Тістің экстракциясындағы қансырауда мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші


Көрсеткіші- күйіктер, үсіктер, түгел саусақтардың жарақаты Құжаттар



бет10/49
Дата03.11.2023
өлшемі83,73 Kb.
#189216
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
Байланысты:
алгоритм - копия

Көрсеткіші- күйіктер, үсіктер, түгел саусақтардың жарақаты
Құжаттар

  • Бинт, ені 5 см

Іс-әрекетінің алгоритмі

  • Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, жарақаттанған қолдың жағынан білекті столдың үстіне орналастыру, қолдар бос болу керек

  • Тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру

  • Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын – оң жақ қолға, сол жақтан оң жаққа қарай бинттеу

  • Бинтті білезік буынға орналастыру

  • Білезік буында 2 бекітетін тур жасау

Есте қалдыру- оң жақ қолға бірінші саусақтан, сол жақ қолға- бесінші саусақтан байлам салынады.

  • Білезік буыннан бастап, қолдың сыртымен саусақтың негізіне дейін бинт жүргізіледі.

  • Бинтті спираль тәрізді жолдармен бас жағына апарып әрі қарай негізіне қайту.

  • Саусақтың негізінен бастап, крест тәрізді тур арқылы білезік буынына апару.

  • Білезік буынынан бастап қолың сыртымен келесі саусаққа жылжу.

  • 6-7-ші пунктер қайталанады

  • Білезік буында бекітетін турлармен байламды бітіру

  • Бинттің шетін кесіп, түйінге байлау

Есте қалдыру- осындай тәсілмен түгел саусақтарға байлам салынады. Егерде байлам дұрыс салынса, алақан ашық болу керек
Омырауға байлам салған кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі

Көрсеткіші- сүт безінің қабынуы, жарақаттар, күйіктер, операциядан кейін
Құжаттар

  • Бинт, ені 20 см

Іс-әрекетінің алгоритмі

  • Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу керек

  • Тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру

  • Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын – оң жақ қолға, сол жақтан оң жаққа қарай бинттеу

  • Омырау астында, кеудеге 2 бекітетін тур жасау

  • Арқа мен қолтық астына бинтті жылжыту

  • Сүт безін асты жағынан бекітіп, бинтті қиғаш түрінде қарама-қарсы иық жаққа көтеру

  • Арқа мен қолтық астына арт жағынан (ауырған сүт безі жағынан) өткізу

  • Сүт безін жоғарғы жақтан айналып, бинтті сау сүт безден қолтық астына жылжыту, 4-5-ші пунктер қайталанады

  • Омырау толық жабылғанша бинттің турлары салынады

  • Омырау астынан 2 бекітетін турмен жүргізіп, байламның шетін қиып, түйінмен байлау

Есте қалдыру – оң жақ омырауға байлам салынады, сол жақтан – оңға, сол жақ омырауға – оң жақтан- солға




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет