Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет9/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   271
Қандай да бiр астыртын ұйым туралы ештеңе естiгенiм де жоқ, бiлмеймiн де. Күдеринмен арадағы қарым-қатынасым туралы Ташкентте берген жауабымда айтқан болатынмын. Мұхтар Әуезов».

Қат-қабат хатталған көп томдық тергеу iсiнiң iшiндегi жауаптардың арасынан «Алқа» әдеби үйiрмесi жөнiндегi барынша толық тоқталған жауаптың бiрi осы. Мұнда Мұхтар Әуезов өзiнiң көзқарасын ашық бiлдiредi. «Алқаны» ешқандай күдiксiз-ақ ақтап шығады. Тергеу iсi жаңа басталғандықтан да, бұл мәселеге Голощекиннiң және барлық жазалау мекемелерiнiң қандай астарлы мән берiп отырғандығын аңғармауы әбден мүмкін. Өйткені ол өзінің 1931 жылы 20 қыркүйектегі қосымша жауабында алдыңғы тәуекелден қайтпаған.

М.Әуезов: «Сәрсенбаев Жәкеннің көрсетуіндегі «Алқа» әдеби үйірмесінің платформасы туралы Мағжан Жұмабаевқа жазған хатқа келетін болсам, оның айтқаны шындыққа жатпайды. «Алқаның» бағдарламасын және оған қоса жіберілген Жұмабаевтің хатын мен Семейде жүргенде алдым. Екеуі бір конверттің ішіне салынған. Ол туралы алдын-ала хат жазысқан емеспін. «Алқаның» бағдарламасынан заңға қарсы келетін ештеңе де байқамадым. Жұмысшылар комитетінің нұсқауымен ол хатты БК(б)П Семей губкомының үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің редакторы Тоқжігітовке тапсырдым. «Алқаның» бағдарламасы сонда қалды. Ал Жұмабаевқа: «Алқаны» негізінен қолдаймын және әдебиетшілердің үйірмесін құру үшін қазақ жазушыларын жинап, ресми тіркеу керек – деген мағынада жауап бердім. Хаттың толық мазмұны есімде қалмапты. Мен ол бағдарламаны бар ниетіммен қолдадым. Жұмабаевтің мені неге: «Ол бағдарламаны қостамады және шикі деп есептеді»,– деп айтқанын түсінбедім (Зады Мұхтарды «астыртын ұйымға қатысқан» деген айыптан құтқарғысы келген болса керек. Бұл қалыпты әрі түсінікті жағдай – Т.Ж.). Ұлтшылдық көзқарас менде болды және ол менің шығармаларымда да орын алды. Мен оны жасырмаймын. Ал менің ондай көңіл-күйім астыртын ұйымның бағдарламасы бола алмайды. Университетте оқып жүрген кезімде маркстік ілімнің теоретиктерінен және өнертанушы ғалымдардан дәріс тыңдаған тұста менің әлеуметтік танымым мен өнерге, әдебиетке, оның қоғамнан алатын орнына деген көзқарасым біртіндеп өзгере берді.

Осы көрсетіндісіндегі:



«Мен ол бағдарламаны бар ниетіммен қолдадым. Жұмабаевтің мені неге: «Ол бағдарламаны қостамады және шикі деп есептеді»,– деп айтқанын түсінбедім. ...Ұлтшылдық көзқарас менде болды және ол менің шығармаларымда да орын алды. Мен оны жасырмаймын»,– деген жауабы оның өзін шырғаға түсірді.

Мұхтардың әуелгі жіберген қатесі де осы еді. Саясатқа шыныққан қайраткер түрме тергеушісіне бұлай жауап бермейді. Өйткені Мұхтар Әуезовке қойылған тергеушiлердiң бұл сұрақтарының астары да өзгеше. Алдыңғы топ пен кейінгі топтың сұрақ-жауаптарының арасын бiр жыл төрт ай уақыт бөлiп тұр. Осы мерзiмнiң iшiнде Жүсiпбек пен Мағжанның тергеу iсi аяқталып: «Алқа» әдеби үйiрмесi – жасырын контрреволюциялық ұйым ретiнде бағаланып», сотқа берiлді. Олардың iзi суымай жатып қолға алынған ұлтшылдардың екiншi тобына ойланбастан сол «айыпты» қылмыс ретінде таңа салды.

Мұны, кез-келген талант иесіне тән аңғал адалдық десе де болады. Мұндай «формулировканы» тергеушілер мен соттар үшін Ә.Байділдин өзінің көрсетіндісінде:

«Алқаның» бар екенін мен жақсы білдім. Алғаш рет шамамен 1925 жылдары білдім. «Алқа» ұлтшыл Жұмабаевтің бастауымен Москвада ұйымдастырылған. Бұл әдеби үйірмені бүркемелген астыртын ұйым болатын... 1927 жылдары Аймауытовтың, Кемеңгеровтің, Әуезовтің, Байтасовтың арасында хат арқылы пікір алысулар болыпты. Жұмабаев Москвада, қалғандары Шымкент пен Ташкентте тұратын»,– деп түсінік берді.

Иә, саяси терминді жақсы білетін Ә.Байділдин «Алқа» әдеби үйірмесін – «астыртын қоғам» етіп оп-оңай өзгерте салған.

М.Әуезов (жалғасы): «Байділдиннің «Алқа» туралы берген көрсетіндісі дұрыс, әдеби үйірмені принципті түрде қолдағанымды бұрынғы түсінігімде жазған болатынмын. Мен Жұмабаевқа бір-ақ рет хат жаздым, астыртын ұйым туралы ештеңе естігемін жоқ».

Бұл көрсетіндіде мәтіндік бұлдырлық бар. М.Әуезов Ә.Байділдиннің «Алқа туралы пікірін құптайды, бірақ, астыртын ұйым туралы естімегенін айтады. Ал Ә.Байділдин мұны:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет