Жоспар: Кіріспе Бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру және сабақтың құрылысы


Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі



бет2/2
Дата27.02.2022
өлшемі24,63 Kb.
#133534
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Бейнелеу

Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі
Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны қазақ халқының, сонымен қатар басқа да туысқан халықтардың дәстүрлі тарихи өнерімен танысып, олардың көркем безендірілу техналогиясын меңгеруге және әр түрлі материалдар пайдаланып көркем құрастыру, безендіру, жапсырмалау, көркем бүктеу, дизайн жасау жұмыстарына негізделген.
Бұл жұмыстар оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қиялын дамытып, ұлттық өнерге қызығушылық пен сүйіспеншілік көзқарасын қалыптастырады. Өзін қоршаған ортаны эстетикалы қабылдап қана қоймай, оны өз қолынан шығармашылық тұрғыда ұйымдастырып жасауға дағдыланады. Осы уақытқа дейін дәстүрлі бейнелеу өнеріне оқыту да көп орын алмай келген қағаздан көркем бүктеу (оригами), жапсырмалау (опликация, коллаж), өсімдік жапырақтарынан, гүлден композиция құрастыру (икебана), түрлі-түсті бояулармен матаны безендіру, бейнелеу (батик) жұмыстарымен танысып, олардың жасалу ереже заңдылықтарын меңгереді. 
Бұл жұмыстар баланың жеке басы тұлғасын қалыптастырып, жан-жақты тәрбие берудегі бейнелеу өнерінің мүкіндік аясын кеңейте түседі. Сонымен қатар оқушылар бейнелеу өнерінің күнделікті өмір салтымызда, тұрмысымызда, өндірісте үлкен орын алатындығын сезінеді.
Әр істің маманы өз жұмысын көркемдік, шығармашылық тұрғыда орындау үшін бейнелеу өнерімен соның ішінде көркем құрастыру, дизайн өнері мен ұштастыра білу керектігін түсінеді.
Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында оқушылар сәндік қолөнер түрлерімен: ағаш өндеу, металл өндеу, тері өндеу, тоқымашылқ өнерлерімен танысып, осы аталған қол өнерінің көркемдік негізі болып табылатын ұлттық ою-өрнектерге, олардың шығу тарихына, мән-мағынасына байланысты бірнеше топтарға бөлінетіндегі жөнінде мәлімет алады.
Бұл сабақтарда жергілікті сәндік қолөнерін және оған байланысты ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану оқушылардың бойында отаншылдық сезімді оятып, өз ұлтының өнерін мақтанышпен қабылдайды. Ұлттық қолөнер шеберлерінің еңбегіне құрметті көзқарасы қалыптасады.
Бастауыш сыныптардағы сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында оқушылар безендіру, өрнек композициясын жасаудағы симметрия, асимметрия, ырғақ (ритм), бояулар үндестігі жөнінде мағлұмат алады. Осы заңдылықтарды алға қоя отырып өздіктерінен көкөніс, жапырақтарды, гүл күлтелерін, әр түрлі нышандық белгілерді пайдаланып жолақтың, шаршының, шеңбердің үшбұрыштың ішіне композициялар жасайды, бұйымдарды безендіреді. 
Осындай жұмыстар барысында оқушылардың ой-өрісі, әсемдік талғамы дамиды.
Бұл сабақтарда мұғалім әңгімеленетін қолөнер туындысын тек фотосуреттен немесе иллюстрациялардан көрсетіп қана қоймай, сол туындыны шынайы түпнұсқадан көрсеткені жөн. Безендіру ерекшелігі атауының мазмұнын оқушыларға ашып көрсету олардың келесі көретін ою-өрнектерге қызығушылығын оятып, сол белгілердің кездейсоқ алынбағандығын түсінуге жетелейді. Сабақты тарихи-өлкетану мұражайларына экскурсия жасап, ондағы ұлттық қолөнер жәдігерлерінің аса құрметпен сақтаулы тұрғандығын әңгімелеп өткізсе нәтижелі болады.
1 сыныптағы сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтары қарапайым өзіндік жапырақтарынан үлгіге қарап шаршының немесе жолақтың ішіне өрнек құрастырудан басталады. Үлгі ретінде бірнеше бір-біріне пішіні жағынан ұқсамайтын жапырақтар қойылып, оларды симметриялы, белгілі бір өзіндік ырғақпен орналастырып, түстік үйлесімін оқушылардың өздігінен тауып бейнелеу тапсырылады.
Сонымен қатар, осы сынып бағдарламасында қағаздан, әр түрлі табиғи материалдардан, жылтыр жұқа фольгадан бүктеп, қиып, безендіру жұмыстары қарастырылады.
Дайын болған жұмысты безендіруге мұғалім бірнеше қарапайым ою үлгілерін ұсынғаны жөн, ол жекелеген оқушылардң өз мүмкіндік деңгейінде жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Сол секілді «Анамызға сыйлық жасаймыз» тақырыбындағы сабақта машықтық жұмысқа әр түрлі бейнелеу материалдары мен (түрлі-түсті қағаз, акварель, гуашь т.б.) сыйлық жасау үлгілері көрсетіліп, жұмыс мазмұын таңдап алу оқушылардың өздеріне қалдырылады. Жұмыс барысында тазалық, қауіпсіздік ережелерінің үнемі сақталуын қадағалап, ұқыптылыққа мән берілуі тиіс.
2 сыныпта «Қағаздан шахмат фигураларын құрастырайық», «Қағаздан қорапша құрастырайық» немесе «Қағаздан маска құрастырайық» деген тақырыптағы сабақтар құрастырылады. Бұл сабақтарда мұғалім бұйым жиегін шаблондар арқылы белгілеп, оқушыларға бұйымды шығармашылық тұрғыда безендіру жұмыстары міндеттеледі. Бұл безендіру жұмыстарында тепе-теңдік, түстік шешім, үндестік қағидалары сақталып, қылқаламмен бояу кезінде белгіленген өрнек жиегінен шығарып жібермей тегіс бояу талап етіледі.
«Жануарлар өрнегі» тақырыбында ою-өрнектердің мән-мағынасын, атауына қарай төрт топқа бөлінетіндігі жөнінде айтылып, жануар тектес өрнек элементтерінен жолақ ішінен өрнек құрастыру тапсырылады. Жолақ ішінен өрнектелген оюлар мен сәндік қолөнерге ыдыс-аяқ ернеулері, киім-кешектердің етек жендері, төсеніш, түс киіздердің жиектері безендіріетіндігі көрнекіліктер арқылы көрсетіліп әңгімеленеді.
Оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастырып дамытуда тірі гүлдерден немесе кепкен гүл келтелерінен, ағаш жапырақтарынан композиция құрап, икебана жасау өнерінің де рөлі зор. Ол эстетикалық тәрбиемен қатар табиғатты қорғауға, сүюге де тәрбиелейді. Бұл сабаққа алдын ала табаға материалдар жинақтап кептіріліп, тазартылып дайындалады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет