Термодинамиканың негізгі түсініктері. Термодинамиканың бірінші бастамасы



бет13/22
Дата29.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#137224
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
Лекция 1 Термодинамика
12. ИМП Естествознание — копия

Сонда айналадағы ортадан ойша бөлінген дене немесе өзара әрекеттескен денелер тобы термодинамикалық жүйе деп аталады. Мұны бұдан былай тек жүйе деп қарастырамыз. Жүйе айналадағы ортадан белгілі бір нақты (фазааралық) бет арқылы бөлінеді және жүйедегі молекулалар саны өте көп болуы керек. Өйткені, термодинамикада молекулалар саны аз жүйелер қарастырылмайды.

Егер жүйенің ішінде бөлу беті болмай, барлық нүктелерінде қасиеттері бірдей болса, ондай жүйе гомогенді жүйе деп аталады, егер жүйеде бөлу беті болса, ол гетерогенді жүйе деп аталады.

Жүйенің айналадағы ортамен әрекеттесуі әртүрлі, мәселен: механикалық, жылулық, энергияның басқа да түрімен, заттармен де алмаса алады. Егер осы байланыстардың ешқайсысы да болмаса, ондай жүйелер оқшауланған жүйелер деп аталады.

Айналадағы ортамен зат алмасудан басқа байланыста болатын жүйелер тұйық жүйелер (жабық) деп аталады. Тұйық жүйеге: ішіндегі заты бар жабық ыдыс, баллондағы газ немесе беті жабық стакандағы ыстық ерітінді т.б. мысал бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет