Сөж тақырыбы: Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері. Кәсіби аурулар себебтері. Өндіріс орындарын желдету әдістері. Желдетуді есептеу тәсілдері



Дата23.10.2023
өлшемі63,2 Kb.
#187531
Байланысты:
Мұхан Бауыржан срсп stud.kz-33278[1]


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
Тау-кен факультеті



СӨЖ
Тақырыбы: 1.Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері. Кәсіби аурулар себебтері. 2. Өндіріс орындарын желдету әдістері. 3. Желдетуді есептеу тәсілдері
Орындаған: Мұхан Бауыржан
Тобы: СИБ-21-5
Тексерген: Макашев Б.Қ

Қарағанды 2023




Жоспар:
1.Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері. Кәсіби аурулар себебтері
2. Өндіріс орындарын желдету әдістері
3. Желдетуді есептеу тәсілдері

Жазатайым оқиғаларды талдау үшін оның себептері бойынша классификацияланады. Қазіргі кезде ортақ қабылданған өндірістік жарақаттанудың себептерінің классификациясы жоқ, бірақ көптеген авторлар бірнеше топтарға бөлген.


Техникалық себептер – еңбектің өндірістегі ұйымдастырылу дәрежесіне тәуелесіз деп сипаттауға болатын себептер.
Өндірістік жарақаттанудың себептері
Атап айтқанда:
-құрал-жабдықтардың, аспаптардың, тетіктердің конструктивті жетіспеушілігі, технологиялық процестердің жетілмегендігі;
-механикалық ауыр жұмыстардың жетілмегендігі; қоршаулардың, сақтану құрылғыларының, дабыл қағу жүйелерінің және блокировкалау шектеу құралдарының жетілмегендігі;материалдардың ақаулары;
-өңдеу ортасының бұрын белгісіз болған қауіпті қасиеттері және т.с.с. бұл себептер кейде инженерлік немесе конструкторлы себептер деп аталады.
Ұйымдастырушылық себептер – өндірістегі еңбекті ұйымдастыру дәрежесіне толығымен тәуелді болатын себептер. Оған жататындар, мысалы:
-территорияда өтетін жолдар мен өткелдердің жетіспеушілігі;
-құрылғылардың, аспаптардың, көлік құралдарының пайдалану( экплуатация) ережелерінің бұзылуы;
-жұмыс аймақтарын ұйымдастырудағы жетіспеушіліктер;
-техникалық регламенттердің бұзылуы; бұйымдар мен материалдарды тиеу, қоймалау мен сақтау кезіндегі нормалар мен ережелердің бұзылуы;
-жұмысшыларды еңбек етудің қауіпсіз әдістерімен оқытудағы кемшіліктер;
-топтық жұмыстарды ұйымдастырудағы жетіспеушіліктер; қауіпті жұмыстарды техникалық қадағалаудың тиянақсыздығы;
-жұмыс аймақтарындағы қоршаулардың жоқтығы немесе жетіңкіремеуі;
-жеке қорғаныс құралдарының жоқтығы, бүлінгендігі немесе қолданбаушылығы және т.с.с.
Санитарлық-гигиеналық себептерге жатқызуға болатындар:
-жоғары мөлшердегі (ШРК-дан жоғары) зиянды заттардың жұмыс аймағындағы ауада болуы;
-жарықтандыруды дұрыс ұйымдастырмау немесе жетіспеушілігі;
-діріл, шудың жоғары деңгейлері; қолайсыз метеорологиялық жағдайлар;
-әр түрлі сәуле түрлерінің жоғары мөлшерде болуы;
-жеке гигиена ережеленің орындалауы және т.с.с.
Психофизиологиялық себептерге жұмысшының физикалық және жүйкелік-психикалық шамадан атрық жүктемесін шартты түрде жатқызуға болады.
Адам, үлкен физикалық (статикалық және динамикалық) жүктеме, жұмыстың бір сарындылығы, (көру, есту, жанасу) анализаторларларының жүктемесі, стресс ахуалдары, қажу салдарынан қате әрекет етуі мүмкін. Ағзаның анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің орындалатын жұмысқа сәйкессіздігі өндірістік жарақаттануға әкеп соқтыруы
әбден мүмкін. Заманауи күрделі техникалық жүйелерде, көлік конструкцияларында, құралдар мен басқару жүйелерінде адамның физиологиялық, психологиялық, антропометриялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктері жеткілікті түрде ескерілмейді.
Кәсіптік уланулар жоғарыда аталған себептерге , ал кәсіптік аурулар жиі санитарлық-гигиеналық және психофизиологиялық себептермен байланысты.
Статистикалық (салыстырмалы) сараптау әдісі мекемелердің, шаруашылықтардың жазатайым оқиға жөнінде берген есеп, ақпараттарын аудан, облыс, республика, министерство көлемінде сараптауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің негізгі көрсеткіштері – жарақаттанудың жиілік және ауырлық коэффициенттері – кәсіпорындағы, аудан, облыстағы жазатайым оқиғалардың сандық және сапалық көрсеткіштері болып саналады.
Жиілік коэффициенті (Кж)- кәсіпорындағы есеп беру мерзімі кезінде 1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиға санын көрсетеді.
Кж=H/Р*1000
мұндағы, Н- есеп беру кезеңіндегі, үш күннен артық жұмыс күнін жоғалтуға әкелген жазатайым оқиғалар саны; Р- кәсіпорындағы жұмысшылардың орташа тізім саны;
Ауырлық коэффициенті (Ка)- кәсіпорындағы, есеп беру кезіндегі әр жазатайым оқиғаға келетін жоғалтылған жұмыс күндері саны.
Кж=Д/Н
мұндағы Д- жазатайым оқиғалар нәтижесінде жоғалтылған жұмыс күндерінің жалпы саны;Н- есеп беру кезеңіндегі жазатайым оқиға саны;
Аталған екі коэффициенттің көбейтіндісін пайдаланып жұмыс күнінің жоғалу коэффициентін Кк.ж табуға болады.
Кк.ж= Кж*Ка= Д/Н*1000
мұндағы Кж- жарақат, ауру нәтижесін 1000 адамға шаққандағы есеп мерзіміндегі жоғалған жұмыс күндері.
Жарақаттануды талдаудың әдістері. Жарақаттануды талдаудың мақсаты жазатайым оқиғаларды алдын –алу шараларын өңдеу үшін болып табылады. Ол үшін оның туу себептерін жүйелі түрде талдап және жалпыландырып отыру керек. Жарақаттануды талдау әдістерінің ең көп тараған, бір-бірін өзара толықтырып отыратын, түрлері мыналар: статистикалық және монографиялық. Қазіргі таңда ең көп назар аудартып отырған экономикалық және эргономикалық әдістер.
Статистикалық әдіс – саладағы немесе өнеркәсіптегі жарақаттану бойынша бірнеше жылдар бойына жинақталған статистикалық материалдардың талдамасына негізделген әдіс. Бұл талдау үшін бастапқы мәліметтер Н-1 формадағы актілерде, сонымен қатар 7-т, 8-т, 9-т формаларындағы өнеркәсіп есептемелерінде болады. Статистикалық материалдардың талдау қорытындысын кестелер, диаграмма, графиктер ретінде береді. Өнеркәсіптің жарақаттанумен күресу туралы қорытындылау жұмыстарын қарастыру барысында көбінесе жарақаттанудың уақыт озуымен жиілік және ауырлық динамикасын талдайды. Осы цехтардың, бөлімшелердің, өнеркәсіптің көрсеткіштерін салыстыра отырып, жарақаттанудың алдын-алу шараларын ерекше назар аударуды қажет ететін тұстарын бөліп көрсетуге болады.
Статистикалық әдістің әр түрлілігі топтық және топографиялық әдістер болып табылады. Топтық әдісте жарақаттар бөлек бірыңғай белгілермен топталынады: жарақаттану уақыты; жас ерекшеліктері; жәбірленушінің мамандығы мен квалификациясы; жұмыс түрлері; жазатайым оқиғаның себептері және т.б. Осы белгілер жұмыстың ұйымдастырылуының, еңбек шарттары және аспаптары жағдайдың қолайсыз тұстарын барынша анықтауға мүмкіндік береді.
Топографиялық әдісте барлық жазатайым оқиғаларды жүйелі түрде құрылғылардың цехтарда, бөлімшелерде орналасу жоспарларында шартты белгілермен көрсетеді. Осындай белгілердің қандай да бір құрылғыда немесе жұмыс аймағында жинақталуы жоғары қауіптілігін сипаттайды және сәйкесінше алдын-алу шараларын қабылдауға көмектеседі.
Жарақаттануды талдаудың монографиялық әдісі (моно) өнеркәсіп бөлімшесінің, құрылғының, технологиялық процестің бір түріне ғана сай келетін, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың талдамасын көрсетеді. Осы әдіс бойынша жазатайым оқиғаның мән-жайы толығымен қарастырылады, қажет болған жағдайда сәйкесінше зерттеулер мен сынамалар өткізіледі. Осындай талдамаларды ұқсас өнеркәсіпте жүргізу өте маңызды болып табылды. Бұл әдіс тек өтіп кеткен жазатайым оқиғалардың талдамасы үшін ғана емес, сондай-ақ зерттеу бөлімшесіндегі потенциалды қауіптіліктерді айқындау үшін де қолданады. Мұны жаңадан жобаланып жатқан өнеркәсіп үшін еңбек қорғау шараларын өңдеуге қолдануға да болады.
Экономикалық әдіс еңбек қорғау шараларын өңдеу мен ендіруге кеткен шығындардың экономикалық тиімділігін анықтау үшін, жарақаттанудың экономикалық залалын анықтауда тұжырымдалады. Бірақ бұл әдіс жарақаттанудың себептерін анықтауға мүмкіндік бермейді, сондықтан қосымша ретінде қолданылады. Экономикалық әдіспен - өндірісте болған жазатайым оқиғалардың шығынын есептеуден бастап, еңбекті қорғауға жұмсалған қаржылардың тиімділігін есептеп шығару арқылы жүргізіледі.
Шб=Σ Шж+ Σ Шк.а; (2.4)
мұндағы Шб – барлық шығын; Σ Шж – есеп мерзіміндегі жарақаттан келген барлық шығын;Σ Шк.а – есеп мерзіміндегі кәсіби аурулардан келген барлық шығын.
Эргономикалық әдіс «адам-машина(техника)-өндірістік орта» кешенді оқыту жүйесіне негізделген, сол себепті де жан-жақты қарастырылады.
Әр қызметтің түріне нақты адамның физиологиялық, психофизиологиялық және психологиялық (жеке) қасиеттері мен оның антропометриялық сипаттамалары сәйкес келу керек екені мәлім. Адамның осы аталған қасиеттері нақты бір еңбек ету түріне кешенді түрде сәйкес болғанда ғана тиімді және қауіпсіз жұмыс жүргізу мүмкіндігі бар. Сәйкестік бұзылған жағдайда жазатайым оқиғаға әкеп соғуы мүмкін.
Адамның жұмыс қабілеттілігі мен денсаулығы ағза функцияларның биологиялық ырғақтары мен елиогеофизикалық құбылыстарына да тәуелді екені, мұндай жарақаттануды талдау кезінде есепке алынады.
Мағлұматтар бойынша, Күннің белсенділігі артқан уақытта және ауа райы жағдайларының күрт өзгерген уақытында жазатайым оқиғалар жиі болады.
Жарақаттанудың эргономикалық әдісі мұнай-газ өндіретін өнеркәсіптерде қолданған. Жазатайым оқиғалардың себептері жәбірленушінің жеке ерекшеліктеріне; санитарлық-гигеналық шарттарын; қызмет түрі мен психофизиологиялық құрылымына; АМО жүйесі түрі мен оның атқаратын функциясына; жазатайым оқиға болған кездегі, әрекет актіне және т.б. қарай тәуелді түрде зерттелген. Әр жазатайым оқиға бойынша ақпарат жинау, формасы бойынша Н-1 актісіне ұқсас бірақ, біраз толтырылған, арнайы акттің көмегімен іске асырылады. Акт құрамына, 250-ден артық эргономикалық белгілерді қамтитын, 22 топ көрсеткіштері енді. Ол арнайы, жәбірленушінің өзіне арналған және жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайын бағалайтын, сауалнамамен толықтырылды.
Эргономикалық әдіс басқа әдістерге қол жетімсіз ақпараттарды алуға мүмкіндік беретінін ескеруіміз қажет. Мысалы,өнеркәсіптердегі операторлар арасындағы 80%-дан артық жазатайым оқиғалар, назар аудару (43%), оперативті ойлау (10,5%), моторлы координация (30%) сияқты психофизиологиялық процестермен байланысты, жәбірленушінің қателесуінен туындайтыны анықталған. Оператордың дайындық дәрежесіне бекітілген өндірістік функциясының (10%) сәйкессіздігі айтарлықтай орын алады. Сонымен қатар, адам-оператор мынадай іс-әрекеттерді атқару барысында көп шамада қателер жібереді: заттарды көзбен көру қабылдауында- 13,7 %; сенсомоторлы координацияда-46%; кезекті сигналға жауапты әрекет ету кезіндегі кідірісінде-17%. Жазатайым оқиғалардың 4 %-дан артығы моторлы әрекет етудің жеткіліксіз жылдамдығы мен жалпы қимылдау дәрежесінің төмендегінен болады.
Жәбірленушінің өздері толтыратын сауалнамаларды талдау барысында қызық мәліметтер алынды. Кейбір жәбірленушілер жазатайым оқиға болған күні олар өздерінің алаңғасар, босаңсыған, зейінсіз болдық деп есептеді.
Жұмыс орнының жарықтандырылуы – қаліпті түрде жұмыс істеу шарттарының ең маңызды факторларының бірі. Дұрыс жобаланып орындалған жарықтандыру жүйесі көп жұмыс істеу мүмкіншілігін қамтамасыз етеді, жұмыс істеушіге оң психологиялық әсер тигізеді, жұмыс өнімін арттырады.
Желдету (татынша: ventіlatіo — желдету) — үй бөлмелерінде, өндіріс орындарында, т.б. реттеулі ауа алмастыруға, адам денсаулығына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ технологиялық процестердің талаптарына сай құрал-жабдықтар мен құрылыстық құрылымдарды, материалдарды, азық-түлікті, т.б. сақтауға арналған шаралар жүйесі.
Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді. Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.
Жалпылай алмастыра желдету бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына негізделген. Ал жергілікті желдетуде зиянды заттар (газ, бу, т.б.) олардың пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады. Бұл әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады. Желдету үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен (мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалы әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі) атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады.
Ауа алмастыруды қамтамасыз ететін техникалық құрал-жабдықтар жиынтығы да желдету деп аталады. Сырттан сорылып алынатын ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін желдету жүйелеріне ауа сүзгілер орнатылады, ал тысқа шығарылатын ауа шаң тұтқыштар — абсорбер және адсорберлер арқылы тазартылады.
Табиғи жолмен желдету - ашық терезелер немесе люктар арқылы ауаның еркін алмасуымен қамтамасыз етілетін желдету.
Картерді жабық түрде желдету - қозғауыш цилиндрларына ауа сүзгісі арқылы картерлік газдарды сорып алуды қамтамасыз ететін желдету.
Картерді ашық түрде желдету – атмосферадағы эжекциялық түтік арқылы қартерлік газдарды сорып алуды қамтамасыз ететін желдеткіш
Жанармай багін (сауытын) желдету – жанармайдың ең жеңіл фракцияларының булануын азайту және сиретілудің пайда болуын болдырмау мақсатымен автомобильдің бензин құятын багінің (сауытының) ішкі куысын атмосферамен қосатын желдету жүйесі.
Желдету - ғимарат ішіндегі ауаны зиянды заттардан тазартып, керек кезінде таза ауамен алмастырып отыру. Ол адам денсаулығына қолайлы микроклимат қалыптастырушы бірден-бір жүйе.
XIX ғасырдың басында желдету жүйесінің алғашқы даму сатылары калыптаса бастады. Академик Э. X. Ленд ғимаратты желдету механикалық жолдармен іске асатынын атап өтті. Центрден тепкіш желдеткіштердің шығуы арқасында желдету жүйесінің дамуы кең етек ала бастады. Аталған желдеткіш түрін 1832 жылы А. А. Саблуков ойлап тапқан болатын. 1835 жылы центрден тепкіш желдеткішті Алтайдағы Шағыр кенішінде пайдалана бастаған. Саблуков бұл желдеткіш арқылы түрлі кемелерді, ғимараттарды желдетуді ұсынған. Вентиляцияның дамуына өзіндік үлесін қосқан ғалымдардан В. М. Чаплинді де атап өтуге болады.
Қазіргі таңда желдету жүйесі әрбір ғимаратта, әрбір үйде қолайлы микроклиматты қалыптастырып тұруда үлкен рөл атқарады. Желдетудің екі түрі қолға алынған: жасанды және табиғи. Жасанды желдету түрлі желдеткіштер арқылы іске асады. Ал табиғи желдету деп терезе, есік, сонымен қатар арнайы тесіктер арқылы ауаны алмастыруды айтамыз.
Бүгінгі күні желдету жүйесінің дамуы желдеткіштердің түрлері көбеюіне байланысты қарқындап дамуда. Әр ғимараттар мен зертханалық кабинеттерге арналған желдеткіш түрлері де ойлап табылған. Өндіріс орындарында өнімге байланысты желдеткіштер пайдаланылады.
Барлық өндірістік және қосымша бөлмелердегі ауа ортасының санитарлы-гигиеналық жағдайын туғызу үшін желдеткіштер орнатылуы керек табиғи, механикалық және аралас.
Жұмыс орнын қажетті ауа ортасымен қамтамассыз ету үшін қажетті ауа мөлшерін анықтайтын факторлар:
А. Жылу бөлетін бөлмелерде – жылу таусылғанда;
Б. Жылу және ылғал бөлінетін бөлмелерде – жұмыс ортасында жылу, ылғал таусылғанда;
В. Газ бөлінетін бөлмелерде – жұмыс ортасындағы зиянды заттардың мөлшерінен.
Соңғы жылдары өндірістік бөлмелердегі басу және формалық цехтардың ауасын желдетуді жобалап отыр.
Ауны желдетудің технологиялық қажеттілігіне байланысты толық немесе жекелеген болуы мүмкін. Толық желдету кезінде ауаның температурасымен салыстырмалы ылғалдылығы тұрақты деңгейде, ал жекелеген желдету кезінде – тек салыстырмалы ылғалдылық қана тұрақты болады.
Полиграфиялық кәсіпорындардағы ауаны желдету кең қолданыс табуы керек, себебі жаңа техниканың енуіне байланысты басу процесі ауны желдетпесе қиындай түседі.Одан басқа полиграфиялық өндірістің технологиялық процесі түрлі жылу және ылғал шығарулармен жүреді. Ол тұрақты микроклиматтың түрлі комбинациясын жасау қажеттілігін тудырады.
Жекелеген процесстердегі тұрақты температура мен салыстырмалы ылғалдылық өлшемдеріне қойылатын технологиялық талаптар жан-жақты және негізделген болуы керек, ал жобаланатын желдету жүйесі мүмкіндігінше қарапайым және тиімді болуы қажет.
Желдету жүйесін, сонымен қатар желдетудің жалпы алмасуын орнату барысында қиысатын және соратын каналдардың орналасуына үлкен мән беру керек. көп мөлшерде зиянды заттар мен жылу бөлетін жарық зонасымен жұмыс орындарында сору жүйелерін орнату керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет