Түсіндірме хат



бет5/6
Дата04.02.2020
өлшемі110,85 Kb.
#57149
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сайыс саб0, 1536818841



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: құстарды бейнелеп салуды біледі;

Нені игерді: сюжетті композиция құрастыруды игерді;

Нені біледі: құстар туралы жұмбақтар, өлеңдерді жатқа біледі.
Технологиялық картаны толтырған:
Технологиялық картаны тексерген:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Жаңбыр

Мақсаты: Шығарманы оқып беру, мазмұнын түсіндіру. Балаларды кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. «Жаңбырдың» суретін саусақ арқылы салу.

Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру.

Билингвалды компонент: жаңбыр-дождь

Көрнекіліктер: жаңбыр бейнеленген суреттер, қағаз, гуашь, қылқалам, қарындаштар, су, қолорамалдар.


Іс- әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Алдын ала құстар бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізу.

Балалардың қызығушылықтары артады.


Ұйымдастырушылық-ізденістік


Шаттық шеңбер:
Табиғатқа қамқор боп,
Байлығын біз қорғайық.
Әдепті де, тәртіпті боп,
Жақсылығын қолдайық.

Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізіледі:
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.
Жылдың үш мезгілінде де жаңбыр жауады. Өздеріңде білесіңдер көктем мен күзде жаңбыр жиі-жиі жауады. Жаңбырдың мынандай түрлері болады, ақжауын, нөсер жауын, өткінші жауын. Ақжауын тоқтаусыз жауатын жаңбыр. Нөсер жауын құйып жауады. Өткінші жауын күн шығып тұрады, соның өзінде жауын жауып өтеді.
Бүгін біз жаңбыр тамшысының суретін көк түсті гуашь бояуымен саламыз. Ең алдымен бояуға саусағымызды малып, қағаз бетіне бастырамыз.
Сергіту сәті:

Боран соқты гу-гу,

Найзағай жарқылдады топ-топ,


Жаңбыр жауды тырс-тырс,
Күн ашылды.
Балалардың жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, қиналған балаларға көмек көрсетеді.

Өлең жолдарымен қимыл көрсетеді.


Балалардың

жауаптары

тыңдалады.


Жаңбырдың суретін салу ретімен танысады.


Қимылмен көрсетеді.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың ең жақсы, таза, ұқыпты орындалған суреттеріне назар аударып, сипаттама беру.

Балалар салған суреттеріне сипаттама береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: жаңбырды бейнелеп салуды біледі;

Нені игерді: сюжетті композиция құрастыруды игерді;

Нені біледі: жаңбыр туралы жұмбақтар, өлеңдерді жатқа біледі.

Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Шалғын шөптер

Мақсаты: Балаларға шөптер туралы әңгіме оқып беру арқылы, білгендерін жетілдіру. Шөпті ақ қағазға жұлмалау әдісі арқылы жапсыру.

Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру.

Билингвалды компонент: шөп-трава

Сөздік жұмыс: шалғын

Көрнекіліктер: шалғын шөп бейнеленген суреттер, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім

Іс- әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Алдын ала тақырыптық сурет арқылы жұмыс жүргізу.

Балалардың қызығушылықтары артады.


Ұйымдастырушылық-ізденістік


Шаттық шеңбер:
Табиғатқа қамқор боп,
Байлығын біз қорғайық.
Әдепті де, тәртіпті боп,
Жақсылығын қолдайық.

Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізіледі:
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.
Балалар келіңдер терезенің тұсына, айналаға көз жүгіртіңдерші. Айнала жап-жасыл шалғын шөптерімен жайқалып тұр. Шалғын шөптердің пайдасы жерден шаң көтерілгенде өздеріне шаңды жұтып, ауаны тазартып тұрады.

Қане, балалар енді біз «Шалғын шөптердің» суретін саламыз.


Шөпті ақ қағазға жасыл түсті қағаздан жұлмалау әдісі арқылы желіммен жапсырамыз.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар,
Үп-үлкен болып өседі.


Балалардың жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, қиналған балаларға көмек көрсетеді.

Өлең жолдарымен қимыл көрсетеді.

Балалардың

жауаптары

тыңдалады.

Балалар терезеден қарап, айналаға көз жүгіртеді.


Жасыл түсті қағазды жырту әдісі арқылы ақ қағазға шалған шөптің бейнесін жапсырамыз.
Қимылмен көрсетеді.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың ең жақсы, таза, ұқыпты орындалған суреттеріне назар аударып, сипаттама беру.

Балалар салған суреттеріне сипаттама береді.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: шалғын шөпті бейнелеп салуды біледі;

Нені игерді: сюжетті композиция құрастыруды игерді;

Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.

Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Жайлауда

Мақсаты: Балаларға «Жайлау» туралы әңгімелеп, мазмұндау. Жайлаудың бейнесін әр түрлі заттардан бейнелеп жасау.

Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру.

Билингвалды компонент: жайлау-джайлау

Сөздік жұмыс: шалғын

Көрнекіліктер: жайлау бейнеленген сурет.

Іс- әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Алдын ала тақырыптық сурет арқылы жұмыс жүргізу.

Балалардың қызығушылықтары артады.


Ұйымдастырушылық-ізденістік


Шаттық шеңбер:
Жайқалып жапырақ,
Құлпырып қызғалдақ,
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақ.

Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізіледі:
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.
Жұмбақ:

Күндер ысып, шөп пісіп,

Ел пішенін орады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Жазда)
Жаз мезгілі ең қызықты кезең. Жазда күн ыстық болады. Балалар жазғы демалысқа шығады, суға шомылып, демалатын орындарға барады, кейбір балалар жайлауға ата-әжелеріне барады. Жайлаудың шөбі шалғын, ауасы өте таза және салқын болады.
Бүгін жайлауды қол еңбегі арқылы әртүрлі табиғи және керексіз және түрлі түсті картонмен бейнелеп жасаймыз.

Жұмыстың орындалу ретімен таныстырып өтемін, мұқият тыңдаңдар.


Сергіту сәті:
Жаз келіпті дегенше,
Алма пісті дегейсің.
Бағымызда ендеше
Алма тарту көбейсін.
Жаз келіпті дегенше,
Қарбыз пісті дегейсің,
Бақшамызда ендеше
Қарбыз жинау көбейсін.

Балалардың жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, қиналған балаларға көмек көрсетеді.


Өлең жолдарымен қимыл көрсетеді.

Балалардың

жауаптары

тыңдалады.

Шешуін табу, есте сақтау.

Балалар жұмысқа кірісіп кетеді.

Қимылмен көрсетеді.



Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың ең жақсы, таза, ұқыпты орындалған суреттеріне назар аударып, сипаттама беру.

Балалар салған суреттеріне сипаттама береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: жайлауды бейнелеп салуды біледі;

Нені игерді: сюжетті композиция құрастыруды игерді;

Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Технологиялық картаны толтырған:
Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Көрме ұйымдастыру

Мақсаты: Жыл бойы жақсы жасалған жұмыстардан ата-аналарға арнап көрме ұйымдастыру.

Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру.:

Көрнекіліктер: жайлау бейнеленген сурет.

Іс- әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Алдын ала тақырыптық сурет арқылы жұмыс жүргізу.

Балалардың қызығушылықтары артады.


Ұйымдастырушылық-ізденістік


Шаттық шеңбер:
Жайқалып жапырақ,
Құлпырып қызғалдақ,
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақ.

Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізіледі:
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.
Жыл бойы қандай қол еңбегін жасадық? Ең бірінші «Ұшақ», «Аққулар», «Сиыр», «Паравоз», «Әтеш пен бақа», «Алтын балық», «Қайық», «Қашқаргүл», «Арыстан», «Аққала», «Үйрек», «Түймедақ», «Қысқы киім», «Тасбақаның суретін саламыз», «Досыма сыйлық», «Қалампыр», «Тату жанұя», «Қоңырау гүлдер», «Молшылық, береке», «Бақа», «Қаздың балапаны», «Бақ-бақ», «Балықтар», «Анамызға сыйлық», «Гүлдер әлемі», «Орманда», «Көлде жүзгенаққу», «Қайықша», «Қонжық», «Алқаптағы гүлдер»

«Құстар», «Жаңбыр», «Шалғын шөптер».

Осы жасаған жұмыстарымыздан ата-аналарға көрме ұйымдастырамыз.
Сергіту сәті:
Жаз келіпті дегенше,
Алма пісті дегейсің.
Бағымызда ендеше
Алма тарту көбейсін.
Жаз келіпті дегенше,
Қарбыз пісті дегейсің,
Бақшамызда ендеше
Қарбыз жинау көбейсін.

Балалардың жұмыстарының ордалу барысын қадағалап, қиналған балаларға көмек көрсетеді.


Өлең жолдарымен қимыл көрсетеді.

Балалардың

жауаптары

тыңдалады.

Шешуін табу, есте сақтау.

Балалар жұмысқа кірісіп кетеді.

Қимылмен көрсетеді.



Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың ең жақсы, таза, ұқыпты орындалған суреттеріне назар аударып, сипаттама беру.

Балалар салған суреттеріне сипаттама береді.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: жайлауды бейнелеп салуды біледі;

Нені игерді: сюжетті композиция құрастыруды игерді;

Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.

Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Бірге ойнайық!

Тақырыбы: Заттарды топта

Мақсаты: Суретке қарап ойлау қабілетін дамыту. Заттарды топтауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, бекіту.

Билингвалды компонент: ұяшық – ячейка

Сөздік жұмыс: топтау, ұяшық.

Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар


Іс- әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Балалар тақтадағы суретке назар аударайық. Кестені толтыру үшін жапсырма қағаз таңдап алу керек.

Суретке көңіл бөлу

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Шаттық шеңбері:

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық

Алақанға салайық.

Күннен қуат алайық

Алақанға салайық.

Күш шуағын ,

Апайларға сыйлайық.

Балалар, олай берілген тапсырманы мұқият тыңдаймыз.

Балалар қай үстелде ойнап отыр, қай үстелде цифрлармен жұмыс істеп отыр?

-Олар нешеу, қайсылары көп?

-Неше орындық?

-Неше парта?

Келесі тапсырма кестені толтыру,

-алдымен ұяшықта неше нүкте барын анықта. Содан кейін суреттен заттардың осынша санын тап. Бір, екі, үш және адамы бар суретті таңда. Енді ұяшыққа орналыстыр.

«Ненің қайда орналасқанын тап» тапсырмасын орындайық.

Балалар өздеріңнің алдында, артында, оң және сол жағында, жоғарыда, төменде не орналасқанын анықтайды.


«Кім қайда тұрғанын тап» ойыны.

Менің қасыма 3 бала келіңдер, мені айнала қоршап тұрады. Қалған балалар әркімнің тұрған орнын анықтайды.

«Не өзгереді?» тапсырмасы.

Үстел үстінде бірнеше зат жатыр, балалар заттарға қарап естеріне

сақтап қалу керек, содан кейін көздерін жұмады, педагог заттардың орнын ауыстырып қояды. Балалар көздерін ашқаннан кейін қай заттың орны ауысқанын анықтайды.
Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай балалар,

Үп – үлкен боп өседі.


Шаттық шеңберін қимыл іс-әрекетпен орындайды.

Мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындауда

Қызығушылықпен ойнайды

Сергіту сәтін орындайды



Рефлексиялық-түзетушілік


Заттар тобын санау жаттығуларының сан туралы түсіндіңдер ғой. Бұдан былай санау бірлігі ретінде жеке деген заттармен қатар заттар тобы қолданылады. Осылайша бірлік жекеден оқшауланады.


Тапсырмаларын аяқтауда


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: заттарды салыстыру арқылы тапсырманы орындай

білу керек;



Нені игерді: тапсырманы орынадау арқылы;

Нені біледі: санау арқылы қанша, неше? Деген сұрақ қоя отырып,

дамытты.
Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Сиыр

Мақсаты: Балаларға сиыр және оның адам өміріндегі пайдасы туралы әңгімелеп,

тақпақ жаттату. Сиырдың суретін қарап салу. Балаларды көргенін өз беттерімен

суреттеуге үйрету.

Әдіс – тәсілдер:Түсіндіру, көрсету, бекіту.

Билингвальды компонент: сиыр – корова, тері – шкура, сүт – молоко, қаймақ - сметана

Сөздік жұмыс: Төрт түлік мал, ірі – қара мал.

Қолданатын көрнекі құралдар: Сиырдың суреті, түрлі – түсті бояулар мен ақ қағаз.


Іс-әрекет кезеңдері:

Педагогтің іс-әрекеті:

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық

Балалардың назарын тақтадағы суретке аудару.







Ұйымдастырушылық

кезеңі

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.


Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.

Жыл мезгілдеріне тоқталу.

Ай аттарын сұрау.

Апта күндерін атау.

Ауа райын бақылау.
Балаларға төрт түлік малдың өзіне тән ерекшеліктерін айтады. Соның ішінде ірі қара малдың бірі сиырды таныстырады. Сиыр өте момын және адамдарға пайдасы өте көп. Сиырдың сүтін ішеміз, етін жейміз, қаймағы мен майын жейміз. Терісінен былғары аяқ киімде, қыстық жылы киімдер тігіледі. Балалар жұмыстың орындалу барысын түсіндіріп өтейін. Мұқият тыңдаңдар!

1.Ақ қағазға сиырдың бейнесін жай қарындашпен саламыз.

2.Салған суретті акварель бояумен баяймыз.

3.Жұмысты таза орындап, аяқтаймыз.

4.Жұмыс орнын жинаймыз.

Ал балалар сендерге сәттілік тілеймін!

Сиырдың бейнесін тақтадағы суретке қарап ақ қағазға бейнесін саламыз.
Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бір отырып,

Бір тұрып.

Сәл тынығып алайық.




Балалар қимыл іс – әрекетпен орындайды.

Балалар жауап береді.

Балалар назар аударып тыңдайды.

Балалар қызығып орындайды.

Балалар қимыл іс – әрекетпен орындайды


Рефлексиялық түзетушілік

Балалар салған суреттерін көрмеге іледі. Балалардан сиырдың қасиетін сұрайды.

Сиырдың пайдасын сұрайды.




Балалар жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Төрт түлік малдың атауларын!

Нені игерді: Сиырдың суретін салуды.

Нені біледі: Ұқыпты таза сурет салуды.

Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс әрекеті: Өнерлі екен он саусақ.

Тақырыбы: Әтеш пен Бақа

Мақсаты: Балаларға қазақ ертегілерін оқып беру. Сол ертегілер арқылы батыр, шыншыл, ел қамын ойлайтын ақылды болып өсуге талаптандыру.

Әдіс – тәсілдер: Ертегі оқу, түсіндіру, сұрақ – жауап, бекіту.

Сөздік жұмыс: Айдары

Билингвальды компонент: әтеш –петух, бақа – лягушка, айдары - гребешок .

Қолданатын көрнекі құралдар: Әтеш пен бақаның суреттері, түрлі – түсті қағаз, қайшы, желім, қарындаш, орамал.

Іс-әрекет кезеңдері:

Педагогтің іс-әрекеті:

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық

Алдын – ала әтеш пен Бақаның суретімен жұмыс жүргізу.



Балалардың зейіні оянады.



Ұйымдастырушылық

кезеңі

Шаттық шеңбер

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы!
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.

Жыл мезгілдеріне тоқталу.

Ай аттарын сұрау.

Апта күндерін атау.

Ауа райын бақылау.
Жұмбақ:

Қызылдан киген киім,басқа қалпақ

Саусағы төртеу болған емес жалпақ.

Үстіне неше түрлі тон жамылып,

Басады мас адамша талтаң – талтаң.

(Әтеш)
Балаларға әтеш пен Бақа туралы ертегі оқып беру.

Ертегідегі батырлық, шыншылдық, ақылдылық туралы балаларға түсіндірді.

Әтеш үй құстарына жатады.

Түсі әр – түрлі болады.

Әтештің тауықтан айырмашылығы маңдайында қызыл айдары бар.

Бақаның түсі жасыл, көзі үлкен, ол сулы аймақтарда өмір сүреді.

Осы ертегідегі әтеш пен бақаның бейнесін қағаз бетіне жапсырайық.

Мен сендерге үлгі ретінде жасалу жолын көрсетіп, жапсыру жұмысын тиянақты орындау керек.Балаларға жабыстыру жолын көрсетеді.
Сергіту сәті

Дөңгелене тұрамыз

Керегені құрамыз.

Уықтар болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Достық үйін құрамыз.



Балалар іс – қимылдармен орындайды.

Балалар жауап береді.


Шешуін табады.

Ертегіні мұқият отырып тыңдайды.

Балалар қимыл іс – әрекеттермен орындайды.




Рефлексиялық түзетушілік

Дайын болған жұмыстарды талдау, және кішігірім көрме ұйымдастыру, қорытындылау.


Жасаған жұмыстарын көрмеге іледі.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Әтеш пен Бақа жайлы ертегіні

Нені игерді: Әтеш пен Бақаның түр – түсін игерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет