АҚПараттық хат құрметті суретшілер, фольклортанушы ғалымдар мен тіл жанашырлары!



Дата02.07.2018
өлшемі29,49 Kb.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті суретшілер, фольклортанушы ғалымдар мен тіл жанашырлары!

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Әлеуметтік және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері мен пәнаралық зерттеулері нысаны бойынша 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру негізінде орындалып жатқан «Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты ғылыми жобасының 2015 жылғы нәтижесі бойынша қорытынды шара ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен СУРЕТШІЛЕР АРАСЫНДА БАЙҚАУ өтеді.



Байқаудың басты мақсаты халық ауыз әдебиеті кейіпкерлерінің фольклорлық мәтіндердегі бейнелену барысын, ұлттық колоритін сақтай отырып қағаз бетіне түсіру, яғни сөзбен салынған бейнені бояумен салынған бейнеге айналдыру.

Байқауға қатысушы суретшілер ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған мәтінді басшылыққа ала отырып әр мифтік бейненің өзіндік ерекшелігін сақтай келе, жиынтық бейнелердің халықтың наным-сеніміне, дүниетанымына сәйкес визуалды бейнесін салуы тиіс.

Жалпы жұртшылықтың, әсіресе жас жеткіншектердің қазақ фольклорын танып-білуге, зерделеуге деген құштарлықтарын ояту үшін атқарылып отырған бұл жоба өзінің бірегейлігімен ерекшеленеді.

Байқауға сурет салу қолынан келетін және қазақ тілін еркін меңгерген Қазақстан Республикасының барша азаматтары қатыса алады.



Үміткер байқауға қатысу үшін www.tilortalyk.kz веб-сайтына тіркеліп, сайттағы фольклорлық кейіпкерлердің мәтіндік сипатымен және зерттеушілердің тұжырымдарымен, байқау ережесімен таныса алады.

Үміткер өзі таңдаған кез-келгенін кейіпкердің (суреттелетін кейіпкерлер санына шектеу қойылмайды) қырынан және алдынан қарағандағы беліне дейінгі көрінісін және сол кейіпкердің қырынан және алдынан қарағандағы ұзына бойы көрінісін төрт түрлі етіп түрлі-түсті бояумен салуы керек.



Байқау материалдары 2015 жылғы 9 қазан мен 19 қараша аралығында www.tilortalyk.kz сайтында жалпы жұртшылық тарапынан ашық дауысқа түседі. Байқау жеңімпаздары ғаламтор арқылы ашық дауыс беру нәтижесінде алған ұпайлары мен қазылар алқасының берген ұпайларының жиынтық балына сәйкес анықталады. Жеңімпаздарды айқындайтын шешуші кезең 2015 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында (Алматы қаласы, Абай көшесі, 14. өткізіледі.
МАТЕРИАЛДАРДЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ:

  • Үміткер таңдаған кейіпкердің қырынан және алдынан қарағандағы беліне дейінгі 2 көрінісін салады;

  • Үміткер таңдаған кейіпкердің қырынан және алдынан қарағандағы ұзына бойы 2 көрінісін салады;

  • Әр суреттің жоғарғы оң жақ бұрышына автордың өзі таңдаған кілт сөзі жазылады;

  • Жаңа параққа суретшінің аты-жөні, қысқаша өмірбаяны, оқитын немесе қызмет ететін ұйымның, қаланың атауы жазылып, кілт сөзі көрсетіледі;

  • Суретші туралы мәлімет Times New Roman шрифтінде 14 кегльмен жазылуы керек;

  • Жол шеті: үсті – 20 мм, асты – 20 мм, сол жағы – 20 мм, оң жағы – 20 мм;

  • Жол арасы – 1 интервал;

  • Суретші туралы мәліметке қосымша суретшінің жеке түскен көркем фотосы жіберілуі тиіс.

Ұйымдастырушылар 2015 жылғы 10 қарашадан кейін түскен, сондай-ақ талаптарға сәйкес келмейтін байқау материалдарын іріктеп, таңдауға құқылы.

Байқау жұмыстары ережеге сәйкес 2015 жылғы 9 қарашаға дейін lingvo@ tilortalyk.kz электрондық поштасына қабылданады.

Байқауда жеңімпаз атанған азаматтар қаржылай сыйақымен марапатталады.


Ұйымдастырушылар алқасының мекенжайы:
Қазақстан Республикасы 010000

Астана қаласы

Сауран көшесі 7А

1 қабат, 6-кабинет.

Тел.: 8(7172) 40-83-93

Ұялы тел.: 8 701 915 67 76;



lingvo@ tilortalyk.kz электрондық поштасы
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу