Тіл білімінің негіздері (8-сыныпта қазақ тілін бағдарлы оқыту) Орал -2022



бет1/33
Дата23.09.2022
өлшемі0,57 Mb.
#150468
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
№44 Шахина Л.Ғ. Куангалиева Г.М.




Тіл білімінің негіздері


(8-сыныпта қазақ тілін бағдарлы оқыту)





Орал -2022

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды. Хаттама № 2 08.04. 2022 жыл


Құрастырған: Шахина Л.Ғ.
Куангалиева Г. М.
Дінмұхамед Қонаев атындағы № 44 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері, педагог-зерттеуші
Пікір жазғандар: Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Шамбилова Жансила Умирзаковна


Дінмұхамед Қонаев атындағы № 44 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі
Әдістемелік бағдарлама жаңартылған білім мазмұнына сай қазақ тілі пәнінен 8-сыныпқа арналған қосымша оқыту сағатына құрылған. Әр тақырып оқу мақсаты негізінде жасалған. Бағдарлама талапқа сай мақсат - міндеттері нақтыланған, сондықтан тәжірибеде қолдануға болады.

Мазмұны



І. Түсінік хат ____________________________ 1 -бет
ІІ. Негізгі бөлім
1. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері______ 2- бет
2. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар _____ 3 -12-бет
3.Қысқа мерзімді жоспарлар________________ 13-38-бет
ІІІ. Қорытынды ___________________________ 39 -бет
Қолданылған әдебиеттер __________________ 40- бет


Түсінік хат

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Қазақ тілін қосымша оқыту бағдарламасының мақсаты – білім алушылардың қазақ тілі грамматикасынан тереңірек білім алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу . Қосымша оқыту – бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын меңгерту.
Бағдарлама жүйесінің артықшылығы - баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ынтасын оятады. Жүргізілетін жұмыстар күнделікті оқыту мен оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бағдарлама бойынша жұмысты үздіксіз жүргізе отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл немесе баға қоймастан оқу үрдісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.
Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған және бекіткен оқулықтар мен әдістемелерге сүйене жасалды. Сонымен қатар, оқу материалдарына негізделіп құрылған қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушылардың қазақ тілінде тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуін дамыту көзделген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет