Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Орта Азиядағы басмашылардың қозғалысына жетекшiлiк еттi»,–



бет6/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   271
«Орта Азиядағы басмашылардың қозғалысына жетекшiлiк еттi»,– деген айып тағылды.

Тура сол күндері қазан мерекесіне орай сөйлеген сөзінде Голощекин:



«Тергеу кезінде Аймауытов: Екiншi съезд кезiнде тек қана қазақ уәкiлдерiнен тұратын кеңес шақырылғанын, оған Әуезов төрағалық жасағанын, ... онда отаршылдармен күрес туралы мәселе қаралып, ұлттық мүдденi көздейтiн шешiм қабылданғанын мойындады»,– деген сөзi – баспасөзге жариялана қалды.

Тергеушілер мұны Мұхтарға қосымша айып ретiнде тақты. Жүсіпбектің түрмеге қамалғанына үш жыл толған және ол ату жазасына кесiлуге ұйғарылып, үкімді Мәскеудің бекітуіне жіберген болатын. Мұхтардың егiзiнiң сыңарындай боп өмiр сүрген досының тағдыры Бутырканың түрмесiндегi ажал жаңғырығын күтiп тұрды. Қужақ түрмедегi жауаптарды ашық жариялау арқылы қазақ зиялыларының арасына сенiмсiздiк пен алауыздық септi. Күдiксiз нәрседен күдiк тудырды.

Әйтпесе, Әбдiрахман Байдiлдиннiң көрсетуi бойынша хаттамаға түскен – 1921-1922 жылғы аштық пен қазақ халқын аштықтан құтқарудың жолын қарастырған бұл кеңестiң ешқандай қылмыстық сыпаты жоқ болатын. Жүсiпбек Аймауытовтың өзi соның iшiнде жүрiп, белсене атсалысты. Сондықтан бұл деректiң айтылуы, қағазға түсуi заңды. Оның үстiне Жүсiпбек аштарға көмек көрсеткенi үшiн тергеуге алынып, өзiн-өзi ақтап шыққан болатын. Демек, бұл үшiн көңiл қобалжытатындай пәле Әуезовке төнiп тұрмаған едi.

Бұл кеңес өкiметiнiң ұлттық тұлғаларды толықтай жаныштап, талқыдан өткiзiп, Троцкий мен Фрунзе сияқты көсемдерiн аластатып, ендi «мәдениет майданындағы» тұлғаларды тұқыртуға көшкен қатерлi бағытының күш алған тұсы болатын. Дәл сол кездерi «Байтұрсыновтың және басқа да алашордашылардың кеңес өкіметін құлату мақсатында құрылған астыртын ұйымының қастандық әрекеттері туралы қылмыстық істің» (Бас құжатқа бастапқыда «Д.Әділев бастатқан...», одан кейін «Е.Омаров бастатқан...»,– деп жазылып, ең соңында «А.Байтұрсынов бастатқан...»,– деген атауға тоқталған – Т.Ж.) тергеуi аяқталып, олар Мәскеудiң пәрменiн күтiп жатқан. Мағжан Жұмабаев ұйымдастырған «Алқа» әдеби үйiрмесiне, яғни, тергеушілер көрсеткендей, астыртын контрреволюциялық ұйымға Мұхтар Әуезовтің қатысқаны да «анықталып», арнайы бап ретінде қарастырылды.

Ал тергеушілердің қатты ұстанғаны «Ашық хаттағы»:

«Колчактың тұсында, «Алашорданың» Шығыс бөлiмiнiң белсендi қайраткерлерiнiң бiрi ретiнде Әуезов Колчакқа қарсы күреспедi, күрескiсi де келмедi, керiсiнше сол кездегi бүкiл «Алашорда» үкiметi, оның iшiнде Әуезов Колчакпен одақтаса отырып большевиктерге, Кеңес өкiметiне қарсы күрескенi белгiлi... Бiрақ та, Кеңес өкiметi орнаған соң Әуезов сол жаққа шығып, партияға өттi»,– деген сөздер де еді.

Сөйтiп, Мұхтар Әуезов аяқ астынан басмашы, ұлтшыл-контрреволюционер боп шыға келдi. Сонымен, бұрын Қазақстаннан сырт жерде жүрiп, назардан тыс қалып келген Мұхтар Әуезов те қарауылға iлiндi. Мұхтардың бостандықта жүруi оларға кешiрiмсiз жайт сияқты көрiнген іспетті.

1930 жылы 17 қыркүйек күнi таңсәрiде Ташкент қаласындағы Салар өзенiнiң бойындағы үйiнде Мұхтар Әуезов тұтқынға алынды. Осы оқиғаның көлденең куәсі болған сол кездегі шәкірт, кейінгі академик Шапық Шөкин:

«1927 жылдың тамызында Орта Азия университетіне түсуге келдім... Біз шағын үйдің ашық себетінде түнедік, сол үйдің қарсы жақ қанатында университет оқытушысының үй-іші тұратын. Ертеңгілік колонка қасында жуынып жатқанда, біз бәріміз бірдей жамырап, толыса бастаған, маңдайы кере қарыс, қараторы қазақпен амандасушы едік. Таныстық. Мұхаңның бізден тілек-талаптарымыз болса айтуымызды сұрағаны есімде. Менің әлі оқуға түсе қоймағанымды білген ол, мені арқамнан қағып: "Ұнжырғаң түспесін. Ең бастысы – оқуға құмарлық, – деді де, – сәл ойланып тұрды да ол кенет: – Ендеше мен университеттегі кісілерімен сөйлесейін. А? Сол Ғазиза Сүлейменовамен де сөйлесейін?»,– деді ол мені жігерлендіргісі келгендей. Қапелімде қысылып қалғандықтан, ол кісіге рахмет айтуды ұмытып: Ғазиза былай да мені қолдап жүр, шамасы, ұзамай мәселе шешілетін де шығар,– деп жауап бердім. Мұхаң қолын жайып қоштасып, аспай-саспай, Қазақ орман техникумы қорасынан шығып жүре берді.

Оның әйелі Валентина Николаевна ертеңгілік бауға сирек шығатын, көбіне кішкене қызымен айналысатын. Тағы бір айтатыным, со жылдары ол асқан сұлу әйел еді. Бірақ, мінезі тұйықтау болып көрінген. Күйеуі жұмыстан кеш қайтатын, біз қарсыдағы себетте пысылдатып примус әзірлеп жататынын еститінбіз. Енді бір сағат өткен шамада, Мұхаң бау ішінде сейілдеп жүрер еді. Оның көзіне тағы бір рет түсіп, көңілін аударатындай ынта-ықыласымыз болмады. Және сабақтарымыз да басталып кетті. Басқа нәрсеге көңіл бөлуге мына жаңа, жауапты ісімізден қол тимеді. Бастапқы кезде кәдімгідей шаршап жүрдік. Біз бұл жерде онша көп тұрмадық. Бір күні ертеңгісін портупеялы екі кісі (олар милицияның ба, не басқа бір форма киіп келді ме – білмеймін) келіп, оны алып кетті. Себеттің еденінен ұшып тұрып, мен әлгі екеудің біреуі – Мұхаңның алдында, екіншісі – соңында, оны бау ішімен қақпаға қарай айдап бара жатқанын көрдім. Әуезов артына бұрылып қарамай, алдына байыптай қарап, баяу басып бара жатыр екен»,– деп еске алды.

Мұхтар Әуезовтің түрмеге қарай «байыптай қарап, баяу басып бара жатқан күні – 1930 жылдың 17 қыркүйегі болатын. Ташкентте алдын-ала шолақ тергеуден өтіп, одан кейін Алматының түрмесiне жеткiзiлдi. 1930 жылы 8 қазан күнi ПП ОГПУ-дiң Шығыс бөлiмiнiң КССР бойынша өкiлi Поповтың қатысуымен анкеталық өмірбаян толтырылған.

Анықтамалық анкетадан: «Осы тергеу iсi бойынша жауапқа тартылған М.Әуезов – 33 жаста, Семей округiнiң Шыңғыс болысында туған, Ташкент қаласының тұрғыны, ұлты қазақ, орта шаруа баласы, партияда жоқ. 1922 жылға дейiн БК(б)П мүшесi болған, Ақпан төңкерiсiне дейiн оқуда болған, Қазан төңкерiсiне дейiн оқыған және мұғалiм болған, мамандығы педагог, жоғары бiлiмдi, ұстаз – журналист, үйленген, 2 баласы бар, жалақымен күн көредi, қазақ болғандықтан да әскерге алынбаған, бұрын тергеуге алынбаған, сотталмаған».

1930 жылы 15 қазан күні Ерекше бөлiм бастығының көмекшiсi Волоховтiң келiсiмiмен жасалған «Алдын-ала айыптау қорытындысында»:

«Қылмысты iстер кодексiнiң 58 – 11 және 59 – 3 баптарымен айыпталған М.Тынышбаев пен Досмұхамедовтардың № 2370 тергеу iсiн қарай отырып Әуезовтiң:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет