Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет1/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   271


Тұрсын ЖҰРТБАЙ

«ҰРАНЫМ – АЛАШ!..»

(Түрме әфсанасы)

ТАЛҚЫ

(Үшінші кітап)



АЛМАТЫ

ЕЛ – ШЕЖІРЕ

2010
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігі

Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы „Отырар кітапханасы” ғылыми орталығында дайындалып, Ғылыми кеңесінде бекітілді.

Сондай-ақ Мемлекет тарихы институтының ғылыми Кеңесінде талқыланып, мақұлданды.


Рецензенттер:

С.Қирабаев, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Р.Нұрғали, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Б.Аяған, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Д.Махат, тарих ғылымдарының докторы.

Ш.Әмірбек, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор.


Ғылыми редакторы филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Тұрысбек.

Қолжазбаны компьютерге теріп, баспаға дайындаған М.Ермағанова. Қ.Камзина, А.Сатыбалдиева.

АННОТАЦИЯ
Жазушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным – Алаш!..» атты түрме әфсанасының «Талқы» атты бұл үшінші кітабы – «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің 71 қайраткерінің үстінен 1927-1932 және 1937-1938 жылдары жүргізілген тергеу ісінің негізінде жазылған «Жегі», «Тез» бөлімдерінің заңды жалғасы және қорытынды әфсанасы болып табылады. «Талқыда» – жазушы-ғалым Мұхтар Әуезовтің қырық жылға созылған қудаланды (1917-1961) өмірі мен шығармашылық тағдыры, тұлғалар талқысы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің архивіндегі «аса құпия құжаттармен», сирек деректермен, өзара жазысқан хаттармен жарыстырыла талданып, кеңестік жазалау жүйесінің рухани тәуелділікке жүгіндіру мақсатында жүргізілген идеологиялық қысым саясатын жүйелі түрде талдайды.

Қазақтың ұлттық Біртұтас Алаш идеясын тұңғыш рет тұжырымдай жүйелеп берген «Ұраным – Алаш!..» атты үш кітаптан тұратын бұл іргелі зерттеу – алаш қозғалысы туралы жазылған іргелі де толымды әфсана болып табылады.

ТАЛЫС

(Аңғарту орнына)



Ең қасиетті де киелі күрес – рухани бостандық пен рухани тәуелсіздік жолындағы жан қасымы, ең жауыз және ең қастаншықпағыр саясат – бір ұлтты екініші ұлттың рухани тәуелді етуіне бағытталған саясат.

Саяси, экономикалық, шекаралық тәуелділікке ұшыраған ұлт – құрып кетудің қаупі төнген ұлт.

Ал осыған қоса рухани тәуелділікке ұшыраған ұлт – құрып кетуге бет алған ұлт.

Саяси, экономикалық, шекаралық тәуелсіздігі бар, бірақ та рухани тәуелді ұлт – құрыған ұлт.

Өйткені оның санасы тәуелсіз ұлттың санасы емеc, Абай айтқан, түйсігінен ұйыған «көп айтса көндіге» көндіккен «баспақтың» көндімі. Туған халқын көксеген азаттығына жеткiзген ұлы күрескерлер де басыбайлылық пен бостандықтың психологиясынан құтыла алмаған. Бұған Мұхтар Әуезовтің Дж. Нерудiң «Индияны тану» атты кiтабындағы:

«Индияның бүкiл болмысы менiң қанымда қайнап тұр, оның бойындағы құбылыстардың барлығы менiң жандүниемдi қатты тебiрентедi. Сонда да, мен өз елiме, оның бүгiнiне, өзiм байқаған өткеннiң сарқыншақтарына жаттың көзімен, және сондай жеккөрiнiшпен қарадым. Мен өз елiмдi батыстың көзқарасы арқылы таныдым және кәдiмгi достық пейiлдегi еуропалық оған қалай қараса – мен де солай қарадым... Өйткенi менiң елiмнiң тарихы ағылшындардың көзқарасымен жасалған тарих едi»,– деген тұсына көк бояулы қарындашпен:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет