Плазма және қан сарысуы
Плазма да, сарысу да сұйық зат. Оның түсі құрамында бояғыш заттардың (лютеин, каротин, ксантофилл) болуына байланысты. Плазманың кұрамында 90-92% су, 8-10% құрғақ зат болады. Құрғақ заттың 6-8%-ы белоктардан тұрады. Плазма белоктары альбумин, глобулин, фибриноген фракцияларына бөлінеді. Қан плазмасы құрамында несепнәр, зәр қышқылы, пурин негіздері, креатин, амин қышқылдары, аммиак сияқты белок алмасуының қалдық өнімдері болады. Бұл қосылыстарды қалдық азот деп атайды. Оның қандағы мөлшері белок алмасуының қарқынына, организмнің физиологиялық жағдайына байланысты өзгереді. Плазма құрамында көмірсулар (глюкоза), липидтер және минералды заттар (0,9%) болады. Қан құрамындағы белоктарға пропердин мен ферменттер (амилаза, липаза, сілтілі фосфатаза, трансаминаза) де жатады. Пропердин вирус белоктарынан байланысып, оларды залалсыздандырады, бактериаларды өлтіреді, сондықтан ол кейбір ауруларға қарсы күресудің туа пайда болған факторы болыл саналады.
Қанға ұйытпайтын зат қосып тұндырғанда бөлініп шыққан сары бөлінген оның сұйық бөлігін қан сарысуы деп атайды. Қан сарысуы құрамы мен қасиеттері жағынан плазмаға ұқсас, тек оның құрамында фибриноген белогы ғана болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |