қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымына қатысып, Қазақстандағы кеңестiк науқандар мен шаралардың мазмұнын бұрмалау мақсатын көздегенi;
өкiмет мекемелерi мен БК(б)П-ның, жерге қоныстандыру мекемелерiн, мәдени-ағарту және оқу орындарын, баспасөздi өздерiнiң ықпалына қаратып, жаулап алуға ұмтылғаны;
Орта Азиядағы басмашылардың қозғалысына жетекшiлiк жасап, сондай қозғалысты Қазақстанда да ұйымдастыруға әрекеттенгенi;
кеңес өкiметiн құлатуды алдына мақсат етiп қойғаны – толық әшкерелендi.
Сондықтан да УПИ-дiң 128 тармағына сәйкес азамат Әуезов Мұхтарды № 2370 тергеу iсi бойынша жауапқа тартып, оған қылмыстық iстер кодексiнiң 58 – 71 және 58 – 11 баптары бойынша айып тағып, бұл туралы ОГПУ мекемелерiндегi тергеу жұмыстарын бақылайтын Прокурорды хабардар етуге қаулы қабылданды»,– деп көрсетілді.
Сонымен, Мұхтардың 1918 жылы жазған өз сөзi өзiнiң басына келдi. Ол:
Достарыңызбен бөлісу: |