Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Алашорданың» атынан Колчактың үкiметiмен келiсiм жүргiздi »,–



бет5/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   271
«Алашорданың» атынан Колчактың үкiметiмен келiсiм жүргiздi »,– деген айып тақты.

«Алашорда» үкiметiнiң Колчакпен уақытша одақ құрып, қазақ ұлтын қантөгiстен аман сақтауға ұмтылғаны тарихи шындық. Мұхтарды «Алашорда» үкiметiнiң саясаты үшiн жазғыруы жалпы қисынға келгенiмен, тергеуде ол дәлелсiз күдiк қана болып қалды. Саясат сахнасына ендi ғана шыққан жиырма жастағы семинария оқушысымен келiсiм жүргiзетiндей адмирал Колчактың басына ол кезде мұндай күн туа қойған жоқ болатын. Қалайда Әуезов пен Колчактың байланысын тікелей әшкерелейтiн ешқандай сылтау да, дерек те табылмады. Сондықтан да тергеушiлер Мұхтарды қаралап тынатын, бұлтартпайтын өзге қылмысты қарастырды.

Екінші баптағы: «Ұлтшыл-контрреволюциялық астыртын ұйымға қатысты»,– дегенге Д.Әділевтің:

«Сөйтіп жағдай шиеленісіп кетті... 1923 жылы күзде Ташкентке қайтып келіп Қазақ комиссиясы мен Оқу-ағарту институтына оқытушы, біраз уақыт директор болып істедім. Ұйымға қайта мүшелікке алындым. Оның жаңа құрамында Мұхтар Әуезов пен Мағжан Жұмабаев болды-ау деймін. Ташкентте мен оқу-ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми орталық пен қазақ ағарту институтына оқытушы боп орналастым. Онда Досмұхамедов, Әубәкір Диваев, Жұмабаев, Жандосов, Соколовский, Мұхтар Әуезов жұмыс істейтін. Мұхтар оған дейін Орталық комитеттің президиум мүшесі болған. Мен Қожановтың әйелінің ағасының үйінде тұрдым. Сол кезде Жандосов та Ташкентке келді»,– деген жауабы себеп болды.

Ал тергеушілер «қыстап, барлық тәсiлдi қолданып, жалған мәлiмет жаздырған Есім Байғасқинның:



«Әнуар паша мен Заки Уәлидидiң саяси сахнаға шығуына байланысты 1922 жылдың мамыр айында алашордашылардың арасында бiр қозғалыстың басталғанын, алашордашыл Әуезов Мұхтар мен Тоғжановтардың қазақ ауылдарында ұлы түрiкшiлдiк рухты насихаттағанын айтқамын (Менiң бiрiншi жауабымды қараңыз). Петропавлдық алашордашылардың арасына осы ұлы түрiкшiл үгiт-насихатты жүргiзген тұста, бiр жолы сол кездегi губерниялық атқару комитетiнiң төрағасы Қазбеков Смағұл, губерниялық партия комитетiнiң ұйымдастыру бөлiмiнiң меңгерушiсi Бейсенов Мұхамеджан және Әуезов, Тоғжанов, Жұмабаев, Қияқов, тағы да басқа мен аты-жөнiн ұмытып қалған адамдар өзара ұзақ кеңестi, бiрақ ортақ шешiмге келген жоқ, сонда да өзара пiкiр алысуларын жалғастыра бердi, ақырында Әнуар мен Закидiң iс-әрекетiнiң нәтижесiне қарай қимылдамақ боп, ешқандай шешiм қабылдамауға келiстi»,– деген көрсетіндісіне байланысты М.Әуезовке:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет