Коммуникативтік құзіреттілік – бұл тілді қарым-қатынас кеңістігі ретінде түсініп, іс-əре- кеттің белгілі бір саласында қарым-қатынастың мақсаты мен жағдаятына сай үйреніп жатқан тіл құралдары арқылы сөйлеу əрекетін жасау қабілеті.
Тілдік құзіреттілік – тіл арнайы заңдылық- пен қызмет жасайтын жүйе деп түсініп, осы жүйенің көмегімен басқа адамның ойын ұғу жəне ауызша, жазбаша түрде өзіндік пайым- дауларын жеткізе білу қабілеті.
Əлеуметтік-мəдени құзіреттілік – тіл халық мəдениетінің құрамдас бөлігі, мəдениетті тасымалдаушы құрал деп түсініп, үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықтың əдет-ғұрпын, этикетін, əлеуметтік стереотиптерін, тарихын, мəдениетін қоса меңгеріп, қарым-қатынас бары- сында оларды қолдана білу қабілеті.
20. Лингвофизика теориясы
Лингвофизика тілді барлық физикалық ерекшеліктері қырынан қарастырады. Тіл бұл жерде басқа физикалық құбылыстармен қатар қойылады. Тіл физикалық сипаты қырынан алғанда дыбыстардың жиынтығын көрсетеді. Тіл ғылымын сондай-ақ лингвистикалық акустика немесе фонетикалық акустика деп атауға болады. Акустика – жалпы дыбыстар туралы ғылым. Лингвофизика сөйтіп акустика мен фонетиканың арасынан шығады.
Сөйлеу дыбыстарын басқа дыбыстармен бір қатарда қарастыру алғаш рет фонетикалық лабораторияларда өткізілді. Ресейде мұндай лабораториялар Қазан және Петроград университеттерінде құрылды. Бұл лабораторияларда өткізілген зерттеулердің нәтижелері 19-20 ғасырлар аралығында В.А.богородицкий және Л.В.Щерба еңбектерінде көрініс тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: |