«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»



бет101/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері
Горманизация Сапақ Ақерке, Горманизация Сапақ Ақерке, 5-сабак «Қараой», 4 тапсырма
6.7-сурет. Нанодәрі бөлшегінің моделі

Дәріні жеткізу жеткіліксіз болатын жағдайлар кездеседі, бұл кезде зақымдалған жасушалардың орнын дәл анықтау қажет. Ол үшін дәрілік препараттарға «орналасу қадағалары», яғни белгілі бір физикалық қасиеттері бойынша анықталатын нанобөлшектер бекітіледі. Қазіргі кезде мұндай қадағалар ретінде күшті флуоресценцияға ие квантты нүктелер немесе магнитті өріске сезімталдығы магниторезонансты томография әдісінің (МРТ) негізіне салынған магнитке қарсы агенттер қолданылады.

Нанообьектілер нанодәрілердің барлық аталған функционалды элементтерінің рөлін атқаруы мүмкін. Мысалы, фуллерендер антисептикалық қасиеттерге ие, биоүйлесімді апатиттердің нанобөлшектері сүйек ұлпасын қалпына келтіру үшін қолданылады, ал магнитті оксидтер мен металдардың нанобөлшектері гипертермия әдісімен қатерлі ісіктерін емдеу үшін колданылады. Ақуызды нанокапсулалар, мицеллалар, дендримерлер, полимерлі және керамикалық нанобөлшектер, оксидті және металды нанобөлшектер, квантты нүктелер көбінесе тасымалдаушы агенттер болып табылады. Дәрілік препараттар молекулалары мұндай жүйелердің нанокуыстарының ішіне инкапсулденуі немесе олардың сыртқы беттерінде ковалентті не Вандер-ваальс байланыстарының түзілуі нәтижесінде бекітілуі мүмкін. Мысалы, магнитті өріс әсеріне сезімтал магнитті наносұйықтыктарды қолдану арқылы медикаменттерді тасымалдау көз хирургиясында операция кезінде қатпарланған көз торына физикалық әсер көрсету үшін колданылуы мүмкін. Кейбір нанобөлшектер емдік касиеттерін анықтайтын функционалды қасиеттерді де, тасымалдаушы қасиеттерді де өзінде үйлестіреді. Бұларға ең алдымен магнитті напобөлшектер жатады.

Бірақ гибридті наножүйелерді жасау нанобөлшектер мен биомолекулалардың химиялык үйлесімдігіне байланысты бірқатар мәселелерді шешуді талап етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет