Мұғалімдергеарналған тренинг Мақсаты: адамға, жеке өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.
Әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойын, интерактивті әдіс.
Көрнекілігі: ойшылдардың сөздері жазылған плакаттар, нақыл сөздер, жіп, А4 қағазы, слайд тақтасы.
Тренинг сағаттың барысы: 1. «Аялы алақан» Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі тренингтен не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын мұғалімдерге қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)
2. «Көрші» Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық: Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы.
(Мұғалімдер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)