Қан, оның атқаратын қызметтері
Қан қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық ұлпа. Ол ұлпалық сұйық, лимфамен бірігіп, организмнің ішкі ортасьн құрайды, денеде көп қырлы қызмет атқарады, солардың арасында бастылары:
-тасымалдаушы қызмет — қан торшаларға қорек жеткізіп, олардан алып шыққан алмасу өнімдерін бөлу мүшелеріне (бүйрек, тер бездері, өкпе т.б.) тасымалдайды. Қанмен денеге гормондар таральп, үлпаларға оттегі жеткізіледі, торшалардан көмір қышқыл алынып кетіледі;
-Қорғаныстық қызмет. Қанның ақ түйіршіктері фагоциттік белсенділік көрсетеді (торшалық иммунитет) және лимфоциттер бөлген антиденелер бөгде заттарды жойып отырады (гуморальды иммунитет);
-жылу реттеуші қызмет. Толассыз айналыста болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Қанның жәрдемімен жылудың артық мелшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді;
-байланыстырушы (коррелятивтік) қызмет. Әр түрлі мүшелер мен торшалар әрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі секреция бездері бөлген гормондарды тасымалдап, қан организм торшаларын, үлпаларын, мүшелерін өзара байланыстырады.
Қан әр түрлі торшалар жиынтығы болып табылады. Ол сүйық зат -плазмадан және қан түйіршіктерінен (торшаларынан): қызыл түйіршіктерден (эритроциттерден), ақ түйіршіктерден (лейкоциттерден) және қан табақшаларынан (тромбоциттерден) тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |