Тәуелсіздік күніне арналған сценарий


Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр. Өлеңін оқиды



бет2/6
Дата05.12.2023
өлшемі79 Kb.
#195237
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
тәуелсіздік сцен
7- кокжиек қазақ тілі, әдеб 3-тоқсан- (Восстановлен) (Восстановлен) (копия), 5635 12.2 (копия), қмж пиза
Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр. Өлеңін оқиды.

Қайрат:


Қайнама қазақ қамы үшін,
Қарусыз шықтық алаңға.
Алыстан әскер алдырып
Қырып салды-ау табанда.

Сөйлесем даусым жетпейді,


Кез болдық мынау заманға.
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жанжкалға.
Осы кезде екі жендет Қайратты сот залына әкеледі.
Хатшы: Сот келді, орындарыңыздан тұрыңыздар!
Хатшы: Отырыңыздар!
Сот үкімді оқиды.
Сот: Алдындағы сот нәтижесі бойынша:
Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырыныа дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың негізінде Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес соталқасы Үкім етілді.
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып мынандай қылмыстық жазаға тартылсын.
Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығының, 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 171-1 бабы бойынша ең жоғарғы өлім жазасына, атуға кесілсін.
Апасы:- Жоқ, бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.
Хатшы:- Тынышталыңыздар. Орындарыңызға отырыңыздар.
Сот: Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма?
Қайрат: Бар.
«Ақтық сөз» өлеңін оқиды.
Қайрат:
«Ақтық сөзің не?»-деген
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтамын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бесте басым бар.
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар!
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!!! (2 солдат Қайратты сүйреп алып кетеді Хош аман бол артымда,
Ағайын, туған-азамат
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым саған аманат!
Екі жендет Қайркатты залдан жетеледі. Осы кезде апасы баласының соңынан жүреді. «Қайрат» анама өлеңінен оқиды.
Анасы жылап баласынан артынан жүгіреді.
Қайрат: Мейірімді ақ жүзіне анамның,
Көңіл жүдеп, көз жасаурап қараймын.
Кешір ана, кешірімшіл едің ғой,
Кемістігі көп-ау мына балаңның.
Кейін білдім, кеш ұғындым, өкінем,
Өкінем де, басымды иіп өтінем.
Кешір, ана, кешірімшіл едің ғой.
Қолыңнан тым ерте ұзап кетіп ем!!!

I-жүр: Алаңға шығып, өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды.


Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Қайрат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді

II-жүр:Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет