«Қазақ тілі сабағында тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер» Әзірлеген: «№189 жббм» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Касиева А. Ж
«Қазақ тілі сабағында тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер»
Білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу — ХХІ ғасыр мұғалімдерінің басты міндеті.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда отандық және халықаралық озық үлгілерді тиімді пайдалану, оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру — бүгінгі күннің басты талабы. Қазақ тілі сабақтарында еркін қарым-қатынас жасауға, сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыландырса, оқушы қазақ тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады.
Коммуникативті оқыту ұстанымы- тілдік дағдыларды дамыту
ТЫҢДАЛЫМ АЙТЫЛЫМ ОҚЫЛЫМ ЖАЗЫЛЫМ Тілдік төрт дағды (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады.
Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғы шарты – тыңдалым әрекеті болып табылады. Өйткені күнделікті өмірде оқушы көптеген ақпаратты сағат сайын естіп, көріп тыңдайды. Бірақ кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсіну, сөйлеу әрекетін қалыптастырады.
Егер тыңдаушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым, жазылым, оқылым), яғни айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жасай алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды; көтерілген мәселеге қатысты өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады.
Сабақты өткізуде оқытушы ескеруі қажет: сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже анық болу керек; тілдік төрт дағдыны (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) дамыту; белсенді оқыту түрлерін қолдану арқылы оқушы қажеттілігін арттыру; мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс; оқу жетістігін критериалды жүйе арқылы бағалау.