Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Шығармаларды іріктеп айтып беруі. Кейіпкерлердің сипаттамаларындағы сөздік жұмысының ерекшеліктері



бет53/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары

67. Шығармаларды іріктеп айтып беруі. Кейіпкерлердің сипаттамаларындағы сөздік жұмысының ерекшеліктері
Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ. Әдебиетте адамның көркем бейнесін жасағанда, жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттарымен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де анық байқалатындай етіп суреттейді. Көркем бейненің типтік өзгешелігі қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралық, жекелік сипат-белгілері адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылық қалпында көріп-білу үшін сондайлық қажет. Көркем бейнеге тән типтік және даралық сипат-ерекшеліктер – тұтас ұғым. Кейіпкердің іс-әрекетіндегі, мінезіндегі көптеген жекелік сипат-белгілер өзінің даралық, нақтылық қалпын сақтай отырып, типтік мағынаға да ие бола алады. Кейіпкердің типтік бейнесін суреттеу үшін қоғамдық өмірді жан-жақты, терең зерттеп, білу шарт. Өйткені, көркем бейненің типтік қасиет-сипаты неғұрлым жоғары болған сайын, оның танымдық күші де соғұрлым арта түседі. Кейіпкердің драмалық шығармада атқаратын міндеті басымырақ. Мұнда оқиға бастан-аяқ қатысушы персонаждардың айтқан сөздері (реплика) арқылы өрбиді.
68. Әр түрлі әңгімелеуді оқыту әдістемесі
Әңгіме — оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді.
Академик З.Ахметовтің пікірінше, әңгіме оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шағын көлемді шығарма. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері алдымен оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, кейіпкер жүйесі арқылы анықталады. Әңгімеде әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады… Әңгімеде де басқа жанрлар секілді, алдымен адам — оның өмірі мен тағдыры көрінуі тиіс. Аса маңызды деген оқиға суреттелуі керек. Сөйтіп әңгіме көлемі шағын шығарма болғанымен, қаламгер үшін нағыз шеберлік мектебі екеніне сөз жоқ. Оған қатысатын кейіпкерлер де көп болмайды. Сюжет желісі бір арналы, ширақ келіп, тақырыбы мен идеясы айқын болады. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ-сонар суреттеме жазуға орын жоқ. Бір оқиға, тартыс-қақтығысты бейнелеумен кейіпкерлердің мінез-тұлғасы толық, айқын көрініс тауып, маңызды ой-түйіндер жасалуы қажет. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айырықша көркемдік шеберлікті талап етеді.
Қысқа мерзімде оқылатын әңгіме оқырманға қыруар эстетикалық ләззат беру тек шебер жазушыларының ғана қолынан келеді: бес-он бет қана кішкене шығарма көлемінде үлкен өмірдің бір бөлген жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдына қилы-қилы мінездің адамын жетелеп әкеп, жақсысына сүйсінтіп, жаманынан түңіліп отыру — ірі шеберлік[15, 37].
Әңгіме туралы ұғым. V сыныпта бірнеше авторлардың әр түрлі тақырыпқа жазған әңгімелері өтіледі. Әңгімені оқытпас бұрын оқушыларға біз ең алдымен әңгіме дегеніміз не екенін түсіндіріп кетеміз. Әдеби-теориялық ұғым беріп кеткен соң, оны мәнерлеп оқи білуге үйретеміз. Мәнерлеп оқи білген оқушы әңгімедегі оқиғаларды жақсы түсінеді, есінде ұзақ сақтайды.
Әңгімеде адамдар арасында болған әр алуан оқиғалар, қарым-қатынастар сөз болады.
Адамдар арасындағы оқиғалар адам мінезін жан-жақты көрсету арқылы беріледі. Ал шығармадағы адамдар арасында болған оқиғаларды көрсету әдісі — баяндау (оқиға туралы әңгімелеу) деп айтадыё. Екінші сөзбен айтсақ, оқиға қалай болғанын, қатысушылардың қимыл-әрекеттерін, олардың арасындағы тартыстың себебін автор өз атынан немесе қатысушы кейіпкер атынан не бірінші жақта, не үшінші жақта баяндайды.
Мысал үшін Бейімбет Майлиннің Түйебай атты әңгімесін мәнерлеп оқып, жалпы мазмұнымен танысқаннан кейін әңгімені талдауға үйретеміз. Ол үшін мұндағы баяндалған оқиғаны оқушыларға бірнеше сұрақтар беріп ауызша мазмұндатамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет