31. Диалогтік сөйлеуді қалыптастыру әдістері
Диалогтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, сөйлеу мәнерін қалыптастыратын,тіл үйретудің тиімді жолы саналады.
Диалог арқылы оқытуға мынадай сипаттама беруге болады. «Диалог екі немесе одан да көп серіктестердің ауызша сөйлесу әрекетінің үйлесімді жемісі, ол- өзара байланысы бар мәтін».Өз ойын еркін жеткізе білетін, үш тілді жақсы меңгерген, өзіндік пікірі бар, өз бетімен шешім қабылдай алатын ұрпақ тәрбиелеу үшін, оқушы мен мұғалім өзара қарым-қатынасы, мектептегі рухани атмосфераны өзгерту маңызды. Диалогтық оқыту арқылы осындай жеке тұлғаны қалыптастыруға болады деп ойлаймын. Диалогтік сұхбаттасу оқушылардың ауызекі тілін дамытуға қомақты үлес қосатын шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.
Баланың қарым –қатынас жасау үшін қабылдаған барлық әрекеттерін марапаттап отыру қажет. Баланың ауызекі тілін жөндеуден аулақ болу, одан да сөйлеуді дамытатын жақсы модельдермен және мүмкіндіктермен қамтамасыз еткен тиімді.
32. Балалар көркем әдебиетінің сөйлеу және жеке тұлға үшін маңызы
Біріншіден, қарапайым шығармадан кереметтей сахналық көрініс жасауға болатынын сезініп, оған кіп-кішкентай болып өздері қатысқандарына қуанады, арман, қиял құшағына енеді, ақыл-ой белсенділігі күшейеді, бара-бара өз тарапынан да өнерін көрсете алады. Бұл жерде шығармашылығы дамиды, «Таным» білім беру саласы да кеңінен орын алып отыр.
Екіншіден, өзі жасаған кейіпкердің сөзін жаттайды да тіл байлығы жетіледі. «Қатынас» білім беру саласын қолға алуға болады.
Үшіншіден, сахнаны безендіруге қатысу кезінде әдемілікке, әсемдікке тәрбиеленеді, айналаны қоршаған ортаны тани түседі. «Әлеуметтік орта» жүзеге асыптұр.
Төртіншіден басқа балалармен ұжымдық қарым-қатынасқа түсіп, адамгершілікке, сыйластыққа, бауырмашылдыққа тәрбиеленеді. «Денсаулық» білім беру саласы бізді әдемілік-әсемдікке жетелейтіні сөзсіз.
Сондай – ақ сахнада жүру, тұру, сөйлеу, өзін-өзі ұстай білу мәдениетіне үйренумен қатар жан-жануарларға, құстарға қамқорлық жасауға бейімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |