Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі



бет32/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

Прагматикада екі ағым бар:

а) тіл бірліктерін (мәтіндерді, сөйлемдерді, сөздерді; сол сияқты фонетикалық-фонологиялық сала құбылыстарын) прагматикалық әлеуетін жүйелі зерттеуге бағытталған және

ә) коммуниканттардың тілдік қатынас үрдісіндегі бір-бірімен қатынас, көбіне коммуникатоцентристік (автоцентристік) коммуникативтік модельдер бойынша құрылған қатынастарды зерделеуге бағытталған.

М. М. Бахтиннің негізгі және қосымша сөйлеу жанрлары туралы идеясы ғалымдардың отандық жанртанудың дамуын дәстүрлі семиотикалық жүйеде - семантика (жанрдың аты) – синтактика (жанрдың композициясы) - прагматика (айтушының мақсаты және оның тиісті жанрды таңдауы) қарастыруына және олардың сөйлеу жанрларын зерттеуді үш бағытқа бөлуіне мүмкіндік береді.




Зерттеушілер прагматиканы  коммуникатор прагматикасы және реципиент прагматикасы деп екіге бөледі. Мәтінді түзуші коммуниканттар өз мәтінімен бірге нақты жағдаятқа, белгілі бір тілдік контекстке тән алуан түрлі мәтіндерді интерпретациялаушы болып табылады. Коммуниканттар айтылымда өз хабарламасының екіжақты түсінілуі мүмкін екендігін біліп, ойын соған бейімдейді. Аудиторияның мәтінді барынша дұрыс түсінуі үшін адресант ақпаратты жеткізу барысында оқырманның қажеттілігін, білім деңгейін, әлеуметтік ұстанымдарын ескереді. Осыған байланысты мәтіннің прагматикалық сипаттамасын арнайы қарастыру қажеттігі туындайды. Өйткені мәтіннің прагматикалық компоненті тілдік құралдардың жұмсалуына қатысты заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Газет мәтінінде адресанттың белгілі бір прагматикалық ұстанымы көрініс табады. Зерттеушілер оны 3 түрге жіктейді: 

1) Ақпараттық ұстаным (мәліметті іріктеп ұсыну); 

2) фатикалық ұстаным (материалды оқырман назарын аударту үшін пайдалану); 

3) манипулятивтік ұстаным (мәтінде баяндалатын оқиғаларға қатысты оқырман көзққарасын қалыптастыруды мақсат ету). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет