Тіршілік қауіпсіздік негіздері


Бас жарақаты кезінде таза таңғыш қою тәртібі



бет32/90
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#89791
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90
Байланысты:
Тіршілік қауіпсіздігі дәрістер жинағы
Тараулар бойынша тест сұрақтары, Қорытынды сұрақтар жауабымен, Тараулар бойынша тест сұрақтары, 0007270c-2dd5b176, Әдістемелік нұсқаулық
4.1. Бас жарақаты кезінде таза таңғыш қою тәртібі

Басқа таңғышты-«тақияны» мынадай әдіспен қояды. 1м-ға жуық бинт кесіндісін төбеге қояды, оның ұшын (байламын) тік құлақ қалқанының алдынан төмен түсіреді. Басты айналдыра (6а-сурет) отыра байлайды, содан соң түйінге жеткен соң бинтті оның төңірегінен екі жағынан да орап қиғаштай желкеге жеткізеді, желке мен маңдай арқылы кезекпен орап, бастың бүкіл шашты бөлігін жабады (6б сурет). Бас ауқымды жараланған кезде беттің үстіндегі олардың орналасуына орай «ауыздық» тәріздес таңғыш қойған жақсы. Маңдай арқылы 2-3 рет айналдыра мығым орағаннан кейін (6а сурет) бинтті желке арқылы (7-сурет) мойын мен иекке апарады, иекпен төбе арқылы бірнеше рет тіктей орайды, содан соң иектен бинт желкеге апарылады. Мойынды, көмей мен иекті жабу үшін таңғыш (7б суретте) көрсетілгендей қойылады.


а) б)

Сурет-7 Басқа «ауыздық» тәріздес таңғыш орау.

Мұрынға, маңдайға, иекке сақпан тәріздес таңғыш қояды (8а,б,в сурет), бұл таңғыш енді бинттен немесе ұзындығы 75-80 см мата кесіндісінен жасалады. Сол үшін таңғыштың ұшын екі жағынан оның ұзындығы 15-20см орта бөлігі тұтас қалатындай есеппен айналдыра кеседі. Қиындының кесілмеген бөлігін қажетті жерге көлденең бағытта орайды.


Бұдан кейін 2-3 айналдыра орап таңғышты бекітеді таңғыштың ұшын иектің астынан бинтпен бекітеді.

а) мұрынға б) маңдайға в) иекке


Сурет-8 Сақпан тәріздес таңғыш


































    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет