Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Осы сәт неге екенін білмеймін, мейірімге балқысам керек, көңілім босап кетті. Сол бұрылған қалпыммен есіктен шықтым. «Қош болыңыз аға, жақсылықпен көріселік!»



бет266/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   271
Осы сәт неге екенін білмеймін, мейірімге балқысам керек, көңілім босап кетті. Сол бұрылған қалпыммен есіктен шықтым. «Қош болыңыз аға, жақсылықпен көріселік!»

Қалың жаңбыр астында жүгіріп барып, машинаға отырдым. Жауырынымда аға алақанының жылуы.

Шофер заулатып берді. Енді бір жарты сағатта Сельвинскийдің дачасына тоқтадық. Сырқат ақын төсектен басын көтеріп, қолымды алды да, Мұхаңның сәлемін айтқанымда орнынан қозғалды. «Вирта Яковлевна, машина дайындат. Мұхтар Омархановичке барып, көңілін сұралық». Бәйбішесі дауыстап жіберді. «Жарқыным-ау, әлгіде ғана дәрігерің басынды көтерме деді ғой». Ақын лажсыз төсекке сүйенді. «Ендеше сен бар. Ертең операция болады екен. Менің сәлемімді тапсыр».

Ұлағатты ірі адамдардың мінез-әрекеттері де ірі келеді-ау. Түтеген жаңбыр ішінде бәйбішесін Кунцовоға қуды. Мен де парызымды өтеп «Москваға» оралдым. Сол жолы қадірменді екі ағамен де бір жолата қоштасқаным ба? Жоқ, мүмкін емес. Көз алдымда Мұхаң бейнесі. Ол алақанымды қысқан күйі жып-жылы ғана күліп тұр. Жауырынымда мейірімді алақан жылуы. Жоқ-жоқ, өзгеше болуы мүмкін емес. Ол әрқашан да ортамызда. Ол әр дәуірмен, әр буын, әр ұрпақ, бүкіл келешекпен тұстас!..».

Ендігі соңғы «қошы» айтылмай қалған, аманаты мен өсиеті – елі мен жеріне, Шыңғыстауы мен Бөрліге арналды. Ол 25-маусым күні Қарауылдағы қаламгер інісі Кәмен Оразалинге:



«Қымбатты Кәмеке! Мынау Мұрат менің туған балам. Москва университетінде оқиды. Қазір жазғы (демалыста) Семейге, содан ары Абай ауданына – әкесі туған жерді, елді көруге бара жатыр. Өзіне: саған, Балташқа бар – дедім. Осыны – ауданды аралатып, елді, жерді көрсетіп таныстыруға өзің бар, көмек етулеріңді сұраймын. Мен аурып Москвада жатырмын, жайымды Мұрат айтар. Өзіңе көп-көп сәлем. Елдегі бар ағайынға мол сәлем. Мұхтар Әуезов»,– деп елге соңғы сәлемін жолдады.

Осы «бар ағайынға мол сәлем!» – дегеннің астарында «Абай жолындағы» Абайдың өлімі суреттелетін тұстағы:



«Не жазып ем, не сұмдық, не зұлымдық етіп ем?!. Біттім, міне, тек көк аспан куәм едің, сенен ғана сұраймын. Сорымның да куәсі, көгерген, гүл атқан шағымның да куәсі сен едің – кең көк аспан!.. Сен ғана бір айтшы... Мен өлейін, бірақ сол сан жылдарда сенің желдерің қуып әкеткен гүлдерім, дәндерімнен ұрпақ, нәсіл қалар ма?! Шанда біреу, санда бір сайда болса да, жас жапырағын көкке созып, гүл жемісін жер жүзіне берер ме?! Әлде бір-бір өлкеде, тағы да бір замандарда сол гүлдердің бір тобынан саялы тоғай, мәуелі бақ өсер ме!.. Бұтақтарында өнген-өскенді мадақтап құмыр бұлбұл сайрар ма! Саясында жас өмір, жаңа дәурен мекендер ме!,– деп, өзімен-өзі шын ұлы бір шабыт, ақын шабытымен шарықтап бір барды да, содан соң үні өшті»,– деген арманды толғауы жатыр еді.

Оның өзі де бір кезде Шыңғыс пен Бөрліге қарап тұрып: «Қош!», – деп қоштасқаны бар еді.

Мұхтар Әуезовпен соңғы бақұлдасқан адам – оның балалықтан басталған ғұмырлық досы ұлы тұлға Қаныш Сәтбаев болды.

Ш.Шокин: «...Алпыс бірінші жылы Мәскеуде ғылыми қызметкерлердің бүкілодақтық кеңесі өтті. Мұхаң Кунцевода, қала сыртындағы Кремль ауруханасында жатты. Келесі күні біз, Қаныш Имантайұлы екеуміз, жазушының көңілін сұрауға бардық. Аурухананың жылжымалы қақпасы тек үкімет «шағалаларына» ғана ашылады екен. Біздің қара ГАЗ-21 пропуск бюросының алдына келіп тоқтады. Сәтбаев депутаттық куәлігін көрсетті, күзетші оған тәжім етіп, кіргізіп жіберді, мен машина қасында академикті күтіп қалдым. Темір қораның ішінде қарағай орманы шулайды, аурухана корпусының биік үйлері қалың ағаштан көрінбейді, «Кремлевка» орасан зор аумақты алып жатыр. Күзетші менің қасыма келді. Сөйлестік. Милицияның жасамыстау келген отставкадағы офицері осынау жауапты қора қосындағы қызметіне разы сияқты. Қақпа алдындағы аллеядан Қаныш Имантайұлының қарасы көрінгенше, ол маған Кремль ауруханасының жоғары мәртебелі пациенттерінің өмірі жөнінен көп нәрсені айтып үлгірді. Сәтбаев Әуезовтің хал-жағдайын тәуір деген бір сөзбен жеткізді».

27-маусым. Мұхтардың киесі көз алдына елестеткен Қазақстанның мерекесі күні. Соны санасымен түйсінген әулиелік аян-елесі дәл келді.

«Бір күйге сайған жаңағы жұмбақ жай, оның ең соңғы деміне дейін ой, қиялынан, көз алдынан кеткен жоқ. Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық заман ішінде ұлы жан дүниеден көшті. Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңінде (Ал сіздер: Қазақстанның мерей тойын өткізген күні – деп оқыңыздар – Т.Ж.) Абай қаза тапты. Ұлы кеуденің ыстық демі тоқталды. Шөл даланы жарып аққан дариядай, игілік өмір үзілді. Сонау бір шақта тасты тақыр, жалтыр биік басына жалғыз шыққан зәулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай өтті».

Өмірден Мұхтар да өтті.

1961 жылы 27-маусым күні Москва қаласындағы Кунцево ауруханасының операция столында ұлы жүрек соғуын тоқтатты.

Сол сәтте Мұхтардың бауыр басқан ұясында – жазушылар той тойлап, бірінен бірі теңеуін асырып тост көтерісіп жатты.

Н.Анов: «1961 жылдың июнь айында Қазақстан Советтік Социалистік Республикасының қырық жылдығын тойлап жатты. Мерекелік салтанатқа қатысу үшін Алматыға Леонид Соболев те келген болатын. Республиканың Жазушылар Одағы 27-июньде оның келу құрметіне шағын ғана арнаулы банкет ұйымдастырған еді. Бәріміз де сонда отырғанбыз. Ал, Мұхтар Омарханұлы бұл кезде Москвада болатын. Оған күрделі операция жасалмақшы. Әдетте, мұндай банкеттерде болатыны сияқты, әралуан сөздер сөйленіп, тост көтеріліп жатты. Менің қатарымда жас жазушы Әнуар Әлімжанов бар. Ол жүзі боп-боз болып, өз-өзінен ренжіп, еш нәрсе де ішпей-жемей отырды. Бір уақта ол сәл еңкейді де, менің құлағыма сыбырлап:

Мен енді бұдан әрі шыдай алар емеспін, деді. Біз мұнда суырылып сөйлеп, рахаттанып арақ ішіп, мәз-мейрам боп отырмыз, ал Мұхтар Әуезовтің енді бізге жоқтығы ешкімнің де қаперіне кіріп-шығар емес.

Жоғы қалай?

Операция қайғылы аяқталыпты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет