Тестирование 1 (Раздел «Экология»)


Дәріс №12. Тақырыбы: МЭС органдары мен ұйымдары



бет28/37
Дата04.01.2022
өлшемі113,16 Kb.
#109262
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Байланысты:
Экологиялық нормалау негіздері және сараптама

Дәріс №12.

Тақырыбы: МЭС органдары мен ұйымдары

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi.

2. ҚОҚ саласындағы техникалық регламенттері.

З. ҚОҚ саласындағы жобалардың конкурсын өткізу.

 

16-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi



Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдаланусаласында:

1) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану, қалдықтар мен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оларды жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық шараларды әзірлейді;

2011.03.12. № 505-ІV ҚРЗаңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерін орындау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

2) 2011.03.12. № 505-ІV ҚРЗаңымен алып тасталды(бұр.ред.қара)

3) табиғат пайдаланудың әр алуан түрлері бойынша тұжырымдамаларды мақұлдайды;

4) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғат пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;

2011.03.12. № 505-ІV ҚРЗаңымен 5) тармақшаөзгертілді (бұр.ред.қара)

5) республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі сондай-ақ, гидрометеорология, климаты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы бағдарламаларды бекітеді;

Экологиялық сараптама – қоршаған ортаға келтірілетін зиянның алдын алу құралы болып табылады.

Экологиялық сараптама- шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативттері мен экологиялық талаптарға сәйкестігінің, осы қызметтің табиғи ортаға жасуы ықтимал теріс әсерлерінің және соларға байланысты әлеуметтік, экономикалық және өзге де зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске асыруға қол жеткізілетіндігінің анықтамасы.

Экологиялық сараптама жүргізу үшін техкика-экономикалық тұрғыдан ғылыми негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады. Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін шектейтін құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы телімдерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін кешенді түрде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе экологиялық апатты және табиғатты пайдалану кезінде төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды жүзеге асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді. Табиғатқа зияны жоқ жаңа техниканы, технологиялық әдістерді пайдалануға негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға сараптама жасалады. Экологиялық сараптама әскери мақсаттағы өндіріс орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да қадағалау жасауға құқылы. Экологиялық сараптама адамның барлық іс-әрекеттерінің экологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатын көздейді.


 

 



 



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет