3.3 Эксцентрикті қысқы
Эксцентрик сынаның бір түрі. Экцентрік дөңгелек тетік, бірақ айналу центрі мен шеңбердің ортасы бір бірімен сәйкес емес. Олардың арақашықтығы е – эксцентриситет деп аталады. Кейбір эксцентриктердің сыртқы беттері Архимед спиралі не эвольвентамен сызылған. Технологиялылық тұрғыдан сыртқы беті шеңбер болса, онда тиімді.
Дөңгелек эксцентриктің негізгі өлшемдері:
D – эксцентриктің сыртқы бетінің диаметрі;
е – эксцентриситет;
L – тұтқа ұзындығы;
- эксцентриктің көтерілу бұрышы, осы эксцентриктің О айналу центрден бекітілетін тетікпен жанасу А нүктеге дейінгі радиусқа перпендикулярмен тетіктің жанасатын бетінің арасындағы бұрыш.
Достарыңызбен бөлісу: |