Жоспар:
Кіріспе
1. Бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру және сабақтың құрылысы
2. Заттан қарап бейнелеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі
3. Тақырыптық бейнелеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі
4. Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі.
5. Мүсіндеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістері.
6. Өнер туралы әңгіме сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі.
7. Бейнелеу өнерін оқудағы пәнаралық байланыс.
2. Заттан қарап бейнелеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі
Заттан қарап бейнелеу барысында бейнелеуші нәрсенің немесе көріністің құрылысына, түстік ерекшелігіне, көлеміне терең талдап жасап ойланады. Және оның көркемдік ерекшеліктерін сезініп таниды. Заттан қарап бейнелеу сабақтарында мұғалім оқушылардың алдына қойылатын мақсат, міндеттерді сыныптарға байланысты дәл көрсетіп беру керек. Сонымен қатар бейнеленуші заттар мен көріністерге мұқият қарап талдау жасау жүйесін түсіндіріп берген жөн. Ол:
- Бейнеленуші эат немесе көрініс көз деңгейінен қалай орналасқан (жоғары немесе төмен);
- Көріністе қанша зат бар және олардың бір- біріне өлшемдік қатынасты, бір- біріне алыс, жақын орналасуы қандай;
- Бейнелеуші заттың көлемі қандай геометриялық денелерге ұқсайтын бөліктерден тұрады және қандай тағы да қосымша ерекшеліктері бар ( ою- өрнектері, тұтқасы, бедерлері т.б.);
- Заттардың немесе көріністің түстік ерекшеліктері және оларға жарық, көлеңке бағыты, реңі қандай.
Заттан қарап бейнелеу кезінде 1-2 сынып оқушылары бейнеленетін заттың немесе құбылыстың ерекше бөліктеріне көп көңіл бөліп, оның тұтас бейнесін ұмытып, жұмысты ерекше бөліктерін бейнелеуден бастайды.Өйткені бұл жастағы балалар қоршаған ортадағы заттарды, құбылыстарды әлі де бір- бірімен байланыссыз жек- дара қарап қызықтайды.Заттан қарап бейнелеу тапсырмаларының негізінен екі түрі бар. Олар: ұзақ мерзімге есептелген (1-2 сабаққа ) және қысқа мерзімді (5-15 минут). Қысқа мерзімді суреттер сабақтың басында немесе сабақтың ортасында, сабақтың аяғында, сол сабақтың жоспарланған мақсат, міндеттеріне байланысты өткізіледі. 3-4 сыныптарда заттан қарап қысқа мерзімді сурет, долбарлар орындауға толық бір сабақты жоспарлауға болады. Бұл сабақтарда оқушылардың көзбен мөлшерлеу қабілеттері, жалпы бейнелеу икемділіктері дамиды.
1-2 сыныптарда заттан қарап бейнелеуге көлемі қарапайым бір немесе екі заттан тұратын заттар қойылады. 3-4 сыныптарда екі, үш заттардан құралған натюрморттар бейнелей бастайды. Бұл жұмыстарда перспектива, жарық, көлеңке, композиция заңдылықтрын меңгеріп оқиды. Нәрсе бетіне жарық, көлеңе реңін түсіру арқылы оның көлемін көрсету міндеттері қойылады. Натюрморттарды ұйымдастырып қоюда оған қатысты заттардың түсі, көлемімен қатар олардың мағыналық, мазмұндық қатынасын да ескерген жөн. Мысалға, 3 сыныпта «Алғашқы оқу құралдары», «Ұлттық дастархан» тақырыбындағы натюрморттар секілді. Оқу натюрморттарын мазмұндық тақырыпта құрастырып қою. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, шығармашылық жұмысқа тәрбтелейді.
Заттан қарап бейнелеуге таңдап алынған заттар оқушының көз деңгейінен төмен қойылады.
3. Тақырыптық бейнелеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі
Тақырыптық бейнелеу сабақтарының мазмұны қоршаған ортаның өмір шындығы, әдеби шығармалар желісіне байланысты сюжеттер немесе белгілі бар берілген тақырып бойынша оқушылардың өз қиялдарынан құрастырып бейнеленген суреттерге негізделеді.
Тақырыптық бейнелеу сабақтары оқушылардың бейнелеу құралдары арқылы әдеби шығармалардан, қоршаған орта өмір шындығынан алған сезімдік толғанысын, ой- пікірін немессе өзінше қиялды елестетуін, жазықтық бетінде көркемдеп бейнелеу дағдыларын қалыптастырады.
Тақырыптық бейнелеу шығармашылық қабілеттерін дамытып, оларды өз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге, қоршаған орта туралы өзіндік ой- пікірді толықтыруға тәрбиелейді.
Тақырыптық бейнелеу мазмұны бағдарламаның заттан қарап бейнелеу тарауында меңгерген біліммен немесе сол тақырыпқа байланысты алдын ала өткен топ серуенмен ( қала алаңдары, еңбек орындары, табиғат аясыт.б.) байланысты болса нәтижелі болады.
Тақырыпқа байланысты поэтикалық шығармаларды, ертегілерді оқыған кезде ондағы әр образға еніп, өте мәнерлі оқу, тіпті кей жағдайда оқушылардың өздерін жекелеген кейіпкер ретінде ойнату олардың сол тақырыпқа қызығушылығын арттырып, образдық елестетіне қиялына әсер етеді.
Тақырыптық бейнелеу тапсырмалары бірінші қарындашпен орындалып, содан соң акварель немесе гуашь бояуымен орындалады. Тақырыптық бейнелеу сабағының тағы бір ерекше мүмкіндігі – ол сабақты ана тілі, дүниетану, саз, еңбекке баулу т.б. пәндермен тығыз пәнаралық байланыста өтізуге болады.
Тақырыпқа байланысты музыка, өлең тыңдау оқуш. бейнелі ойлауын дамытып, эстетикалық қабілеттерін ұштайды, шығармашылық көркем туындыдан ләззат алады.
Тақырыптық бейнелеу туған ел табиғатына, ел тарихына, өз ауылының, қаласының, жалпы елінің ұлы тұлғаларына, еңбек ардагерлеріне деген сүйіспеншілік, мақтаныш көзқарасын қалыптастырып, отаншылдық тәрбие беретін құрал деп те айтуға болады. Мысалы, 2 сыныптағы «Менің Қазақстаным», «Көктем келді», «Наурыз - ұлы той», 3 сыныптағы «Мен Отанымды қорғаймын», 4 сыныптағы «Батырларымыздың ерлігіне арнап сурет сал» тақырыптарын атауға болады. Бұл сабақтарда тақырыпқа байланысты туған еліміздің шұрайлы табиғат көріністері, еліміздің рәміздері, тарихи жәдігерлер, ұлы тұлғалар т.б. бейнеленген суретшілер шығармаларын, фотосуреттер, кинофильмдер көрсетіп мұғалімнің өзі әңгімелеп, оқушылардың пікірін, ойын туындайды.
Тақырыптық бейнелеу барысында педагог өз жұмысының нәтижесін, тәрбиеленуші оқушылардың ішкі жандүниесін, әрбіреуінің мінез- құлқын танып, олардың образдық ой – қиялы, жеке дарындылығы қалай дамып келе жатқандығын қадағалай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |