөлініп  алынады. Берілген  əдіс  өзіне  төменгі  жұмыс  қысымында
жоғары  өнімділікті  жəне  селективті  бөлу  арқылы  суды  иондық
компоненттерден тазарту қабілетін біріктірген.
Негізгі əдебиет: 1[540-589], 2[332-340], 3[196-232], 5[408-418].
Қосымша  əдебиет: 6[8-28, 108-124, 159-215], 13[89-94], 17[1-15], 28[206-
219].
Бақылау сұрақтары:
1. Ағынды суларды биологиялық тазарту əдісі неге негізделген?
2. Ағынды суларды аэротенктерде тазарту əдістерінің жетістіктері.
3. Ағынды  суларды  аэротенкте  жəне  биофильтрде  биологиялық
тазартудың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары.
4. Активті ил дегеніміз не?
5.Ағынды суларды  аэротенкте тазартудың технологиялық схемалары.
6. Ультрафильтрация жəне кері осмос əдістерін ағынды суларды тазартуда
қолдануға мысал келтіріңіздер.


56


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет