Технология сабағында жобалау әдiсiн қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту Кiрiспе



бет1/16
Дата22.08.2017
өлшемі5,98 Mb.
#23858
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Технология сабағында жобалау әдiсiн қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту
Кiрiспе

Оқушы алған теориялық бiлiмiн iс жүзiнде қолдана отырып, оны өмiрiмен, өзiнiң iс-әрекетiмен байланыстыра бiлгенде ғана, өзiне де пайдасын тигiзе алады...

Шығармашылық – бұл адамның өмiр шындығында өзiн-өзi тануға ұмтылуы, iзденуi. Өмiрде дұрыс жол табу үшiн адам дұрыс ой түйiп, өздiгiнен сапалы, дәлелдi шешiмдер қабылдай бiлуге үйренуi керек. Адам бойындағы қабiлеттерiн дамытып, олардың өшуiне жол бермеуге, оның рухани күшiн нығайтып, өмiрден өз орнын табуға көмектеседi. Өйткенi, адам туынды ғана емес жаратушы да.

Iс тәжiрибе көрсеткенiндей технология сабағында оқушылардың шығармашылық, зерттеушiлiк қабiлетiн дамыту мақсатында жүргiзiлген жұмыстар оқушыларды заман талабына сай еңбекке баулу, бiлiм беру, алған теориялық бiлiмдерiн практикада ұштастыра отырып, iс - жүзiнде орындап шығумен бiрге оқушының ой - өрiсiн дамытып, бiлiмдi тереңiрек меңгеруге жәрдемдеседi. Оқушының алған бiлiмдерi алдағы өмiрлерiне жол ашып, олардың қабiлеттерiмен ұштастырып, өз қолдарымен кез - келген нәрсенi жасай бiлудi үйрену, өздерiне керектi заттарды өз қалаулары бойынша, тiптi қажетсiз деген заттың өзiн пайдалы нәрсеге, әдемi сыйлыққа айналдыра бiледi. Адам баласы еңбек ету үстiнде бiр сәт өзiмен - өзi болып, көңiл - күйi орнына түсiп, шаршағаны басылады. Сапалы бiлiм берумен қатар еңбекке баулу, үйрену аса қажет. Оқушылардың өнерлi болуы қоғамдық өмiрге үлкен әсерiн тигiзедi. Сондықтан әр сабақта мәселен, бисермен тоқу аппликация өнерi панно жасау, жұмыртқа қабыршағымен жұмыс iстеу, квиллинг (қағаз пластикасы), тоқыма тоқу, iс тiгу және т.б. оқушыларды қызықтырады және оның жасалу жолдарын үйренуде жаңа технологияны пайдаланып, әр түрлi әдiс - тәсiлдер арқылы өнер мен бiлiм беру iсiн бiр-бiрiмен ұштастыра жүргiзедi. Оқушылар меңгерген iс- тәжiрибелiк әрекеттер жүйесiн көрсете бiлумен қатар эстетикалық талғамға, еңбек сүйгiштiкке ие болады. Нәтижесiнде мақсат қоюшылыққа және шығармашылыққа тартыла отырып жобаны тани бiлуге, он саусағынан өнерi тамған шәкiрттердiң шеберлiгiн, бiлiм мен еңбегiн, iскерлiк, икемдiлiк қабiлеттерiнiң артқанын, тәрбиелiк дағдысының калыптасып, еңбектену жұмысына төзiмдiлiгiн көремiз.

Аннотация

Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесi сапамен өлшенедi. Жаңа заман мұғалiмi «дайын» бiлiм көзi ғана болмай, оқушылардың танымдық iс - әрекетiнiң ұйымдастырушысы және үйлестiрушi бола бiлуi, бiлiмнiң құндылық ретiндегi сипатына терең мән беруi, нәтижеге бағытталған бiлiм беруде жаңа жолдар мен әдiстер табуға дағдыланған маман болуы қажет.

Мұғалiм дамыта оқыта отырып, әр түрлi әдіс тәсiлдердi қолдану арқылы баланы шығармашылық бағытта тәрбиелей отырып, жан - жақты жұмыс жүргiзу керек. Бiздiң бүгiнгi ұсынылып отырған жұмыстарымыз осы мақсатты көздейдi. Өзiмiздiң бiр жылғы iс тәжiрибемiздi сiздермен бөлiскелi отырмыз. Оқушылардың технология сабағында өз қолдарымен жасаған бұйымдарын аз да болса, нұсқа деп жариялап отырмыз.

Технология сабағы тұнып тұрған өнер. Осы өнердi оқушы бойына кiшкентай сыныптардан бастап дарытуымыз керек, яғни оқушы бойындағы шығармашылықты дамыту - үздiксiз құлшыныс, ол ұдайы өшпей, күннен – күнге дами түсуi қажет... «Шығармашылық қан түйiршiктерiн жiпке тiзгендей еңбек етудi қажет етедi, осыны балаға ерте бастан ұқтыру керек». Сонда ғана оқушы бойында бiлiм нұры тасып, оқушы дүние танымы одан әрi арта түсерi анық.



Аталмыш жұмыстың мақсаты: Заманауи сабақты оқыта отырып, ғылыми танымның нәтижелерiн ғана емес, сол нәтижелердi алу үрдiсiн меңгерту, оған оқушының интеллектуалдық, уәждiк, эмоционалды және т. б. басқа орталарын қалыптастыру мен дамыту, оның жеке қабiлеттерiнiң дамуымен бiрге проблемалық - дамытушы оқытуда оқушыларға ғылымның дайын қорытындыларын бере отырып, баланың жалпы дамуына көңiл бөлу.

Мiндеттерi: бiлiм алушыларды өмiрдiң үнемi өзгерiп отыратын жағдайына дайындау;. бiлiм алушының жаңа ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру; ақпараттық ресурстарды, информатиканың заманауи құралдары мен ақпараттық технологияларды өзiнiң өмiрi мен дамуын қамтамасыз ету мүддесiмен қалыптастыру және пайдалану; интеллектуалдық және шығармашылық әлеуеттi барынша дамыту.

Жобаның жаңашылдығы: XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негiзгi проблемаларының бiрi «Бiлiм бүкiл өмiр бойына» қағидасын жүзеге асыратын бiлiм жүйесiнiң ұйымдық құрылымдарына iздеу болып табылады.

Дьюидiң айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңiл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, сыни тұрғыдан ойлауға итермелейдi, яғни «нақты бiр мәселенi қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзiндiк iздеу арқылы оқушы шын мәнiнде ойланады». Осыдан сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабiлеттi жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше.

Жобаның өзектiлiгi: өзiнiң және қоғамның мүддесiне өзiн – өзi белсендi етуге дайын, бәсекеге қабiлеттi, шығармашылық таныммен тiкелей қарым – қатынас жасай алатын шығармашыл тұлға қалыптастырып, практика жүзiнде iске асыру.

Жобаның тиiмдiлiгi: көзбен көрiп, құлақпен естiп, есте сақтай отырып оқушыны iзденiске, iскерлiк пен танымдық қызығушылыққа, шығармашылық қабiлеттi жетiлдiру арқылы түрлi мәселелердi шеше бiлуге , тапқырлыққа, жаңа ғылыми iзденiске жетелейдi.

Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл сайын мұғалiмнiң көмегiмен орындайтын өзiндiк жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәнi бойынша жүргiзiлген шығармашылық жұмыс. Шығармашылық жобаның технология пәнiнде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды. Оқушылар санасына жас кезiнен бастап еңбек етуiнiң қажеттiлiгiн, маңыздылығын сiңiру, пайдалы iс жасауға, қандай iс болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға дағдыландырады.

Жобаның негiзгi бөлiктерi:

1. Мiндеттiң қысқаша анықтамасы:

а) берiлген бұйым кiмге арналған;

б) арналған бұйымның қажеттiлiгi.

2. Бұйымды дайындауға кiрiспес бұрын:

- ненi мiндеттi түрде жобалау керек.

3. Бұйымның дайындалуы. Кез-келген жағдайда жұмыстың мақсат, мiндеттерi оның басты бағытымен анықталады.

4. Бұйымды байқау және бағалау.



Жобаның орындалу бiрiздiлiгi:

1. Iздену кезеңi;

2. Жобаның тақырыбын таңдау және жаңашылдыққа бет бұру;

3. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау;

4. Жоба идеясы мен тақырыбы туралы сыныптастарымен және мұғалiмдермен бiрге талқылау;

5. Жобаның тақырыбы мен идеясын бекiту. Сызбаны және технологиялық картаны дайындау.

Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойларын еркiн айтатын болғандықтан, оларда түрлi пiкiрлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын мүмкiн қате немесе шала ойларын шыдымдылықпен тыңдап, оқушыларды сенiмдiлiкке бастау мұғалiмнiң басты мiндетi.

Ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлы «Бала оқытуды жақсы бiлейiн деген адам әуелi балаға үйрететiн нәрселерiн өзi де жақсы бiлуi керек» деп тұжырымдағандай технология сабағын қызықты өткiзiп, оқушылардың шығармашылық ойлау қабiлетiн дамыту үшiн ең алдымен мұғалiм өзi шебер болу керек. Жан - жақты дамыған, әрқашан iзденiсте болған мұғалiм ғана қазiргi талапқа сай болатыны анық.



Технология сабағы – әрбiр оқушының рухани байытып, дүниетанымын қалыптастыратын бiрден - бiр пән. Технология пәнiнiң мұғалiмi өзiнiң лауазымдық мiндеттерiне сай еңбекке баулудың, тәрбилеудiң әдiстемесi мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүйелi жүргiзуi тиiс.

Технология пәнiн халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы айрықша. Себебi ол - бiлiм алушылардың еңбекке икемдiлiгi мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады. Мемлекеттiк бiлiм стандарттарына сәйкес еңбекке баулудың оқу жоспары мен үйiрме материалдарын құрастырады. Сонымен қатар, оқушыларды техникалық шығармашылыққа, халықтық , ұлттық өнердi жалғастыруға , ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа ұмтылысын дамытып отырады.

Технология пәнi мұғалiмiнiң кәсiптiк бағдарлау жұмыстарын үнемi тиiмдiлiкпен жүргiзiп отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс



жүргiзуде танымдық әрекеттiң репродуктивтi, продуктивтi түрлерiн қолданудың маңызы зор. Репродуктивтi - шығарамшылықты қажет етпейтiн, берiлген нұсқау бойынша орындалатын iс - әрекет. Продуктивтi - шығармашылық iзденiстер нәтижесiнде iске асатын iс - әрекет екенiн бiлемiз. Оқушылармен шығармашылық жобамен жұмыс жүргiзгенде, осы танымдық әрекеттердiң бәрi қолданылады. Продуктивтi танымдық әрекет нәтижесiнен игерген бiлiмдерiнiң конструктивтi және шығармашылық деңгейлерiн байқаймыз. Конструктивтi игеру деңгейi - стандарттан өзге, тыс алған, көрген, бiлген бiлiмдерiн пайдалану. Ал , шығармашылық игеру деңгейi - өз бетiмен мақсатты түрде iзденiп, зерттеп, қортындыланады. Жоба мен жаттығудың өзара айырмашылықтары бар. Жаттығуда оқушылар белгiлi практикалық бiлiктiлiктердi меңгередi. Жобалау барысында белсендi оқыту әдiстерiн пайдаланып оқушыларға жаттығулар орындату барысында бiлiктiлiктер мен дағдыларға қалыптасты. Сұранысты қанағаттандыру үшiн оқушылардың ойына келетiн дайындалатын бұйым туралы алғашқы идеялары талқыланады. Мысалы: қағаздан бұйымдар жасағанда,оқушылар, дизайн, әдемiлiк пен түс үйлесiмдiлiктерiне де мән берiлiп, эстетикалық талғамдары қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет