Тексерген: Карасаев М. И


Ұйқы безі рагына қарсы қолданатын шипалы полихимиотерапия бейнемелері



бет16/16
Дата01.01.2022
өлшемі67,96 Kb.
#107540
түріРеферат
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Еркін С.Қ. Ұйқы безінің рагы-1
Еркін С.Қ. 506 Б Тыныс алу жүйесінің функцияларын кешенді бағалауға арналған аппарат, 3. Рентген синдр.пат. Легких.. Уч.пособие
Ұйқы безі рагына қарсы қолданатын шипалы полихимиотерапия бейнемелері (А.М.Гарин, И.С.Базин 2005).

1) GEMOX. Гемцитабин – 1500 мг/м2 көктамыр арқылы 1, 8 күндері;

Оксалиплатин – 85 мг/м2 көктамыр арқылы 1, 8 күндері;

Келесі оралымы 4 жұмадан кейін.

2) GR. Гемцитабин – 1000 мг/м2 көктамыр арқылы 1, 8 күндері;

Цисплатин – 25 мг/м2 көктамыр арқылы 1, 8 күндері;

Келесі оралымы 2 жұмадан кейін.

3) GF. Гемцитабин – 1000 мг/м2 көктамыр арқылы 1, 8, 15 күндері;

5 – фторурацил – 400 мг/м2 көктамыр арқылы жылдам (струйно), одан кейін 600 мг/

м2 22 сағаттық инфузия 1, 2 күндері;

Келесі оралымы 4 жұмадан кейін.

4) DG. Доцетаксел – 35 мг/м2 көктамыр арқылы 1, 8, 15 күндері;

Гемцитабин – 1000 мг/м2 көктамыр арқылы 1, 8, 15 күндері;

Келесі оралымы 4 жұмадан кейін.

Ұйқы безінің Лангерганс аралшықтарынан дамыған инсулинді бөлетін, резекциялауға болмайтын инсуломаға стрептозотоцин – 500 мг/м2 көктамыр арқылы1-5 күндері, доксорубицин – 50 мг/м2 көктамыр ақылы 1 және 21-ші күндері, келесі оралымы 6 жұмадан кейін тәулігіне 50-100 мкг сандостатин қолданылады.

Соңғы жылдары шетел әдебиеттеріндегі мәліметтер бойынша, ұйқы безіне резекция жасау мүмкіншілігі жоқ науқастарға сәулелік емді жарқашақталған әдіспен ошақтық сәулелік энергияның мөлшерін 60 Гр. және оған қоса гемцитабин (1000 мг/м2) мен цисплатинді (25 мг/м2) көктамыр арқылы 1, 8 күндері қолдану арқылы ісік көлемі науқастардың 30-35 % -да 50% жоғары кішірейеді, 60%-ында жалпы жағдайлары жақсарады, 50%-ы бір жылдан, 10%-ы екі жылдан артық өмір сүреді (А.М.Гарин, И.С.Базин, 2005).Ұйқы безінің пісіп-жетілмеген ацинарлық рагына субтоталдық панкреатодуоденалдық резекциясынан кейін 90% науқаста ісіктік үрдістің қайталамасы (рецидиві) байқалады. Осы жағдайға байланысты ұйқы безі рагының морфологиялық пісіп-жетілу дәрежесі алдымен анықталса, ондай науқасқа жоғарыда көрсетілген полихимиотерапия мен сәулелік емді операцияның алдында немесе артында қолданған дұрыс. Мысалы, АҚШ гастроинтестиналдық бірлескен тобының, Еуропадағы EORTC (n=199) топтарының жүргізген салыстырмалы зерттеулерінің нәтижесінде тек қана панкреатодуоденалдық резекция жасалған адамдардың орташа өмір сүру мерзімі 11-12 ай болса, ал операцияға қоса 40 Гр. сәулелік ем және екі жыл бойы әрбір жұма сайын 450 мг/м2 фторурацил алған науқастардың өмір сүру мерзімі 17,1-20 ай болып, 23-37%-ы екі жылдан артық өмір сүрген.


Қорытынды:

Ұйқы безінің қатерлі ісігі ауруы жыл сайын артып келеді. Бұл ауру ересек тұрғындар арасында ең көп кездесетін оныншы рак түрі болып табылады.

Әдетте ісік бездің басына әсер етеді (жағдайлардың 50-60% -ы), денеге (10%), құйрыққа (5-8% жағдай). Сондай-ақ, ұйқы безінің толық зақымдануы бар - 20-35% жағдай. Ісік - бұл айқын шекаралары жоқ тығыз түйнек түйіні, бөлімде ол ақ немесе ақшыл сары.

Ұйқы безінің қатерлі ісіктері туралы болжам өте қолайсыз, бұл олардың асимптоматикалық курсымен және кеш диагнозбен байланысты. Ісікті түбегейлі алып тастау әрбір оныншы пациентте, ісіктердің екінші қайталануы кезінде ғана мүмкін және операциядан кейінгі алғашқы 12 айдың 95% -ында алыс метастаздар анықталады. Аралас терапия өмір сүру деңгейін айтарлықтай жақсартпайды: ұйқы безі аймағының қатерлі ісіктері бар пациенттердің 5% -дан аспайтыны бес жыл тірі қалады.Ұйқы безінің рагына әртүрлі ем тәсілдерін қолданғанмен, оның нәтижелері әзірге қанағатсыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Абисатов Х.А. Клиническая онкология. Руководство. Т. 1. Алматы: Арыс, 2007, 558-602 бет.

  2. Әбисатов Х.Ә., Есенқұлов Ә.Е. Бауыр және билиопанкреатодуоденалдық аймақтың рагы. Онкология. ІІ том. Оқулық. Алматы: Ғылым, 1999. 147-170 бет.

  3. Блохин Н.Н., Петерсон Б.Е. Клиническая онкология, I том, М., «Медицина», 1979, 163-168 бет.

  4. Есенқұлов Ә.Е., Қайдаров Б.Қ., Есенқұлова С.Ә. Билиопанкреатодуоденалдық аймақтағы қатерлі ісіктер. Практикалық онкология (рейтинг және модульдік жүйе бойынша жазылған оқулық). Алматы, 2011. 208-216 бб.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет