Дәріс №10.
Тақырыбы: ЭС кезеңдері, МЭС берілетін құжаттар мен материалдар
1. ЭС туралы заң .
2. МЭС құжаттары.
З. МЭС қарастыратын материалдары.
Мемлекеттік Экологиялық сараптама ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жанынан құрылған арнайы комиссияның сарапшылары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық Экологиялық сараптаманы жеке қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар жүргізеді. Қоғамдық негізде жүргізілген Экологиялық сараптама мен мемлекеттік Экологиялық сараптама жүргізетін мекемелер қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады. Қазақстанда арнайы “Экологиялық сараптама туралы” заң қабылданған (1997).Экологиялық сараптама институты іске қосылатын объектінің нақты экологиялық жағдайдағы мүмкіншілігін және қоршаған ортаға деген жағымсыз әсер ету дәрежесін анықтап, жобаны жүзеге асыруға экологиялық көзқарас тұрғысында ғылыми қортындылармен сипаттамалар береді. Яғни, экологиялық сараптама шаруашылық және өзге де қызметтің мүмкін болатын жағымыз әсерін ескертеді және бұл қызметтің экологиялық талаптарға сай келетінін анықтайды. Экологиялық сараптама жүзеге асырылатын объектінің экологиялық зиянды қызмет екендігін анықтайтындықтан табиғат қорғау қызметінің басты құрамы болып табылады. Себебі экологиялық сараптама қоршаған ортаның ластануынан сақтайтын алдын алу шарасы болып табылады.
Экологиялық сараптаманы дұрыс ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін құқықтық реттеу қажет. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін шаруашылық қызметтің көп түрі дамуына байланысты қоршаған ортаны қорғау және де табиғатты ұтымды пайдалану мақсатында 18 1997 жылдың наурызында “Экологиялық сараптама туралың заң қабылданды. Бұл заңда “қоршаған ортаны қорғау туралың заңда бекітілген экологиялық сараптаманың жағдайы жетілдірілді.
Экологиялық сараптама – қоршаған ортаға келтірілетін зиянның алдын алу құралы болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: Экологиялық сараптаманың түрлеріне, мәселелеріне және оның ерекшеліктерінің маңыздылығын ашу.
Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:
- экологиялық сараптаманың мақсатын міндеттерін саралау;
- экологиялық сараптаманың қағидаларын қарастыру;
- экологиялық сараптама субъектілерін зерттеу.
Қаралған материалдар ішінде қоршаған ортаға әсерді бағалау және қоршаған ортаны қорғау бөлімдерімен шаруашылық қызмет жобалары; ЖШШ, ЖШТ, ҚТН нормативтерінің жобалары; қала құрылысы сипатындағы, сұлбалардың жобалары, жекелей алғанда, жер телімдерін бөлуді келісу; инвестицияларды алуға ТЭН және ЭЕТ жобалары; жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар және технологиялар, техникалар мен жабдықтар қолдануды негіздейтін құжаттамалардың жобалары.
Кәсіпорындарда жүргізілген тексерістердің сараптамалық көрсеткіші көрсеткен негізгі заң бұзушылықтар:
жобалық және шаруашылық қызметке мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болмауы;
қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың болмауы, ластаушы заттарды шығаруға, ағызуға және өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыруға лимиттен асуы,
өндірістік және тұтыну қалдықтарының есебінің болмауы, жер ресурстарының ластануы;
өндірістік экологиялық бақылау жүргізу туралы талаптардың сақтамауы;
табиғат қорғау іс-шараларының жүргізілмеуі;
жобалық құжатта бекітілген нормалардың сақталмауы;
атмосфераға нормадан тыс ластаушы заттар шығаруға алып келетін технологиялық қондырғыларды пайдалану ережесінің сақталмауы.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы мыналар жүзеге асырады:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері – I санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде;
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 449 қаулысыменбекітілген критерийлерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен белгіленеді.
2) жергілікті атқарушы органдар – II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде.
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдарда қолданыстағы нормативтерге сәйкес жобаның толық құрамын көрсетілуі қажет және мазмұнында мыналар болуы тиіс:
1) жоспарланған қызмет салдарларының кешенді экологиялық әлеуметтік және экономикалық бағалануы, мынаны қоса:
жиынтық түсіндірме жазба;
қоршаған ортаға әсерін тигізетін сараптама объектісінің, технологиялар және көзделген өндірістің технологиялық процестерінің сипаттамалары бар жоба. Сәулеттік қала құрылыстық, жоспарлық, болжамдық сипаттағы жобалық материалдардың мазмұны, экологиялық және басқа да бағдарламалар, табиғатты қорғау сұлбалары және басқа да жоспар алдындағы және жоба алдындағы құжаттамалар көзделген шаруашылық, өндірістік, ғылыми және басқа да қызметтің, оны дамытудың, қоршаған ортаға әсерінің қажеттілігін және орындылығын негіздей отырып, толық көрінісін беру тиіс; оны әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдары; жобаның, ластаушы заттардың жер бетінің жақын қабатына шашырауын есептеудің, эмиссия мөлшерін негіздеудің электрондық нұсқасы "Excel" форматында;
2) жоспарланған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш;
3) қоғамдық пікірді есепке алудың нәтижелері;
4) қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін немесе тигізе алатын объектілер үшін жоспарланған қызметті іске асыруды мына заңды және жеке тұлғалармен келістіру құжаттары:
жер пайдаланушылар, жер телімдерінің иелері;
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары;
су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндікинспекция (суды қорғау аумақтарында объектілерді орналастыру немесе қызметті жүзеге асыру кезінде);
жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;
жер қойнауын зерттеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың орналасуы болатын мүмкін учаскелерінде), сондай-ақ жер асты суларын пайдаланғанда және олардың болатын мүмкін ластану көздері бар болғанда);
орман шаруашылығы, жануарлар дүниесінің өсiмiн молайтуды және пайдалануды қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
балық ресурстарын қорғау саласында (балық шаруашылығы су қоймаларында қызметтің әр алуан түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін).
Аталған ұйымдармен келістіру қажеттілігін көзделген қызметтің әсер ету аймағына келетін қоршаған орта объектілеріне байланысты сараптамалық орган белгілейді.
Көзделген қызметтің сипаттамаларына тәуелді сараптамалық органдарға қарастырылуға ұсынылған материалдарда:
1) тиімді материалдарды, энергияны үнемдеуші, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу;
2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өндіру, өндіріс және тұтыну қалдықтарын кешенді қайта өңдеу және кәдеге жарату;
3) ағынды суларды тиімді тазартуды қамтамасыз ету, оларды техникалық қажеттіліктерге пайдалану, тазартылмаған суларды табиғи су арналар мен су қоймаларға, жергілікті жер бедеріне төгуден бас тарту тәрізді тазартудың басым бағыттары;
4) атмосфералық ауаны ластанудан сақтауды негіздейтін шаралардың пәрмендігі мен кепілділігі;
5) топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесін сақтау және қалпына келтіру, объектінің табиғи-қорықтық қор мәртебесін сақтау;
6) халық пен қоршаған ортаны антропогендік физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер көрсетілуі тиіс.
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мыналардың көшірмелері қоса беріледі:
1) салалық сараптамаларды жүргізу жағдайына - тиісті қорытындылар;
2) осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларын;
3) жобалық құжаттаманы уәкілетті органда қарастырған жағдайда – мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына ұсыныстар мен ескертулер тиісті аумақтық органнан.
Достарыңызбен бөлісу: |