1-бүріккіштер; 2-төбелік экрандар; 3-табандық экрандар; 4-конвекция секциясы; 5-бүріккішке қызмет ету аймағы; 6-тас ілмешегі; 7-буқыздырғыш; 8-қарайтын терезелер; 9-қорғаныс терезелері; 10-құбыр ілмешегі.
32-Сурет - Қабырғалы бүйірлі экраны бар тік орналасқан екі камералы пештің сызбасы
Төсемдеулі жалын принципі екіжақты сәулешығару экраны бар екікамералы пештерде де қолданылады. (33- және 34-суреттер).
33-Сурет - Екіжақты сәуле шығару экраны бар біркамералы пештің сызбасы
Екіжақты сәулелену экрандары құбыр айналасы бойынша жылудың тең бөлінуінен қыздыру беткейінің жылулық кернеулігі артуына мүмкіншілік береді. Жай экрандарға (біржақты сәулелендірілген) құбырдың жарықталынған бөлігі жылуды құбырдың ұзындығы бойынша тізбектен 600-1100 мм қашықтықта орналасқан сәулешығару қабырғаларынан алынатын пештің қабылдаудан біршама артық болады.Тік орналасқан көпкамералы пеш 35-суретте көрсетілген. Өзара параллельді және бір-бірінен тәуелсіз бірнеше секциялардың қолдануы агрегаттың жылулық қуаттылығының артуына, үдірісті жекелеп және технологиялық қондырғының жөндеу жұмыс аралығын арттыруға мүмкіндік береді. Себебі, жөндеу жұмыстары үшін тек жеке секциялар (бүкіл қондырғы емес) тоқтатыла алады. 33-суретте көрсетілген пеш 4 радиантты және бір конвекционды камерадан тұрады. Жаңа іріленген қондырғыларда камера саны 7-ге дейін және жылулық қуаттылығы әр камерада 30 млн. ккал-дан жоғары болады
34-Сурет - Екіжақты сәулешығару экраны бар екікамералы пештің сызбасы
35-Сурет – Көпкамералы реакциялық-қыздырғыш пештердің сызбасы:
1 – реакциялық секциясы; 2 - қыздырғыш секциясы; 3 – төбесі;
4- ауажылытқыш.
Достарыңызбен бөлісу: |