Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Міне, Әуезов кімді Абайдың шәкірті, досы, халық ақыны деп есептейді. Әуезовтің осы пікірімен келісеміз бе? Жоқ, ешқашанда. Мұны бір деңіз»



бет185/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   271
Міне, Әуезов кімді Абайдың шәкірті, досы, халық ақыны деп есептейді. Әуезовтің осы пікірімен келісеміз бе? Жоқ, ешқашанда. Мұны бір деңіз».

Бұған қарағанда Абай ақын емес, кілең қырыпсап қарақшыларды дайындаған сияқты, Осы жолдарды оқи отырып С.Мұқановтың, Қ.Жұмалиевтің, С.Нұрышевтің ғылыми пайымы мен пікірлерінің қисынына таңдана үрейленесің. Себебі «атап, асып, өртеп, жатқан» Наурызбай, Кенесары, Көкбай емес – Әуезовтің тура өзі сияқты сыңайды баяндайды.

Қ.Жұмалиев (жалғасы): «Екіншіден, өзінің Абай туралы соңғы зерттеулерінде оның шығармашылық қайнар көзі, орыс әдебиетімен байланысы туралы дұрыс талдағанына қарамастан, бәрібір, Мұхамедхановтың еңбегі туралы пікірінде диссертанттың: оның өзінің (Әуезовтің – Т.Ж.) «Әдебиет майданы» журналының 1934 жылғы №11-12 сандарында жарияланған, онда М.Әуезов Абайды Гаспиринскийдің, Ауғанидің, Ғабдукудің және басқа да таза панисламистердің идеялық жалғастырушысы ретінде көрсеткен пантүркістік, панисламистік мақаласына жасаған сілтемесімен ымыраластық білдірді».

Демек, М.Әуезов – мұсылманшыл, дінді насихаттаушы және түрікшіл.

Қ.Жұмалиев (жалғасы): «Үшіншіден, 1951 жылы ақпандағы «Правданың» мақаласынан кейін де М.Әуезов доцент Смирнованың «ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің очерктері» атты еңбегіне маркстік зерттеу деп баға берді, ал бұл еңбекте идеологиялық тұрғыдан жат, зиянды сілтемелер келтірілген, олардың қатарында халықтық шығарма деп бүркемеленген «Алашорданың» көсемдерінің бірі Жұмабаевтің шығармасынан үзінді келтірген. Бұл Әуезов үшін масқара жағдай».

Демек, М.Әуезов алашордашыл! Шындығында да масқара екен! Сонда Смирнова кім? Дисертацияның иесі – кеңесшіл, ал оның оппоненті – алашордашыл болатыны қалай? Ол диссертацияның ғылыми жетекшісі кім? Кейін Смирнованың өзі де Жұмалиев пен Ғабдулинді жақтап шықты.

Қ.Жұмалиев (жалғасы): «Исмаиыловтың, Кенжебаевтің, Қоңыратбаевтың және басқалардың еңбектерінде жіберілген ұлтшылдық қателер Әуезовтің мадақ пікірлерімен тікелей астасып жатқаны ешкімге құпия емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын Нарманбет Орманбетовтің өлеңдер жинағы шықты, Исмаиылов оны да демократ халық ақыны деп Абайдың шәкірттерінің қатарына қосты, Әуезов ол жинаққа жақсы баға берді және оның редакторы болды. Ал бұл «ақын» «Алашорданың» мүшесі болды және өлерінде өзінің барлық мүлкін контрреволюциялық ұйымның пайдасына қалдырды. Бұл туралы «Сарыарқа» газетінде 1919 жылы жазылды. Әуезов мұны шынымен білмеді ме? Менің ойымша мұны оның білмеуі мүмкін емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет