Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Кейіпкерлер жақсы көрінген



бет49/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   271
Кейіпкерлер жақсы көрінген.

Кененің ақыл-айласы таусылып, тұйыққа, жарға қамалған жері көрінгендіктен, ақыл-ой, айла-амалының еркіндеп, өршіп тұрған кезі көрінбегендіктен Кене кейпі түгел көріне алмай тұр ғой деп ойлаймын. Бұл әрине қозғалыстың өрісімен байланысты ғой.

Інісі, қарындасы, батырларының кейпі жақсы көрінген. Пугачеев пен Кенесары қозғалысы бір-біріне ұқсас емес болса да, сондағы қозғалыстың басталып, өсіп-өнуін жазған әдісі маған аса ұнайды.

Қысқаша айтқанда пьесаны толықтандыру керек. Бұл пьесаның тақырып жағынан тарихи маңызы, күштілік жағынан орыны үлкен ғой. Сөз жоқ жақсы жазылған. Әзірше осымен тоқтап, өз ойымды ауызша айтқанда толықтырып айтармын. Рахымжан. 16. ХІ-33»,– деп білдіріпті.

Алғауы басым бұл тілектің де көңіл жұбатқаны анық. Сахнаға қойылысымен сол кездегі Мирзоянның басты идеологиялық кеңесшісі Ғ.Мүсірепов бірінші хатшыға «Хан Кененің» саяси тұрғыдан қауіпті туынды екендігі туралы «Жабық хат» жолдады. Сонымен қатар әуелі С.Сейфуллиннің, содан кейін Ғ.Мүсіреповтің «Хан Кене» туралы мақалалары «Социалады Қазақстан» газетіне жарияланды. Оған І.Жансүгіров те қосылды. Сөйтіп, соңы дауға ұласып, «Хан Кене» сахнадан мүлдем алынып тасталды. 1.

9.

Шығармашылық көркем ойдың түлеуі мен тұтастығы алғаш рет 1934 жылы 17-тамызда ашылған жазушылардың Бүкілодақтық тұңғыш съезінде ашық айтылды. Мұнда бірінші рет партияда жоқ жазушылардың мүддесін қорғап, олардың еңбегіне лайықты баға берілді. Олардың шығармашылық істен шеттетіліп келгені, түрлі таптардың тегіне қарап қасақана сыртқа қақпайлағаны қатты сыналды. Көркемдік тәсілдерді, оқиға тартысындағы адамдық факторды, түрлі формалық құбылтуларды мойындамай, жағымды-жағымсыз кейіпкерлердің арасын қара сызықпен бөліп тастаған «тапшылдықты» желеу етудің нәтижесінде 1926-19З4 жылдардың арасында әдебиет деңгейінің күрт құлдырап, сұрқай кітаптардың шығуына әкеп соқтырғанын сынай келіп баяндамашы Максим Горький:



«Осыдан екі жыл бұрын әдебиеттің сапалық өсуіне назар аударған Иосиф Сталин жазушы коммунистерге: «Көркем жазуды партияда жоқ қаламгерлерден үйреніңдер»,– деген еді. Коммунист қаламгерлердің партияда жоқ қаламгерлерден не үйреніп, не қойғанына тоқталмай-ақ қояйын, бірақ партияда жоқтар пролертариатша ойлай білуді жаман меңгерген жоқ… Бұдан былай «партияда жоқ әдебиетші» деген ұғымның тек шартты түрде ғана айтылуына осы съезд шешімі анық көз жеткізді, олардың әрқайсысы өздерін бар ішкі жан дүниесімен партияда жоқ әдебиетшілердің ары мен жұмысына дер кезінде сондай ғажап сенім артып, Бүкілодақтық съезге қатысуға рұқсат берген лениндік партияның мүшесімін деп есептейді»,– деп мінбеден атап айтты.

Осы бір сенімсіздік көптеген тәжірибелі жазушылардың тағдырына кері әсерін тигізіп, оларды қоғам өмірінен бөліп тастап, күдікпен күнелтуіне әкеп соққызып еді. Оларды кез келген уақытта, кез келген жерде, кез келген мақалада сынауға болатын және қандай пікір айтса да өзін-өзі қорғай алмайтын, сондықтан еріксіз келісуге мәжбүр ететін, еріксізден еріксіз «тартыншақ жазушы» атанатын.

Жазушылар сол күдікті сылып тастады. Бұдан былайғы әдеби топшылдықтың бәрін де ысырып, тек коллективті шығармашылық мақсат жолында бірігуді ұсынды. Максим Горький:

«– Жазушылардың съезі не үшін ұйымдастырылды және болашақ одағымыз алдына қандай мақсат қойып отыр? Осыған жауап беріңіздерші. Егер де әдебиетшілердің тек қана кәсіби мүддесін ойлайды десеңіздер қателесесіздер, онда осыншама тер төгіп, өрісімізді кеңейтіп қажеті жоқ еді. Менің ойымша, одақ тек әдебиетшілердің жекелеген кәсіби мүддесін қорғаумен қанағаттанбау керек, бүкіл әдебиеттің мүддесін ойлауы тиіс.Мен сіздерді жолдастар, бір-біріңнен үйренуге шақырам — ойлай білуді, еңбектенуді үйреніңдер, майдан даласындағы жауынгерлер бір-бірін қалай бағаласа, сіздер де бір-біріңізді сыйлап, бағалай білуді үйреніңіздер, тарихтың өзі сіздерді ескі дүниемен аяусыз күреске шақырып тұрған кезде, түкке тұрғысыз ұсақ-түйекке бола бар күштеріңізді босқа сарп етіп, өзара қырқысқандарыңызды қойыңыздар»,– деп мүлдем тың бағыт берді.

Ыдыраған күштердің басын біріктіріп, олардың барлық қуат-күшін бір мақсатқа – көркем әдебиеттің деңгейін көтеріп, беделін асыруға жұмылдырды. Жікшілдікке, өзара шеттетілушілік пен жікшілдікке тыйым салынды. Ұлттық әдебиет қақында: «Бізге одақтық республикалардың өткен тарихын білу керек»,– деді Горький. Бұл: төнкерістен бұрынғы тақырыпты қозғаған тарихи шығармалардың қажеті жоқ, бізге жат деген үғымның қате екендігіне тойтарыс беру еді. Шығармашылық мүмкіндігін толық көрсете алмай, Абай туралы романына іштей дайындалса да батыл кірісуге батылы жетпей жүрген Мұхтар съездің «ұраны мен аңғарынан» қанаттанып, тың күш қосьш, өз күшіне өзі сеніп, мақсатының орындалуына мүмкіндік туғанына қатты әсерленіп, шабыты шалқып қайтты.

Тың аңғар – әдебиеттің тарихы, көркем шығармаларға қойылатын талаппен, оған берілген бағалар туралы сыңаржақ пікірді қайта қарауға мәжбүр етті. Қателіктер қалпына келтірілді. Мұхтардың да жиырмасыншы жылдардағы шығармалары қайтадан санатқа қосылып, «Ескілік көлеңкесінде» деген атпен барлығынын басы біріктіріліп, жеке кітап боп шықты. Оған іле күн тақырыбына арналған әңгімелерінің басын құраған «Тастүлек» жинағы басылды. Бір жылда қос кітаптың жарық көруі үлкен әсер етті. «Сөз түзелді, жазушы сен де түзел» деп шарт қойды. Ол қанатты көңілімен:

«Одақ әдебиетінің биылғы жылы ерекше жыл болды. Өзіміз де жүрдік, көрдік. Ой-сезімімізді жел желпіп, күн еміренткендей. Дәл бүгінгі күннің құлақ күйіне барлық ішек-пернемен әзірленген сияқтысың. Көрген мен сезгеннің бәрін терінейік, іріктеп екшейік. Роман боларлық адамдарымыз бірлі-жарым, бесті-онды ғана емес. Бірі ілгері, бірі кейін болғанымен, барлық қауымымыз сонау үлкен Мәскеудей, қайта туу, шын түлеудің дәуірінде. Ендеше, аңғар, бағыт белгілеуден соңғы екінші үлкен түйін – осы өмір материалына батыл араласып, молынан алу шарт. Бұрынғы жазушылар ісінің жеңілдігі осы жерде тайқи соғып, шет пұшпақтау болса, біздің міндеттің қызықтығы да, қиындығы да бата кіріп, әрі кең, әрі терең қармануда, сапа түбі осыдан шықпаққа керек. Үлкен әдебиет болатын үлкен прозаны осы сарынмен іздесе дейміз. Сонда ғана біздің қазақ әдебиеті жалпы одақ әдебиетінің көлемінде қойылып отырған ұлы табыс міндеттеріің шебіне араласады. Кенжелемей, шабандамай жай ғана Қазақстанның сыртқы суреттерін ғана көрсететін этнографиялық әдебиетші болмай, тең түсетін әдебиет болуын проблема қып қойсақ болады. Мұрат қылатынымыз – осындай табыс»,– деп серпіле қалам тербеді.

Қаламгерлердің құрылтайы қақындағы «Социалды Қазақстанның» 1934 жылғы 29-қазандағы «үзінділерінде» («интервьюінде – Т.Ж.) тұңғыш рет болашақ «Абай жолы» эпопеясын жазуды қолға алғандығын емеурін ретінде білдіреді. Оның өзінде ашып айтпайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет