Жауап парағы Оқу тобы: до-22-21 Аралық бақылау 1



бет1/2
Дата20.11.2023
өлшемі26,82 Kb.
#192382
  1   2
Байланысты:
Жауап парағы


Жауап парағы
Оқу тобы: ДО-22-21
Аралық бақылау 1

  1. Бесік жыры

  2. Ертегілердің түрлері


Бесік жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі.
Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының бесік жырлары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз бесік жырының мәні де, сәні де келмейді. Қазақ бесік жырының үлгілерін алғаш Ә.Диваев хатқа түсіріп, 1905 ж. жариялаған. Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ.
Бесік жырларын мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай дәстүрлі бесік жырлары және суырып салма бесік жырлары деп екі топқа бөлуге болады. Дәстүрлі бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: “Әлди, әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем!” деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады. Сонымен қатар ана:
“...Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің!
Бармақтары майысып,
Ою-өрнек ойысып,
Ұста болар ма екенсің!
Таңдайларың тақылдап,
Шешен болар ма екенсің!
...Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Қызмет қылар ма екенсің?!
Қолымыздан іс алып,
Бақытымызға жан балам,

2. Барлық елдің ауыз әдебиетінен тел орын алған және жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығарманың бір түрі – ертегілер.


Ертегілер көбіне қара сөзбен айтылғандықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қарайды. Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілерде адам баласының еңбек кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тәжірбиесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарының, табиғат сырын жетік білмеген олардың неліктен болатындығын жетік түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен : өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын ойлаған. Бұл жөнінде ұғым түсініктерін наным сенімдерін әңгімелеп айтатын болған. Сонымен ертегі, әңгімелердің алғашқы үлгілері туған. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілерде ауызша шығарылып, ауызша тарағандықтан әртүрлі өзгерістерге ұшырағын, бір ертегі бірнеше ертегінің әңгімесі қосылып арласқан. Бергі заманда туған ертегілер ерте заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы үлгілерін, олардың оқиғаларын бойына жинай да жүрген.
Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой арманы, дүние танымы мен көзқарасы т. б көрініп отырады. Сондықтан да Белинский мұны “Халық жанының айнасы” деген болатын. Добролюбов пен Горький халық ертегілерін аса жоғары бағалай келіп, ертегілер халықтың өмірін, тұрмыс-күйін, мінез әрекеттерін, білу үшін аса керекті матеріал екендігін айтады, ертегілерді тудырушы да, сақтаушы да халық екендігін дәлелдейді.
Әрине ел арасында айтылып, сақталып келген ертегілердің барлығын халық тудырған және олардың бәрі халық тілегіне сай туған шығармалар деуге болмайды. Халық мүддесіне қайшы келетін, үстем таптың идеясын білдіретін ертегілерде бар.
Ертегінің оқиғасын тартымды етіп құру, бір әңгімеден екіншісін тудыру ертекшілердің шеберлігіне байланысты болады. Шынында да ертегі айту еріккенің ермегі емес, ол шығармашылық өнерді, асқан шеберлікті керек етеді.
Ертекші шығарманың адамы болғандықтан, ол өзінің репертуарына аса ұқыпты қараған. Орыстың халық еретегілерін жинап, зерттеген А. Н. Афанасьев, Н. Е. Ончуков, М. К. Азадовский, Ю. М. Соколов т. б “халық арасынан шыққан әрі ертекшілір ертегі айтуды үлкен шығармашылық еңбек деп түсінген және олар ертегі айту үшін көптеген даярлықтар жасаған”, — дейді.
Ертегілердің түрлері :хайуанаттар жайындағы ертегілер, қиыл-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, новеллалық ертегілер, сатиралық ертегілер болып бөлінеді.

Жауап парағы


Студент: Бұршақбаева А.
Оқу тобы: ПМНО-22-21
Аралық бақылау 1

  1. Буын үндестігін оқыту

  2. Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың әдістемелік негіздері.

Үндестік заңының екі түрі бар:
1) буын үндестігі;
2) дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі – түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарай қосымшаның да жуан не жіңішке түрде жалғануы. Мысалы, бала+лар, үйрек+ті, құдірет+ті, кітап+қа, т.б. Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болатын болғандықтан, буын үндестігі дауысты дыбыстар арқылы орындалады. Буын үндестігі сингармонизм деп те аталады. Сингармонизм – грек тілінен енген термин. Sуn «бірге» және һаrmoni «байланысу», «үндесу» деген мағынаны білдіреді.
Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар:
-мен, -бен, -пен – баламен, жұлдызбен, жолдаспен;
-қор, -паз, -қой – еңбекқор, өнерпаз, әуесқой;
-тал, -дар, -тай – өсімтал, кіріптар, шешетай;
-хана – емхана, дәріхана;
-нікі, -дікі, -тікі – Майранікі, атамдікі, Мақсаттікі;
-кер, -гер, -кеш – айтыскер, қаламгер, арбакеш;
-кес, -күнем – даукес, пайдакүнем;
-ов(а), -ев(а), -ин(а) – Әуезов(а), Серікбаев(а), Майлин(а);
бей – бейтарап, бейуақыт, бейтаныс.
2. Грамматикалық күрделі материалдарды оқытудағы ең күрделі тақырып сөз таптары. Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуді үйретеді. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: «Балалардың тілі шығып, сана-сезімі өсе келе, ол сөйлеуге үйренеді; (сөздерді қолдануға) оның ақыл-ойында түрлі грамматикалық топтарға бөлініп, қалыптаса бастайды. Грамматиканың міндеті – сол тәжірбие нәтижесін қорытып тілдегі құбылыс заңдарын жүйемен беру», - дейді. Сондықтан ол бастауыш сыныптан бастап үйретіледі.
1-сыныпта сөз таптары жайында бастапқы түсінік алып, алдағы уақытта сөз таптарын жүйелі түрде оқыту мақсаты қойылады. Сондықтан бірден зат есім, сын есім, сан есім, етістік деп аталмай, 1-сыныпта заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздер деп беріледі, артынан солардың грамматикадағы үйреншікті атаулары беріледі. Осылайша есім сөздерді 2-сынып оқушыларына білудің мақсаты морфологиясы жүйелі түрде білдіруге алғашқы саты ғана емес, сондай-ақ бұл тақырып оқушылардың тілін дамытуға да көмегін тигізеді, сөз байлығын молайтады, ой-өрісін кеңейтеді, сөйлем құрауды үйретеді.
Жаңартылған бағдарлама бойынша тілдің морфологиялық жүйесі 2-сыныптан бастап оқытыла басатайды. Бұл сыныпта оқушылар сөздердің семантикалық-грамматикалық топтарынан яғни, сөз таптарынан алғашқы мағлұматтар ала бастайды. Сөз таптары терминдік тұрғыдан ажыратпағанымен, 2-сынып оқушылары «кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді», «Бас әріппен жазылатын сөздерді», қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздерді, «қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздерді» олардың анықтамаларымен бірге оқып үйренуге тиісті. Сонымен қатар әр топтағы сөздердің қайсысына қандай сұрақ қойылатынын біліп, оның есебін түсінулері қажет. Сондай-ақ заттың қимылын, санын, сынын білдіретін сөздермен тіркестіріп сөйлем құрай білу дағдыларын да меңгеруге міндетті. Егер оқушы бұл соңғы дағдылырын меңгермесе, кейінгі «Сөйлем» тарауындағы мағлұматтарды дұрыс игере алмайды.

Жауап парағы


Студент: Тығынбаева Салтанат
Оқу тобы: ПМНО-22-25
Аралық бақылау 1

  1. Біріккен сөздерді оқыту

  2. Сын есімді оқыту

Біріккен және кіріккен сөздердің мән-жайын айқындау арқылы оларды дұрыс жазып таңбалаудың ғылыми негіздерін аңғарамыз. Ол сөздер тобы мұғалима, құнажын, дөнежін, студентка сияқты род мағынасын меңзейтін сөздердей азын-аулақ, елеусіз нәрселер емес, қазақ тілі сөз байлығының барлық грамматикалық топтарынан елеулі орын алатын, – заңды құрамы, құрылысы бар лексика-морфологиялық категория. Орасан мол бұл жаңа сөздер жүйесі қазақ тілі лексикалық қорынан елеулі орын алады. Екі сөзді қиюластырып, мағыналық үйлесіміне лайық жаңа сөздер жасай білу халықтың, қала берді, тілді пайдаланушы оның және топтарының, ой өрісінің дамығандығын білдіреді. Әдетте, жаңа сөз – тілдік қатынаста пайда болған жаңа мағына, жаңа ұғыммен ұштасып жатады. Жаңа сөз қажеттіліктен пайда болып, белгілі мағынада тілде қызмет атқару үшін жұмсалады.
Біріккен сөздің сыр-сипатын дұрыс танып, дұрыс жазуда дау тудырып жүрген жайттар, ала-құлалықтар барлық түркі тілдерінің орфографиясына тән. Біріккен сөздердің жалпы құрылысы, негізгі түрлері, ұқсастығы ол тілдердің бәрінде күшті болғанымен, біріккен сөздердің жалпы дәрежесі, оларды хатқа түсіру дәрежесі бірдей емес. Тіпті, бір тілдегі біріккен сөз басқа тілде болмауы, басқаша айтылуы мүмкін. Мысалы, қазақ тіліндегі ара (пчела) ноғай тілінде – «балшыбын», қазақ тіліндегі жүгері (кукуруза) онда – «аьжибидай», қазақ тіліндегі картоп (картофель) ол тілде – «ералма» (жер алма).
Біріккен сөз – күрделі құрамды сөз. Солай сөз жасау тарихи процесс. Ол – тілдің ішкі заңдарына негізделген заңдылық. Ойдан шығароылған не басқа тілге тән құбылыс емес, қазақ тілі, қазақ жазуы қабылдап, игеріп жатқан құбылыс. Оны дамыта беру үшін графикалық таңба, орфографиялық ережелер арқылы белгілі қалыпқа түсіру – тіл жұмсаушылардың сан-сезімін дамытуға ықпал жасағанымыз болады. Тіл жұмсаудағы бұл прогрестің дамуы – адам ойының ілгері дамуының да көрінісі. Біріккендердің жігін айырып бөлшектеп жазу, немесе біріктіріп жаңа сөз жасауға қарсы орфографиялық қағида ұсыну – күрделенген өскелең өмірімізге жарасымды әрекет болмаса керек. Сөз – сөз тіркестері мен сөйлемдерді құраудың материалы болса, біріккен сөз – сомданған материал. Оларды сол күйінде жазу – бөлшекті бүтін күйінде пайдалану, сөйлемдер арқылы ой дәлдігін білдірудің нышаны. Біріктіріп жазу жинақтылықтың да нышаны. Жинақтылық- мәдениеттіліктің белгісі. Мәдениетті елдің жазуы тілдегі сөз тұтастығын бұзбай, адамдардың психологиялық ойлау қабілетіне сәйкес болуға тиіс.
2. Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы сын есім.
Семантикалық жағынан зат есім әр алуан ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есім неше алуан сыр сипатымен алуан байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ретінде бөлінеді. Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматиакалық сөз тобын айтамыз.
Сын есімнің семантикалық мағынасы оның морфологиялық ерекшеліктері де, синтаксистік қызметтеріне де сараланып айқын көрініп отырады.
Морфологиялық сипаттары жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән, өзге есімдерден басқа ерекшеліктері бар.
Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем т.б.) жағынан анықтайды, бірақ ол (сын есім) анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.
Зат есімге тән көптік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есімнің де, сын есімнің де қызметтерін бірдей атқаратын синкретикалық омоним сөздерге (мысалы: салқын, көк, суық, жарық, жүйрік, терең т.б.) қажетінше жалғана берулерімен қатар, белгілі бір контексте қолдау ыңғайына қарай субстантивтенетін сын есімдерге (мысалы: үлкенге үлкенше, кішіге кішіше қызмет ет; ескіге жаңа, жаңаға ескі — өлшеуіш т.б.) жалғана береді. Сын есімде көптік, тәуелдік, септік категориялары болғанымен, оның өзіне тән ерекше шырай категориясы бар. Бұл ерекшелік те – сын есімнің зат есімнен бөлінерлік, өз алдына дербес категория екені дәлел.
Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін (Абай); Өлке бойындағы қалың тал мен қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды (С.Сейфуллин). Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп семіз шық (мақал). Сын есімде шырай категорияларымен қатар, адгективтік және адвербиалдық қызмет барлығы да көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет