Tipi ағзалардың химиялық қүрамы. Бейағзалық заттар



бет74/96
Дата25.06.2020
өлшемі338,37 Kb.
#74520
түріҚұрамы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   96
Байланысты:
Тірі организмдердің химиялық құрамы

Везикулдар. Қорды ұстап, қорек зат жинайды. Бір мембраналы. Барлық эукариоттарда кездеседі.

Лизосомалар. Лабильді кіші құрамында ферменттері бар зат, ол көбінше гидролаз (тамақ қорытатын фермент) фагоцитирлі тамақтарды қорытады. Бір мембраналы. Іші тамақ ыдырататын ферменттерге толы. Эукариоттардың көбінде кездеседі.

Центриоль. Цитоскелет түзетін жер. Жасуша түзілуіне атсалысады. Бірқалыпты хромосоманы жайғастырып отырады. Мембранасыз, эукариоттарда кездеседі.

Меланосома. Пигмент сақтайды. Бір мембраналы, жануарларда болады.

Миофибрилдер. Бұлшықетті талшықтардың қысқартылуына атсалысады. Ақуызды жіптердің жиналған жиынтығы. Барлық жануарларда кездеседі.

Рибосома (лат. rіbes— ағыс және грек. Some — дене) — ақуыз синтезін жүзеге асыратын жасуша-ішілік органоид. Рибосомалар - екі орташа: үлкен және кіші өлшем бірлігінен тұрады. Нәруыздар биосинтезін (нәруызда аминқышқылдарды қосады) іске асырады.

Рибосома тірі организмдердің барлығынан дерлік табылған. Әр жасушада шамамен 1000-нан 10000-ға дейін Рибосомалар болады. Шамамен диам. 20 нм-дей. Рибосомалар екі класқа бөлінеді: 70S және 80S (S-седиментация коэфф., Сведберг бірлігі). 70S Рибосома ядросы жоқ прокариоттар жасушаларында, ал 80S Р-лар эукариоттардың цитоплазмасында болады. Химиялық құрамы жағынан Р-лар РНІ-нан және ақуыздардан тұратын нуклеопротеид болып саналады. 70SBold text Рибосомасының 60 — 65%-ы РНҚ және 35 — 40%-ы ақуыздан, ал 80S Рибосомасының 50%-ы РНҚ-дан, 50%-ы ақуыздан құралады. Құрылымы жағынан Рибосомалар үлкен және кіші суббөліктерден тұрады.Рибосомалар цитоплазмада топтасып (5-70-тен) орналасып, полисомалар (полирибосома) түзеді. Рибонуклеопротеидтен құралған (пен РНҚ) рибосомалар жасуша цитоплазмасында базофилді боялады, олардың құрамында ферменттер де кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет