Тəртібі қиын оқушыларды тəрбиелеу əлеуметтік-педагогикалық мəселе ретінде
Тəртібі қиын оқушыларды тəрбиелеу мен оқыту қазіргі уақытта əлеуметтік-педагогикалық мəселе ретінде қарастырылады. Мұның өзі «тəртібі қиын» оқушылар санының жылдан жылға артып келе жатқандығын көрсетеді. Бұдан сəл ертерек уақытта «қиын оқушыларға» көбіне жасөспірімдерді жатқызсақ, қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы топқа жататындар аз емес екендігі байқалады. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастан бастауыш мектеп кезеңінен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тəрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Тəртібі қиын оқушыларды» тəрбиелеу жүйесінде адамгершілік тəрбиесі маңызды орын алатыны белгілі. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сансалалығын ескере келгенде, адамгершілік тəрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі өте зор.
Жалпы, мінез-құлықтағы қиындық жəне «қиын балалар» түсінігі 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. А. Макаренко, С. Шацкий, Л. Выготский, П. Блонский, тағы басқалар «қиын» балалар мəселелерін жан-жақты зерттеді. Ж. Баласағұни «Құтты білік» дастанында адамгершілік тəрбиесін тұлға бойындағы адамдық, парасаттылық, имандылық, тектілік жəне ізгілік қасиеттерін қалыптастырумен байланыстырады. Оның «Адамшылық жаса, адамға адам бол, Адам атын мақтаныш қып адал бол» деген ой-пікірлері əл-Фарабидің идеяларымен үндесіп жатыр.
Осы ой-пікірлерлерге ой жүгіртсек, қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып, болашаққа оқу-бiлiм сəулесiн таратқан халқымыздың ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин, ұлы ғұлама Абай Құнанбаев, көрнектi қоғам қайраткерi, ғалым-ұстаз Ахмет Байтұрсынов, қазақ жерiнде тұңғыш ұлттық педагогика, психология пəндерiнiң негiзiн қалаған Мағжан Жұмабаев, Жүсiпбек Аймауытовтардың шығармаларынан да орын тауып, кешегiнi бүгiнгiмен жалғастырып келе жатқан игiлiгi мол асыл қазына болып отыр.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметінде мұғалімдердің бала тəрбиесінде адамгер- шілік мəселесіне жоғары талап қоя білу байқалады. Ыбырай Алтынсарин досы Н.И. Ильминскийге 1861 жылы қаңтардың 19 жұлдызында жазған хатында: «Осы жылы қаңтардың 8 жұлдызында менің көптен күткен ісім орындалып, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бəрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірісіп кеттім. Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан əсер етуге бар күшімді салып отырмын», — деп өзінің сүйікті ісіне белсене кіріскендігін зор қуанышпен жеткізді.
Ағартушы-педагогтың бұл пікірінен байқағанымыз, адамгершілікті оқу-тəрбие үрдісінің арқауы ете отырып, бала тəрбиесінде мұғалімнің рөлі ерекше екендігін түсіндіреді. Əрине, бұл мəселе қазіргі уақытта да маңыздылығын жоғалпағандығы белгілі. Бiрде бiр адамзат қоғамы өзiнен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тəрбиелiк тəжiрибесiн пайдаланбай өмiр сүрген емес.
Ы. Алтынсариннiң педагогикалық көзқарасынан да бүкiл əлемдiк тəлiм-тəрбиенiң деңгейi гуманистiк көзқарас, яғни шəкiртке жылы жүректi болу, мұғалiм мен оқушы арасындағы ынтымақтастық қасиеттерінен көрiнетінін байқадық. Ол өз еңбегiнде: «Мен балаларды жазалауды қалайтын қатал адам емеспiн. Бiрақ тентек етiп өсiрсең, балалардың адамгершiлiк қасиетiн жойып аласың», — дедi.
Ж. Аймауытов баланы саналы азамат етіп тəрбиелеуге байланысты құнды пікірлер айтқаны белгілі. Ол «тəрбиенiң негiзгi мақсаты ¾ мiнездi түзеу, адамгершілікке қызмет ету, адал еңбек ете бiлуге тəрбиелеу» деген қағиданы қолдай келiп, «баланы тəрбиелеу үшiн əрбiр тəрбиешiнiң өзi тəрбиелi болуы керек. Себебi бала айтып ұқтырғаннан гөрi, көргенiне көп елiктегiш келедi. Солай болған соң балаға не жақсы мiнез болсын, iспен көрсету керек», дейдi.
«Тəрбие мақсаты — баланы тəрбиешінің дəл өзіндей қылып шығару емес, болашақ өз заманына лайық қылып шығару ғой» деп М. Жұмабаев тəрбие мақсатын келер күн талабымен байланыс- тырғысы келеді. Қазіргі таңда, ақпараттың дамыған заманында, бəсекеге бейімді ұрпақ тəрбиелеу оңай іс емес. Интернет желісімен санасын улап, психологиясы əлсіз, тынымсыз, шыдамсыз оқушыларды өмірдің алауан түрлі сынына дайындаудың қиындығын М. Жұмабаев болжап дұрыс айтқан [1].
Қиын балаларды тəрбиелеу мəселесі ХХ ғасырдың 20–30-жж. бастап, күні бүгінге дейін педагогтардың, психологтардың жəне заңгерлердің зерттеулеріне арқау болып, əр жақты қарастыры- лып келе жатыр. «Қиын», «педагогикалық ықпалдан тыс қалған», «тəрбиесі қиын» балалар түсініктеріне келер болсақ, алдымен, қиын балалар деп тəрбиесінде кем-кетігі бар балаларды, педагогикалық ықпалдан тыс қалғандарды, тəрбиеші, ата-ана қарауынсыз қалғандарды, тəрбиесі қиын жəне мінез-құлқында ауытқушылықтар басым балалар қатарына жатқызуға болады. Оларды жалпы жəне өзіндік ерекше-ліктерге қарап бөлуге болады. Тəрбиесі қиын балалар мəселесі педагогикалық тұрғыдан Д. Дриль, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, психологтардан В.Г. Ананьев, А.Г. Асмолов, А.А. Бодолев, В.В. Давыдов, А.Н. Леонтьев, отандық педагог- ғалымдардан Г.А. Уманов, В.В. Тифонов, Л.К. Керімов, отандық психологтардан М.М. Мұқанов, Ж.Н. Намазбаева жəне тағы басқалар қарастырса, əлеуметтану саласы бойынша Ш.Е. Жаманбалаева өз зерттеулерінде жасөспірімдердің əлеуметтік жəне жеке даралық білімдері мен өмір тəжірибелерінде адамзат қоғамының жетістіктерін рухани байлықтарын игеріп, мінез-құлқын, дүниетанымын қалыптастырып, күнделікті жүріс-тұрыстарын басқарып отыруға өз билктері мен бостандықтарының алатын орнын айқындаған.
Л.К. Керімов өз еңбегінде қиын оқушыны жеке дара қайта тəрбиелеу тұжырымдамасын жəне ондағы педагогтың іс-əрекетінің белгілі жүйесін көрсетсе, Ш.Е. Жаманбалаева мінез-құлығында ауытқушылық бар балалардың əлеуметтік аспектілерін қарастырған.
Қиын бала мінез-құлқын ғалымдар жан-жақты қарастырғанына қарамастан, бұл мəселенің əлеуметтік педагогикалық мүмкіндіктері нақты көрсетілмеген. Балалардың қиын тəрбиеленуінің өзіне тəн себептері бар, олар: отбасы, мектеп тəрбиесінің кемшіліктері, тұлғалық жəне биологиялық факторлар мен қоршаған қоғам ықпалы.
Қиын балалармен тəрбие жұмысын жүргізудің өзіндік топтары бар жəне олармен тəрбие жүргізудің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл мəсленің басын шешу ата-анадан, қоғамнан бастау алатыны сөзсіз. Ол үшін отбасы ішіндегі мəселелерді орнықтыру бірінші орында болу керек.
Қазіргі жас ұрпақтың болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, мінез-құлқын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басқаруды нығайтып ұжымдық, шығармашылық істерге қатыстырудың тəрбиелік маңызы зор. Сондықтан мектепте жүргізілетін тəрбие жұмыс- тарында ұстаз оқушылардың жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс істегені абзал. Себебі мұғалім оқу-тəрбие саласында қандай жұмыс жүргізгенімен, сыныптағы оқушылардың мінез-құлқын жете білмесе, алға қойған мақсаттарына жете алмайды [2].
Аса көрнекті чех педагогі Ян Амос Коменский өзінің еңбегінде адамгершілік тəрбиесіне үлкен мəн беріп қараған. Ол «Аналар мектебi» атты кiтабында отбасы тəрбиесiне байланысты өз ойын білдірді.
Джон Локк өзiнiң «Тəрбие жөнiндегi ойлар» деген еңбегiнде тəрбиенiң психологиялық негiз- дерiне жəне адамгершiлiк қалыптастыру мəселесiне үлкен мəн бердi. Баладағы тума қасиеттердi жоққа шығара отырып, ол нəрестенi не сызса сол болатын «таза тақтаға» теңеумен, тəрбиенiң үлкен əсерлi күш екенiн баса айтты. Ал Жан-Жак Руссо керiсiнше баланы табиғаттан дарынды деп таныды. Осыдан, оның ойынша, тəрбие баладағы тума қасиеттердiң дамуына кедергi болмай, оған толық еркiндiк берiп, əрi оның қызығулары мен құмарлығына икемделуi тиiс деген тұжырымға келдi. Психология ғылымында да осыған орай көптеген зерттеулер жүргізілген болатын. Ата-анасы ие қасиеттерге баласы да ие болады. Тек, керісінше, болмыста көрінуі мүмкін. Мысалы, анасы биші бала əнші немесе музыкант, дарынды суретші болуы ықтимал.
М.Г. Песталоций педагогикада алғашқылардың бiрi болып тəрбие мекемелерiнде теориялық қызмет пен тəрбие iс-əрекетi бiрлiгiнiң маңыздылығын көре бiлдi. Өзiнiң «Лингард пен Гертруда» шығармасында ол тəрбиенiң адамгершiлiкке негiзделуi, балаларға сыйластық қатынас жəне оларда адамға деген мейiрiм мен қайрымдылыққа баулу хақындағы демократиялық идеяларын дамытты. Күнделiктi педагогикалық қызметiнде Песталоций балалардың оқуы мен тəрбиесiн олардың мүмкiндiгiне орай еңбекпен ұштастыруға көңiл бөлдi, балалар қауымының тəрбиелiк ықпалын пайдалана бiлудi уағыздады. Баланы еңбекке баулу оның өмірге деген құлшынысын оятып, күн- делікті тіршіліктегі мəселелерді өздігінен шеше алуына көмектеседі. ХХІ ғасырдағы балалардың еңбек қабілеті өте төмен деңгейге жетіп отыр. Оның бəрі жаңа технологиялардың пайда болуы мен адамдардың оған тəуелділігімен тығыз байланысты.
«Баланы жан-жақты етіп тəрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек», — дейді белгілі педагог К. Ушинский. Мектепте педагогикалық тұрғыдан ойластырылып шешілген оқу-тəрбие үрдісін шебер жүзеге асыру үшін əрбір мұғалім, тəрбиеші, бүкіл мектеп ұжымы негізгі ұстанымдарды, яғни нақты сол істі басшылыққа алатын ғылыми негіздерді, табуы тиіс.
Қазіргі уақыт талабы — білім мен техниканың ерекше қарыштап дамыған заманы. Тəрбие мəселесі де қазіргі заманның өршіп тұрған мəселелерінің бірі болып тұрғаны белгілі. Себебі уақыт талабына сай оқушылар компьютермен ұялы телефонға əуестігі басым болып баратындығы жалған емес. Отбасында ата-аналары бала тəрбиесіне көңіл бөліп, күнделікті өмірі, сабағы, қайда жүргендігі жайындағы мəліметпен хабардар болып, тұрақты бақылау жүргізуді қолға алғаны жөн. Бала тəртібінің бұзылуы ата-ананы қиын жағдайларға итермелейтіндігі сөзсіз. Бұл орайда ата-анамен сынып жетекшінің атқаратын рөлі өте зор. Тəрбиелік мақсатта жүргізілетін іс-шаралар мазмұны мектеп оқушысына зор ықпал етері анық.
Қазіргі кезде педагогикалық, психологиялық əдебиеттерде көмек көрсету стратегиясы ретінде сипатталады. Аталмыш стратегия педагогтың оқушы мəселесін түсініп, шешу жолын тауып, жағдаятты өзгертуге көмектеседі. Педагог оқушыға қолдау көрсетеді, оған өз мейірімін төгеді, басқаша айтқанда, сəтсіздіктер мен кедергілірге қарамастан, ең мықтысы болуға талпынатын өзіндік жеке тұлға ретінде қабылдайды. Қолдау келесідей жағдайлардан көрінеді: яғни педагог адамды емес, оның іс-əрекетін бағалайды жəне тұлға ретіндегі сəтсіздіктеріне қарамастан, сөзсіз, тұлға ретінде қабылдайды. Өзара ықпалдастық нəтежесі — оқушының өз-өзімен қарым-қатынасы, өзіне деген сенімділігі, өз мінез-құлқын бақылай алуы, мықты тұлға ретінде қалыптасуға деген ынтасы болып табылады. Педагог іс-əрекетінің жалпы құрылымы бірнеше кезеңдерден тұрады:
байланыс орнату, диалог құру мүмкіндігі;
оқушы мəселелерін, оның жеке қасиетін, сонымен қатар оған келтірілетін кедергілерді анықтап алу;
мəселені талқылау;
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |