Баланың даму кабинеті дәрігері немесе орта медицина қызметкері мынадай іс-шараларды өткізеді:
ерте шақтағы балаларды күту мәселелері бойынша консультация беру және ана мен оның отбасы мүшелерінің ата-аналық дағдыларын қалыптастыру, баланың дамуы үшін ойынның, оқудың, қарым-қатынастың мәнін түсіндіру;
санитариялық қауіпсіздік нормаларын және энергетикалық қажеттілікті ескере отырып ата-ананы уақтылы қосымша тамақтандыруды енгізіп және оны іс жүзінде дайындауға үйрету;
балалар үшін жарақаттанушылықтың, улану мен жазатайым оқиғалардың алдын алатын қауіпсіз орта туғызу бойынша ата-аналарға түсіндіру;
баланың психомоторлық және сөйлеу дамуының мониторингі және анықталған проблемалар бойынша консультация беру;
сырқат балаларға үйде күтім жасау және дамуында ақауы бар балаларға күтім жасау мәселелері бойынша консультация беру;
тұрмыстық зорлық-зомбылық және балаға қатал қараудың профилактикасы.