22. Тілдің ішкі және сыртқы реконструкциясының әдіснамасы
Тілдің ішкі және сыртқы реконструкциясының әдіснамасы.
Сыртқы реконструкция әдісі
Реконструкция (лат. re – жаңарту, жаңғырту, constructiо – құру) – салыстырмалы- тарихи тіл біліміндегі тәсілдер жиынтығы. Реконструкция тілдік құбылыстар мен формаларды қайта жаңғырту арқылы тіл дамуының бұрынғы кезеңдеріне тән әртүрлі деңгейдегі жүйелік қатынастарды қарастырады. Тарихи тіл білімі саласында таным мақсатына қарай реконструкция әдісі сыртқы реконструкция әдісі (диахрониялық, интерлингвистикалық бағыт) және ішкі реконструкция әдісі (диахрониялық, интралингвистикалық бағыт) болып екіге бөлінеді.Сыртқы реконструкция тіл дамуындағы жүйелі қатынасқа сүйене отырып туыс тілдердің материалын салыстыру арқылы салыстыратын тілдің тарихи даму заңдылықтарын ашады.Сыртқы реконструкция әдісінің мақсаты сыртқы ұқсастыққа негізделген туыс тілдердегі лексикалық бірліктерді қарастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |