Тәжірибелік ашық сабақтың жоспары Пән: Хирургия және реанимациядағы мейіргер ісі Мамандық


Шынтақ буынына «Тасбақаның» (кездесетін) таңғыш салу іс-әрекетінің алгоритмі



бет4/6
Дата15.06.2023
өлшемі1,89 Mb.
#178854
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ò?æ³ðèáåë³ê àøû? ñàáà?òû? æîñïàðû Ï?í Õèðóðãèÿ æ?íå ðåàíèìàöèÿä
тесты-для-студентов-4курс-каз-380
Шынтақ буынына «Тасбақаның» (кездесетін) таңғыш салу іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Шынтақ буынның жоғары немесе төмен бөлігінің жарақаты.
Құжаттары: дәке, ені 20 см.
Іс-әрекетінің алгоритмі:

1.Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляциянытүсіндіру.
2.Қолды шынтақ буында 20°-қа бүгу.
3.Дәкенің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын - оң жақ қолға, сол жақтан оң жаққақарай бинттеу.
4.Бинтті білектің жоғарғы бөлігіне орналастыру.
5.Білек аймағында 2 бекітетін тур жасау.
6.Шынтақ буынды айналып, иықтың төменгі бөлігіне ауысу. Сегіз тәрізді айналымнан шынтақ буынға дейін біртіндеп жинау.
7.Шынтақ буынды жабу, байламның бас жағына қарай орналасытыру.
8.Бинтгің шетін кесіп, байламды бекіту, түйінмен байлап.

Есте қалдыру: Осындай әдіспен байлам тізе буынына салынады.

Иықтың сынуы кезінде Крамер шинасын салу техникасы» стандарты
Мақсаты:иықтың сынуы кезінде транспортты иммобилизациялау.
Көрсетім:сынық, иықтың шығуы.
Қажетті құрал-жабдықтар: Крамер сатылышинасы, бинт, мақта, ауыруды сездірмейтін дәрі, шприц, қайшылар, 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол, залалсыздандырылған қолғаптар.
Ескерту: Есте сақта! Шина салу 3 кезеңде жүргізіледі.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз.
2. Жүргізілетініс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
3. Қолдарыңызды спиртпен өңдеңіз және залалсыздандырылған қолғаптарды киіңіз.
4. Ауыруды сездірмейтін 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол уколын жасаңыз.
5. Жарақаттанған жерді қараңыз.
6. Сынықтың немесе буын таюдың барына көз жеткізіңіз.
7. Қолдарын орта физиологиялық жағдайға келтіріңіз.
8. Қолын шынтақ буынынан тік бұрыш астында иіңіз де, қолдарын кеудеге қарай жақындатыңыз.
9. Ұзындығы - 120см, ені – 11см Крамер сатылы шинасын таңдап алу керек.
10. Шинаны сау қолдардың үстінеқойып, саусақтардың түбінен шынтақ буынына дейінгі аралықты өлшеңіз.
11. Шинаны алып, салынатын буыннан шинаны тік бұрыш астында иіңіз.
12. Шинаны сау қолдардың үстіне қойып, шынтақ буынынан иық буынына дейінгі аралықты өлшеңіз.
13. Шинаны алып, салынатын буыннан шинаны доғал бұрыш астында иіңіз.
14. Шинаның бір шетіарқадан сау жауырынға дейін өтетіндей етіп шинаны салыңыз.
15. Шинаны сау қолдарда қалыптастырыңыз.
16. Шинаны зақымдалған қолдарға салыңыз.
17. Бұл ретте дәкелеу ережелерін басшылыққа ала отырып, шинаны бинт арқылы сау жауырынға дейін бекітіңіз.
18. Қолдарды жақсы бекіту үшін үшкіл орамалды таңғышын салыңыз.
Ескерту:- шина сау аяқ – қолдарда киімнің үстінен қалыптасады, шектес буындар қамтылады;
- иық және жамбас сүйектеріне 3 шектес буын қамтылады, ал білек пен сираққа 2 шектес буын қамтылады.
- шинаның ішкі беті мақтамен жабылып, бинтпен бекітіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет