Детальное аудирование
Қажетті ақпаратты табу мақсатында орындалады
|
Мәтіннің тақырыбын, негізгі ойды анықтауға бағытталған
|
Мәтінді толық түсіну, яғни мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беру, мәтінді қорытындылау
|
Нақты сандарды, жылдарды, атауларды, адам аттарын жазуға бағытталады
| | |
Аудиомәтінмен жұмыс істеу кезеңдері
Мәтіналды жұмыс
Мәтінмен жұмыс
Мәтінсоңы жұмыс
Мәтіналды жұмыстарында белгілі бір жағдаят туғызу немесе жекелеген сөздер, сөз тіркестері, суреттер, жоспар арқылы тіл үйренушіге тыңдайтын мәтін тақырыбына болжам жасату керек.
Мәтінмен жұмыс тікелей тыңдау барысында орындалады. Тыңдау арқылы қабылдау, түсіну қабілеттерін дамытуға арналған фонетикалық, лексика-грамматикалық жаттығулар орындату: берілген ақпаратпен келісукеліспеу, сұраққа жауап, түсіп қалған дыбысты, қосымшаны, сөзді анықтау, сөйлемді аяқтау, визуалды диктант, перифраз жасау, негізгі Кім? Не? Қайда? Неге? Қалай? Неліктен? деген 5 сұраққа жауап береді
Үшінші кезең үш түрлі тапсырмадан тұрады: 1) Тыңдалған мәтінді түсіне білу; 2) қабылданған ақпаратты шығармашылық өңдеуден өткізе білу; 3) алынған ақпаратты тілдік қарым-қатынаста қолдана білу. Яғни, бұл кезеңде алынған ақпартты дискуссияда, біреуге кеңес немесе жаңа ақпарат беруде қолдану керек.
Аудиомәтіндерге қойылатын талаптар:
- Аутентикалық мәтіндер
- негізгі ойды білдіретін, фактілер мен дәлелдемелерден тұратын ақпараттың болуы
- айтылған ойдың логикалық жүйелілігі
- соңында мәтіннің мазмұнын ашатын қорытындының берілуі
Жоғарыдағы кестеде берілгендей, тыңдалымға қажетті ақпарат тіл үйренушінің күнделікті өміріне байланысты болу керек екеніне көз жеткіземіз.
Достарыңызбен бөлісу: |