І
Мақсаты: Еліміздің тарихы болып келе жатқан Тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру.
Тәуелсіздің келу тарихы мен қырандары туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Өз елінің өшпес даңқы шыққан тарихы мен ата-баба сат дәстүрінің ұлт нышаны болып саналатыны туралы ұғым қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Отансүйгіштікке, ұлттық қазына мен мұраларды қадірлеп,қастерлеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Тәуелсіздік тарихы туралы біледі. Патриоттық тәрбие қалыптасады. Ұлтжанды боуға тырысады.
Ресурстар: Акт,Слайд, аудиожазба,видеокөрсетілім
Барысы:
1-жүр: Армысыздар ардақты ұстаздар, оқушылар және қадірменді ата-аналар, Құрметті қонақтар!
II-жүр: Сіздерді ғасырлар бойғы халқымыздың асыл мұраты- азаматтығымызды әперген айтулы мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен. Бірге: Құттықтаймыз!
Әнұран ойнатылады
I-жүр: Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 26 жыл толып отыр.
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.
II-жүр: Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
Интерактивті тақтада: М. Шаханов (4 мин) Музыка
Қайрат Рысқұлбеков туралы көрініс
Достарыңызбен бөлісу: |