Шаруашылық және өзге де қызметті реттейтін құжаттарды,
ондағы экологиялық талаптарды барынша толық есепке алу бөлігінде, үйлестіріп отырады және бекітеді
5.Шаруашылық және өзге де қызметті реттейтін құжаттарды,
ондағы экологиялық талаптарды барынша толық есепке алу бөлігінде, үйлестіріп отырады және бекітеді;
6.Экологиялық сараптама саласында қоршаған ортаға әсер
етуді бағалау проблемалары жөніндегі ғылыми зерттеулерді
үлестіріп отырады;
7.Жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау
құжаттамасын әзірлеу кезінде табиғат қорғау нормалары мен
ережелері талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бөлігінде министрліктердің, ведомстволар мен ұйымдардың тиісті қызметтерін бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
8.Консультациялар, бірлескен экологиялық сараптамалар
жүргізу, ғылыми және әдістемелік талдамалар алмасу, осындай
жұмыстарға шетелдік мамандарды тарту мақсатында белгіленген
тәртіппен басқа мемлекеттердің экологиялық-сараптама органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
9.Табиғат қорғауды жобалауға, нормалауға және экологиялық
сараптама саласындағы жұмыстарға белгіленген тәртіппен лицензиялар беруді жүзеге асырады;
10.Сараптама комиссияларының адам құрамын белгілейді, оларда штаттан тыс сарапшылар ретінде жұмыс істеуге барынша
құзыретті отандық және шетелдік ғалымдар мен мамандарды,
минисірліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзгеде орталық және
жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен табиғат қорғау қозғалыстарының өкілдерін тартады;