Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Құрметтi жолдастар! Бiздiң пiкiрiмiзше, Әуезов пен Байтұрсыновтың шығармаларына маркстiк көзқарасқа мүлдем жат баға берiлген



бет3/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   271
«Құрметтi жолдастар! Бiздiң пiкiрiмiзше, Әуезов пен Байтұрсыновтың шығармаларына маркстiк көзқарасқа мүлдем жат баға берiлген.

Бәрiнен бұрын Әуезовке тоқталайық. «Әдебиет энциклопедиясында»: «Ол қазiргi замандағы аса көрнектi жазушы, оның көркем шығармалары таңғажайып дәлдiгiмен және тарихи шындығымен дараланды»,– деп жазылған. Бiздiң ойымызша, бұл сыпайылап айтқанда Әуезовтiң өзiн де, оның творчествосын да бiлмеу, түсiнбеу болып табылады. Бiрiншiден, Колчактың тұсында, «Алашорданың» шығыс бөлiмiнiң белсендi қайраткерлерiнiң бiрi ретiнде Әуезов Колчаққа қарсы күреспедi, күрескiсi де келмедi, керiсiнше, сол кездегi бүкiл «Алашорда» үкiметi, оның iшiнде Әуезов Колчакпен одақтаса отырып большевиктерге, кеңес өкiметiне қарсы күрескенi белгiлi. Бiрақ та, кеңес өкiметi орнаған соң Әуезов сол жаққа шығып, партияға өттi де Қазаткомның хатшысы мiндетiн атқарды, алайда бұған қарамастан Әуезов саясатта да, әдебиетте де буржуазияшыл ұлтшыл қазақ байларының идеологы болып қала бердi. 1922 жылы партияға қарсы алашордашыл идеологиясы үшiн Әуезов партиядан шығарылып, жазушылық пен оқытушылық қызметке ауысып кеттi. Ол өзiнiң барлық шығармаларындағы қазақтың тiршiлiгiн өткендi көксеген байдың көзқарасы арқылы баяндайды, қазақтың ескiлiгiн – азаматшылығын жырлайды, қазақтың хандарын, аңызға айналған батырларын, «данышпан» билерiн, ардагер ақсақалдарын және феодалдық сал-серiлерді мадақтайды, мадақтағанда да үнемi жағымды, бүгiнгi күннiң өзiнде де оларды қадiр тұтуға, үлгi етуге болатындай бейнеде суреттейді (Қараңыз: «Қаракөз», «Еңлiк-Кебек»). Бұл – бұл ма. Жазушы Әуезов өзiнiң осынау реакциялық идеологиясын «әдеби сын» саласында да уағыздаумен болды.

Байтұрсынов туралы берiлген баға да дәл емес. Рас, революцияға дейiн Байтұрсынов қазақтың ұлттық зиялыларының жетекшiлерiнiң бiрi болды, патшалық саясатқа қарсы күрестi, сол кезде ол қазақ тұрмысындағы алдыңғы қатарлы буржуазиялық революционер боп табылды. Алайда мұның барлығы ешкiмге де: «Байтұрсынов – қазақтың аса көрнектi ақыны» деуге құқық бермейдi... Ол ақын болған жоқ. Ол публицист болды және публицист болып қалады. Байтұрсынов буржуазиялық ұлтшыл-қазақ байларының идеологы болып қала бередi... Ол контрреволюциялық идеологияны уағыздады. Бүгiнгi қазақ қоғамы Байтұрсыновты бiздiң партиямызға қарсы күрескен және күресiп келе жатқан реакциялық алашордашыл интелегенцияның бiр көсемi деп санайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет