Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары



бет41/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары

52. Ұсыныстар құруға үйрету
Ұсыныстарды құру үшін CREATE VIEW операторы пайдаланылады. Ұсыныс бір немесе бірнеше ұсыныстар негізінде құрылуы мүмкін. Ұсынысты құрудың операторының типтік синткасисінің түрі келесідей:
CREATE VIEW имя_представления AS
{оператор выборки данных}
Ұсыныс құрылған соң онымен ұсыныс аты ретінде берілген аты бар қарапайым кесте сияқты жұмыс істеуге болады. Қандай да бір өзгешелігі топтау сөйлемі бар ұсыныстар. Мұндай ұсыныстар үшін мәліметтер таңдауда ешқандай шектеу жоқ, бірақ оларға мәліметтерді басқару операторын қолданбайды.
51. Бастауыш сынып мұғалімінің сөзіне қойылатын талаптар
Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Жалпы адамның мектептегі білім алу кезеңі және тұтас педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жету үшін бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісі казіргі заман талаптарына сай құрылуы шарт. Мектептегі кез-келген жаңарулар бастауыш мектептен бастау алады. Сондықтан бастауыш мұғаліміне қойылар талап пен жауапкершілік те салмақты. Қазіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін «дайын» білім көзі ғана болмай, керісінше кіші мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білу қажет. Ол үшін мұғалім өз бетімен білімін жетілдіре алатын, шығармашылық, сыни ойлауы қалыптасқан, қалыптан тыс кәсіби міндеттерін шешуде жаңаша жол табуға дағдыланған маман болуы қажет. Бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәрбие таным мәселесінде қиылысады. Танымдық іс-әрекет оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Қазіргі балалардың таным белсенділігі мен қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізетін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін білім беруде орынды пайдалансақ, ол өзінің сипатын береді:
o оқушының жаттығу жұмысы нәтижесінде деңгейлері көтеріледі;
o пәнге деген қызығушылығы артады;
o оқушының білім сапасы көтеріледі;
o логикалық ойлау мен шығармашылық іс-әрекетке қабілеті артады.
Білім берудің бастауыш сатысы- тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастыратын жауапты кезең. Бастауыш сыныптағы баланың қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, дамып жатқан оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану ең маңызды іс болып отыр. Қазіргі күннің талабына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытуда жаңа ақпараттық-компьютерлік технологияны пайдалану оның тиімді әдісін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр. Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқудағы пән аралық байланысты күшейте отырып, оқушының дүние танымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре білуге, оны дамытуға толық жағдай жасайды. Бастауыш сынып оқушысының оқуға деген көзқарасының бір параметрі оның танымдық деңгейіне байланысты екені ғылымда көрсетілген. Бала жасына әр нәрсеге ерекше көзқараста болады. Әр заттың сырын біліп, оның жан-жақты танығысы келеді, бұл табиғи заңдылық. Сондықтан баланың танымдық қабілетін дамытып, оның дүниеге деген ой-сезімін қанағаттандыру арқылы мектептегі оқу-тәрбие процесінің тиімділігін қалыптастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет