Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары



бет54/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары

69. Өлеңдерді жаттау әдістемесі
Өлең жаттауды мейлінше ертерек қолға алған дұрыс, кем дегенде айтатын күннен 2-3 күн бұрын жаттай бастасаңыз, сол күнге сақадай сай тұрасыз. Алдымен өлеңді бірнеше рет дауыстап оқып алыңыз. Одан соң оқиғаның ішіне еніп, әр картинаны көзге елестетіп, мәнін ұғыныңыз. Өлеңде бас кейіпкер болса, оның орнына өзіңізді қойып немесе ақынның не айтқысы келгенін түсінуге тырысып, жан дүниесіне үңіліңіз. Өлеңді көшіріп жазып алсаңыз, көз алдында елестеп, тағы бір есте сақтау жолы арқылы қабылдайсыз. Енді жазып алғаныңызды тағы бір рет дауыстап оқи отырып, миыңызға тоқып алыңыз. Содан соң жаттауға көшеміз. Бірінші шумағын бірнеше рет оқып, қайталап, есіңізде сақтаңыз, келесі шумақтарын да осылай бір-бірден қосып отырыңыз. Қосымша қағазға әр жолдың бірінші жолын жазып қойыңыз. Барлық шумақты есте сақтағаннан кейін, ұмытып қалсаңыз, қарап алуға болады.
Есте сақтаудың барлық түрін қолданыңыз. Дауыстап оқыңыз, көшіріп жазыңыз, дауысыңызды диктофонға жазып, тыңдаңыз. Өз дауысыңызды тыңдап, қайталап айтсаңыз да есте жақсы сақталады, бұл әдіс әсіресе мағынасын аса түсінбейтін, шет тілдерінде жазылған өлеңжі жаттауға жақсы көмектеседі. Ұйықтар алдында міндетті түрде оқып жатыңыз, таңертең таза мимен тағы қайталасаңыз, есте сақталу мүмкіндігі арта береді. Әр жолдың бірінші сөзін жазып алып, ұмытпайтын жерлеріңізді біртіндеп өшырып отырыңыз. Алдымен екі жолды, содан соң әр шумақтың бірінші сөзін, соңында екі шумақтың, төрт шумақтың бірінші сөзін ғана қалдырып, азайта берсеңіз, мүдірмей айтатындай жаттайсыз. Рэп секілді оқып немесе бір әуеннің ырғағына салып ап, ән секілді жаттасаңыз да тез жатталады.
70. Мәтін түрлері :сипаттау,баяндау,пайымдау
Мәтін – бірнеше сөйлемдерден құрылған белгілі бір ойды, оқиғаны білдіреді. Мәтінде оқиға – хабарланады, баяндалады, әңгімеленеді, ал құбылыс – сипатталады, суреттеледі. Ол – өзара байланысқан сөйлемдерден,абзацтардан тұрады. Оған ат қоюға, жоспар құруға болады. Оның басталуы, негізі, соңы болады. Тақырып – мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.
Мәтінге әңгіме, өлең, жыр, ертегі сияқты жанрлар жатады. Мәтіннің мынадай түрлері бар: әңгімелесу, пайымдау, сипаттау.
Әңгімелесу мәтіні – тек мұғалімнің өзі ғана емес, түгел сынып оқушылары қатысып, топта талқыланады. Қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? Сұрағына жауап береді.
Сипаттау мәтіні – бір нәрсенің бейнесін (затты) немесе табиғат көріністерін сипаттау. Қандай? Қалай?сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Күзде жапырақтар сарғайып, айнала сары алтынға малынады.
Пайымдау мәтіні – белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және Не үшін? сұрағына жауап береді.
Мәтін түрлерін сұрақ қою арқылы ажыратуға болады.
Мәтіннің біріншісінде, сөйлеудің ауызша жөне жазбаша екендігі қарастырылады. Ауызша мәтін уақытпен байланысты болса, жазбаша мәтін кеңістікпен байланысты. Ауызша мәтіндер синтаксистік құрылымы жағынан жазбашаға қарағанда, анағұрлым қарапайымдау, эллипсистігі мол, мағыналық құрылымы бір-біріне ұқсастығыэкспрессивтік элементтері мол болып келетін мәтіндер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет