Тәуелсіздік күніне арналған сценарий



бет5/6
Дата05.12.2023
өлшемі79 Kb.
#195237
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
тәуелсіздік сцен
7- кокжиек қазақ тілі, әдеб 3-тоқсан- (Восстановлен) (Восстановлен) (копия), 5635 12.2 (копия), қмж пиза
«Желтоқсан » Қ.Сарин. Бақыткелдіқызы Д.Мәнерлеп оқу.

II-жүр:Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.


Жүргізуші: 1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» жарлығына байланысты Қазақ КСР-нің 65 бабымен Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Түгелбай Тәшенұлы, Қайыргелді Күзембайұлы, Жамбыл Тайжанұлы ақталды. Жүргізуші: Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.
Хор: Көк тудың желбірегені
«Менің туым» Мәнерлеп оқу. Әбдібай З.
Әдеби монтаждар.
Оқушы:Ертеңіңебұрғаныңда бетіңді,
Ұлы ерлікке буғанбелің бекінді.
Тәуелсіздік хабаршысы – Желтоқсан,
Тарихыңның жаңа беті секілді.
Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік!Түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
Таңғажайып атың да дәл табылды,
Табылды да , талай жұртқа танылды.
Қазақ елі көкке жетті көк туың,
Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
Оқушы:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен саурған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.


Оқушы:
Ел болдық, ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Қатар шапқан қос тұлпар,


Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

Бейнелеп сан ғасырды


Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде
Оқушы:
Тәуелсіздік- айналайын кұныңан,
Түсе көрме тұғырдан.
Отаныма мәңгілігің үшін де
Садағаң болсын шыбын жан.
Тәуелсіздік – пейіл сыйы қазақтын,
Арымыздан арылғаны азаптың,
Батыры көп, ақыны көп халқыңа
Алла жар боп, туа қалған ғажап күн
Қуаныштан қалай кеуде кермеспін
Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет