Отбасылық кейбір тұжырымдарды саралай келе, келесiдей қорытынды жасауға болады:
ықпалы басқа айналадағы əсерден, мектептегі мұғалімнің əсерінен де мықты. Жас ұлғаюмен ол əсер азаюы мүмкiн, бiрақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
қандай да бiр басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкiн болмаған сапалары, қасиеттері, мінезі тек отбасында ғана дами бастайды;
отбасы тұлғаның əлеуметтенуiн қамтамасыз етедi, оның тəндiк, моральдық жəне еңбектiк тəрбиесiне болған мүмкiндiктердi мейлiнше шоғырландырып, iске қосады. Қоғамдағы азамат мүшесi отбасыдан бастау алады, қоғам келбетi отбасыдан көрiнедi;
отбасының ықпалымен ғана бала санасына салт-дəстүр ұғымы беріледі;
отбасының аса маңызды қызметтерінің бірі — азамат тəрбиелеу, ұлтжандылықты қалыптас- тыру, болашақ жанұя иегерiне дұрыс жол нұсқау жəне мемлекет заңдарын мойындап, құқық- тарын сауатты пайдалана бiлетiн қоғам мүшесiн жетiлдiру;
отбасының балаға болашақ мамндығына нұсқау беру, оның армандарына деген ықпалы орасан.